Ш. Айтматовтың Найман-Ана үзіндісі бойынша 8-сыныпқа арналған сабақ жоспары: ана бейнесі мен мәңгүрт ұғымын талдау

Сабақтың тақырыбы :Ш. Айтматов. «Найман-Ана»(Ғасырдан ұзақ күн романынан үзінді. )

Қазақ тіліне аударған :Ш. Мұртаза.

Сабақ мақсаты :

1. Білімділігі :Жазушы өмірі, шығармашылығы туралы дерек бере отырып, «Найман-Ана» шығармасының мазмұнын меңгерту, идеясын, ана бейнесін ашу.

2. Тәрбиелік мақсаты :Оқушы бойына адамгершілік, мейірімділік қасиетін сіңіру. Отанын, елін сүйе білуге баулу. Қатігездіктен аулақтау.

3. Дамытушылығы :Оқушыларға өз ойын ашық, нақты айта білумен қатар, шығармашылықпен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.

Көрнекілігі :Жазушы суреті, тірек-сызбалар, магнифондар.

Сабақтың түрі :шығармашылықпен іздену сабағы.

Сабақтың әдісі :Баяндау, сұрақ-жауап, ойталқы.

Сабақтың жүрісі : Ӏ. Ұйымдастыру.

ӀӀ. Жаңа сабақ.

1. Жазушы өмірі мен шығармашылы туралы мәлімет .

а) Ш. Айтматов өмірі мен шығармашылығы.

ә) Ш. Мұртаза шығармашылығы (ауызша айтып өту)

Ш. Айтматов шығармашылығы

әңгімесі повестері романдары

«Әшім» «Жәмила» «Боранды бекет»

«Аспалы көпір» «Ана-жер-ана» «Жан пида»

«Қызыл алма» «Қош бол, Гүлсара»

«Бетпе бет» «Ақ кеме»

«Ақ жауын» «Ерте қайтқан тырналар»

«Байдамта бойында»

2. Жай жоспар арқылы шығарма мазмұнын меңгеру.

1) Саудагерлер. Мәңгүрт туралы хабар.

2) Шай құйған ана. Жоғалған ұл. Үміт.

3) Жолға дайындық. Ана тәуекелі.

4) Ұлын іздеген ана.

5) Кездесу. Мәңгүрт.

6) Мәңгүрт ұл жанындағы түн. Бесік жыры.

7) Мәңгүртте болса перзентім. Ана шешімі.

8) Мәңгүрттің іс-әрекеті.

9) Ана ажалы немесе құсқа айналаған жаулық.

3. Жас жауынгердің қалай мәңгүрт болатынын білу мақсатында шығармадан үзінді оқу. (276-бет)

4. Миға шабуыл стратегиясы.

1. Жоламан, Мәңгүрт-шығармада бір бейне. Ал тұтқынға түскенге дейін Жоламан қандай жан болды?Мәңгүрт Жоламан қандай жан?

2. Бүгінгі ғылым мен техника осы заманда мәңгүрт сөзі қолданылы ма?Егер болса осы заманның мәңгүрті кімдер деп ойлайсыздар?

3. Қатігездік деген не? Қазіргі жастар мен жасөспірімлер бойынан қатігездік жиі көрініс беріп жүрген жоқ па? Ол неден туындайды деп есептейсіздер?

5. «Мағына ашу» стратегиясы бойынша мәңгүрт, садизм сөзіне түсінік беру.

6. «Ой қозғау» стратегиясы.

1. Ана бейнесін ашу.

Саудагерлер әңгімесін естіп отырғанда ана кейпі қандай болды?Қандай шешімге келді?(Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып ананың іс-әреектін дәптерге түсіру. )

2. Найман-Ананың тілегін теріп жазу.

3. Шығармашылық жұмыс.

1. Мәңгүртте болса-перзентім.

2. Ақыл-ой-асыл қазына.

Осы тақырыптардың бірін таңдау арқылы ойтолғау жазу.

ӀӀӀ. Сабақты бекіту.

ӀV. Бағалау.

V. Үйге тапсырма:Шығармадан қанатты сөз, шешендік сөздерді тауып мағынасын ашу. Шығарманың тіліне таңдау жасау.

«Боранқұл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

8- сынып. Қазақ әдебиеті.

Мұғалім: Байсариева Гүлжан


Ұқсас жұмыстар
8-сынып сабағы: Шыңғыс Айтматовтың Найман-Ана үзіндісі арқылы ана ерлігі мен адамгершілікті талдау
8-сыныпқа арналған ауызша сабақ: Шыңғыс Айтматовтың Найман Ана шығармасын талдау (Биоақпараттану және синергетика технологиясы)
Ш. Айтматовтың Бұғы-Ана аңызына арналған 2-сынып әдебиеттік оқу сабағының жоспары
3-сыныпқа арналған Ш. Айтматовтың Ақ кеме шығармасы бойынша әдебиеттік оқу сабағының жоспары
2-сынып әдебиеттік оқу: Шыңғыс Айтматовтың Бұғы ана туралы аңызына арналған сабақ жоспары
Ғабит Мүсіреповтың Өлімді жеңген ана шығармасын талдау: ананың құдіреті мен Ақсақ Темір бейнесі
Бастауыш сыныпқа арналған Әйел - ана тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Ш. Айтматовтың Қарғысқа ұшыраған аңшы туралы аңызын оқытуға арналған сабақ жоспары мен өзіндік талдауы
7-8 сыныпқа арналған ана тілі сабағы: Түйе тақырыбы бойынша әдістемелік сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған ана тілі сабағы: Мәриям Хакімжанова Бала Мәншүк шығармасы арқылы ерлік ұғымын тереңдету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz