Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Мағжан Жұмабаев өмірі,шығармашылығы
Атырау облысы.Атырау қаласы
Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
Какимова Гүлмира
Сынып: 9 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев өмірі,шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Жыр пырағы – Мағжан туралы
деректер беру,
шығармалары туралы
түсініктер беру арқылы
жаңа тақырып бойынша
білімділіктерін қалып-
тастыру.
ә)дамытушылығы: Ақын шығармалары арқылы оқушылардың
әдебиетке деген таным-
біліктерін шыңдау.
б)тәрбиелілігі: Елін,жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап,екі жақты
күнделік,топ-
тастыру
Көрнекі құралдар: Ақын кітаптары,ақын суреті
Сабақтың құрылымы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа материалға тірек
болатын білім мен іс-
керлікті жаңғырту.
2.Жаңа сабақ / Хронологиялық
кесте бойынша
ақын өмірі,шығармашылығы
туралы айту/
3.Мағжан өлеңдерімен танысу
а) Мәнерлеп оқу
ә)Өлеңді құрылысына қарай
талдау,көркемде-
гіш құралдарды табу
б)Екі жақты күнделік
4.Қорытындылау
5. Үйге тапсырма,бағалау
Сабақтың барысы:
- Алғашқы көктем мерекесі,балалар! Алдымызда , көктем айларында көптеген
мерекелер жақын. Осыған орай сыныбымыздың ер балалары қыздарымызға жылы
лебіз, жақсы тілегімізді айтудан бастасақ...
- Қыздар,мерекелерің құтты болсын!
- Сіздерге тілейтінім,жақсы білім алып,үздік атану!
- Мен сіздерге болашақта еліміздің үлгілі азаматшасы болуларыңызға
тілектеспін.
-Сыныптас қыздар! Бәріңізге амандық,саулық тілеймін.Жұптарымыз
жазылмасын!
-Ал,енді оқушылар, бүгінгі сабағымызға назар аударалық.
Арыстанмын,айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын,маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?-
-Бұл өлең жолдарының авторы кім, қане, есімізге түсірелік.
-Мағжан Жұмабаев.
- Ендеше,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Мағжан Жұмабаев
өмірі,шығармашылығы.Дәптерімізді ашып,күннің жады мен тақырыпты
жазайық.
-Есімізге түсірелік, Мағжан кім?
Прозашы Аудармашы Ақын
Мағжан Абайдың
ізбасары
Лирик
Поэмашы
Бес арыстың бірі
-Өте жақсы,Мағжанның қандай өлеңдерін білеміз?
-«Түркістан», «Сорлы қазақ», «Қазағым», «Күз», «Толқын», «От»,т.б.
-Ендеше,оқушылар,мен сендерге Мағжан Жұмабаев өмір жолы мен
шығармашылығымен толығырақ таныстырып өтейін.
Өмірдерек кестесі
| Тарихи күн | Болған оқиғалар |
| 1893ж.25.06. |М.Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы,Булаев ауданы, |
| |Сасықкөл басында туған. |
|1909 ж. |Мағжан Абайдың Петербургте жарық көрген өлеңдерін |
| |оқып, содан сусындайды. |
|1910-1913жж. |Уфада Ғалия медресесінде оқиды. |
|1913-1917жж. |Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып,оны |
| |алтын медальмен үздік бітіреді. |
|1917-1923жж. |«Бостандық туы», «Ақжол», «Шолпан»газет-журналдарын- |
| |да жұмыс жасай жүріп,халық ағарту жұмысына белсене |
| |араласады. |
|1923-1926жж. |Мәскеуде көркем-әдебиет институтында оқиды. |
|1927-1929жж. |Бурабайда,одан соң Петропавлда оқытушылық қызметтер |
| |атқарады. |
|1912ж. |Қазан қаласында алғашқы «Шолпан»атты өлеңдер жинағы |
| |басылады. |
|1922ж. |Келесі өлеңдер жинағы Қазанда,Ташкенде басылады.Атақ- |
| |ты « Батыр Баян»дастаны дүниеге келеді. |
|1922-1923жж. |«Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жайы»|
|1925 ж. |еңбектері жарияланды. |
|1927 ж. |Қызылжар педагогикалық техникумы мен совет-партия |
| |мектебінде сабақ беріп жүреді |
|1929 ж. |Москвадағы Бутырка түрмесіне қамалады.Содан 10 жылға |
| |сотталып, Карелияда айдауда болады. |
|1935 ж. |М.Горькийге Мағжан хат жазып, ұлы жазушының көмегімен |
| |абақтыдан босайды. |
|1937ж.18.03 |С.Сейфуллиннің шақырумен Алматыға келеді.Бірақ |
| | |
|1937ж.30.12. |қайтадан тұтқынға түседі. Сөйтіп аяулы ақын сталинизм-|
| |нің құрбаны болады. |
| | |
Мағжанның әкесі Бекен мен анасы Гүлсімнен тараған 7 ұл мен 2 қыз да
қуғын-сүргінге ұшырайды.Олардың айыбы біреу ғана – олар Мағжанның
Іні-қарындастары болғандары үшін.
Қазіргі заманда Мағжаннан басқасының бәрінің де арттарында қалған
ұрпақтары бар.Ал Мағжан жасында мұғалімдер семинариясын бітірген-
нен кейін, Қызылжар қаласында тұратын Шоқан Тастеміров деген
кісінің қызымен ( Зейнеп ) қосылады. Бірақ 1-2 жылдан соң Зейнеп
қайтыс болады. Азамат соғысы заманына қатысты атын Граждан
деп қойған кішкентай нәрестесі де келесі жылы көз жұмады.Сол
жылдары ақын қаламынан жары мен ұлына арналған талай мұң мен
зарға толы өлеңдері дүниеге келеді.
- Мағжан Шығыс поэзиясы,Батыс,орыс әдебиеті және фольклор (халық
ауыз әдебиеті) арқылы сусындап, мол тәлім алды.
-Ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр енгізіп, соңына
шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын – Мағжан.
Ол 8-9 буынды жаңа өлшеу енгізді.
( Мағжан өлеңдері, поэмалары , прозасы туралы толық түсініктер бер
- Жаңа сабақ бойынша оқушылар сұрақтарына жауап беру.
Оқулықпен жұмыс.
- Ақын өлеңдерімен таныстыру.Мәнерлеп оқу.
- Өлеңдерін құрылысына қарай талдау. ( Тақтаға шығып орындату)
- Көркемдегіш құралдарды табу.( теңеу,эпитет,метафора)
Интерактивті тақтамен жұмыс .
- Алдын-ала жазылған кестені толтыру.
| Өзің таңдаған жолды оқу | Бұл үзіндіні неге |
| |таңдадың,себебі. |
| | |
- Оқулықтан тыс өлеңдер жинағын оқушыларға жатқа оқыту,талдау.
«Мағжан ілімі кімге бұйырады?» ойыны.
- Сіздерге ең бірінші сұрақ беріледі.Ол сұрақтың 3 түрлі жауабы
бар.Оның біреуі ғана дұрыс.Сіз ойынның қатысушысыз.Сізге
3 жеңілдік бар.Бірі – менен сұрау.Екіншісі – қатысып отырған
ұстаздардан сұрау.Үшіншісі – достарыңыздан сұрау.
1.Мағжан поэмасын атаңыз.
а) Манас батыр
ә)Батыр Баян
б)Ержүрек Темірұл
2.Мағжанның махаббат тақырыбындағы жыры.
а) Қайың
ә ) Қоңыр жыр
б) Айырылғанда
3. Мағжанға баға берген кім?
а) Абай
ә) М.Әуезов.
б) Ш.Құдайбердиев.
4.Мағжан қандай әдебиеттен сусындады?
а) Солтүстік,оңтүстік
ә)Батыс,шығыс
б)Америка,Англия
5.Бес арыстың бірін ата.
а) Ш.Уәлиханов.
ә)Ы.Алтынсарин.
б)М.Дулатов.
6.Мағжанның алғашқы ұстазы кім?
а) Ахметдин Ақанов
ә) Ғалымжан Ибрагимов
б)Мұхаметжан Бегішов
7.Мағжанның Абай өлеңдерімен сусындауы...
а) 1900 жыл
ә) 1902 жыл
б ) 1909 жыл
Қорытындылау.
- Оқушылар , Мағжан ақын ұстазы ұлы Абай екеуі де бір мәуелі
бәйтеректей. Қане , бәріміз қосылып Абайдың бір әнімен сабағымыз-
ды аяқтайық.
Үйге тапсырма,бағалау.
- М.Жұмабаевтың өлеңдерін жаттап келу.
- Ақын туралы мәнжазба дайындау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz