Физика өмірде

Қызылорда қаласы
№222 Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп
Физика информатика пәндерінің мұғалімі
Сары Гүлжан Амангелдіқызы
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Физика өмірде»
Мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін өмірде қолдана білуін
дағдыландыру. Пәнге қызығушылығы мен таным белсенділігін
арттыру.
Әдісі: Практикалық, демонстрациялық, сұрақ-жауап жарыстар.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, физикалық приборлар, компьютер, таратпа
материалдары, тәжірибеге керекті заттар;
Сабақтың барысы: 1 . Ұйымдастыру
2. Сәлемдесу. (Физика тілінде топтрдың сәлемдесуі)
3. Жорға кезеңі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. (әр дұрыс жауапқа 1
ұпай)
4. Бұл фокус емес, бұл - Физика! (Тәжірибе жасау)
5. Физика қиын, ашиды миың. (Көрермендерге физикалық сұрақтар)
6. Капитандар сайысы. (Әннің физикалық мағынасын ашу, формула
құрастыру)
7. Фантомимо. (Карточкада көрсетілген физикалық құбылыстарды
көрсет)
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден!
2-жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Баршаңызды «Физика өмірде» атты сайысқа қош келдіңіздер. Біз бүгін сайысымызды 8-9 сыныптар арасында жүргіземіз.
Сұрақпен сайысады үш команда
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамак
Сұрайық шығуларын жұрт алдына
Сайысушы топтарды ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Енді сіздерді ойын шартымен таныстырып өтейік:
2. Сәлемдесу. (Физика тілінде топтрдың сәлемдесуі)
3. Жорға кезеңі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. (әр дұрыс жауапқа 1
ұпай)
4. Бұл фокус емес, бұл - Физика! (Тәжірибе жасау)
5. Физика қиын, ашиды миың. (Көрермендерге физикалық сұрақтар)
6. Капитандар сайысы. (Әннің физикалық мағынасын ашу, формула
құрастыру)
7. Фантомимо. (Карточкада көрсетілген физикалық құбылыстарды
көрсет)
2-жүргізуші:
Армысыздар құрметті төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер
1-жүргізуші:
Кезек келіп өжеттеніп, сөз алыппын
Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн.
Тегіміз бір - батырақ та, бай да емес,
Емеспіз бе, азаматы қазақтың! - деп, әділқазы алқаларымен
таныстыру.
2-жүргізуші: I кезеңімізді бастайық. Мұнда бір топ өздерін таныстырады.
1. «Күш» тобының таныстыруы:
Бізідің ұран - Біз күшпіз тартамыз, тебеміз, әлемге тартылыс береміз, әділдік
жолына сенеміз!
- Біз күшпіз, сондықтан да жеңеміз!
2. «Заряд» тобының таныстыруы:
Қызық заңдар қайда, қиын теңдеу қайда
Оны шешер өжет жастар қайда?
Олар «заряд» тобында!
3. «Атом» тобының таныстыруы:
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалып айтпас
Өнері асқан дарынды.
Физиканың жолын қуған
Атом тобының атынан,
Қабылдаңыздар, шын жүректен
Сәлем сіздерге жалынды!
1-жүргізуші: II кезең жорға кезеңі.
«Күш» тобынан бастайық. Топ мүшелерін ортаға шақырамыз.
10 сұраққа жауап беруге дайынсыз ба?
1. Заттың сұйық күйден, қатты күйге өтуі? - (кристалдану, қатаю)
2. Тұтас алғанда атом заряды? - ( бейтарап)
3. Тоқ күшін өлшейтін құрал - (амперметр)
4. Қуаттың өлшем бірлігі - (Ватт)
5. Материяның ажырамас қасиеті - (қозғалыс)
6. Жылдамдықтың өлшем біолігі - (м/с)
7. Бойымен жарық таралатын сызық - (сәуле)
8. Еркін түсу үдеуі неге тең - (9, 8 м/с 2 )
9. Сүт неше градуста қайнайды? (100 0 С)
10. Салмақтың өлшем бірлігі - (Н)
2-жүргізуші: «Заряд» тобына сұрақтар:
1. Заттың сұйық күйден, газ күйіне өтуі - (булану)
2. Атомның теріс зарядталған бөлшегі - (электрон)
3. Кернеуді өлшейтін құрал - (вольтметр)
4. Тоқ күші кернеуге тура пропорционал, кедергіге кері пропорционал кімнің заңы - (Ом заңы)
5. Заттың үш күйі - (қатты, сұйық, газ)
6. Қан қысымын өлшеуге арналған прибор - (танометр)
7. Жарықтың вакуумдегі жылдамдығы неге тең - (300 000 км/сағ)
8. Мөлдір емес денеден өтетін сәуле - (Рентген сәулесі)
9. Ньютонның I заңы не деп аталады? - (Инерция)
10. Циклдік жиілік қандай әріппен белгіленеді? - (ω)
1-жүргізуші: «Атомдар» тобына сұрақтар:
1. Ядроның бейтарап бөлшегі - (нейтрон)
2. Электр зарядының өлшем бірлігі - (Кулон)
3. F=-kx кімнің заңы? - (Гук заңы)
4. Жиіліктің өлшем бірлігі - (Герц)
5. Ең алғаш радионы ойлап тапқан кім? - (Попов)
6. Қысымның өлшем бірлігі - (Па)
7. Бөлінбейтін бөлшек - (атом)
8. Денеге әсер етуші күш дене массасы мен үдеуінің көбейтіндісіне тең кімнің заңы? - (Ньютонның II заңы)
9. Қай планетаның сақинасы бар? - (Сатурн)
10. Қазақстанда ең алғаш теледидир қай жылы пайда болды? - (1958ж. )
2-жүргізуші: III кезең. «Бұл фокус емес, бұл физика» деп аталады.
Тәжірибелер сайысы. Көрсеткен тәжірибелерін түсіндіреді.
- «Стаканның қағаз қақпағы» (стакан, су, қағаз)
- «Мұзды судан алу» (мұз, стакан, тұз, жіп)
Үш топтың көріністерін тамашалаймыз:
- «Бутылкаға жұмыртқаны салу» (бутылка, жұмыртқа, қағаз, сіріңке)
- «Теңгені құрғақ алу» (теңге, тәрелке, су, картоп, сіріңке, стакан)
1-жүргізуші: IV кезең. «Физика қиын, ашиды миың»
Көрермендерге сұрақтар:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz