Химиялық есептер шығарудың тиімді тәсілдері. бағдарлы курс, 8-сынып

Ғ. Мұратбаев атындағы №91 орта мектеп

Ғ. Мұратбаев ауылы Қазалы ауданы Қызылорда облысы.

Бағдарлы курстың тақырыбы:

2012-2013 оқу жылы

Түсінік хат

Қазіргі оқу бағдарламасына сәйкес жаратылыстану бағыты бойынша химия пәнінен 8- сыныпқа арналған «Химиялық есептер шығарудың тиімді тәсілдері» атты арнайы бағдарлы курстың жоспарын ұсынып отырмын.

Аптасына 1 сағатқа, жылына 34 сағатқа есептеліп жасалған.

Химияны оқып-үйренгенде жаттығулар орындау мен есептер шығарудың алған теориялық білімді бекітіп, проблемалық жағдайларда оқушыларды шығармашылықпен шешім қабылдауға және жүйелі ойлауға үйретуде маңызы зор. Есептер шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыланады. Оқушылар өз білімдерінің жетіспейтін жерлерін анықтап, онымен жұмыс істеуге, қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйренеді. Есеп шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар, химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады. Кейбір есептерді шығарудың бірнеше әдістері беріледі.

Мақсаты:

Химиялық есептер шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін арттыру, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асыру, оқушылардың химиялық қисынды ойлауын өрістеу, білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік жасау, табандылық, іскерлік, ізденгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, оқушылардың танымдық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, оқушының жеке қызығу мүмкіндіктерін ашу.

Міндеттері:

  • Жаттығулар мен есептер шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық қабілетін, химия пәніне қызығушылығын арттыру;
  • Өздігінен істейтін жұмысты орындаудың әртүрлі әдістеріне үйрету және салыстыру нәтижесінде «қорытынды жасау, логикалық ойлау дағдысын» қалыптастыру;
  • Оқушының жеке интеллектуальды дамуы, бойындағы мүмкіндік деңгейін анықтау, жалпы рухани дамуын, танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылық әрекетін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Алдына мақсат қойып, оған жету жолында тынымсыз ізденгіш, қиялы бай, ойы кең, шыдамды да алғыр, жан-жақты, дербес жеке тұлға тәрбиелеу.

Курстың оқу-тақырыптық жоспары

Тақырыбы

Сағат

саны

Мерзімі

Ұйымдастыру

формалары

№: 1
Тақырыбы: Кіріспе
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 4. 09. 12
Ұйымдастыруформалары: Лекция
№: 2
Тақырыбы: Заттың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массаны есептеу.
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 11. 09. 12
Ұйымдастыруформалары: Лекция
№: 3
Тақырыбы: Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын, массалық үлестерін есептеу.
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 18. 09. 12
Ұйымдастыруформалары: Практикум
№: 4
Тақырыбы: Зат мөлшері.
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 25. 09. 12
Ұйымдастыруформалары: Лекция
№: 5
Тақырыбы: Молярлық масса, молярлық көлем.
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 2. 10. 12
Ұйымдастыруформалары: Практикум
№: 6
Тақырыбы: Авогадро саны
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 9. 10. 12
Ұйымдастыруформалары: Практикум
№: 7
Тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 16. 10. 12
Ұйымдастыруформалары: Лекция
№: 8
Тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер (химиялық реакциялар кезінде зат массасының сақталу заңы)
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 23. 10. 12
Ұйымдастыруформалары: Практикум
№: 9
Тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер(заттардың біреуінің белгілі массасы бойынша басқа заттың массасын есептеу)
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 30. 10. 12
Ұйымдастыруформалары: Практикум
№: 10
Тақырыбы: Газдардың тығыздығы мен салыстырмалы тығыздығы.
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 13. 11. 12
Ұйымдастыруформалары: Лекция
№: 11
Тақырыбы: Газдардың көлемдік қатынасы
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 20. 11. 12
Ұйымдастыруформалары: Практикум
№: 12
Тақырыбы: Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 27. 11. 12
Ұйымдастыруформалары: Лекция
№: 13
Тақырыбы: Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 4. 12. 12
Ұйымдастыруформалары: Практикум
№: 14
Тақырыбы: Ерітіндіге байланысты есептер.
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 11. 12. 12
Ұйымдастыруформалары: Лекция
№: 15
Тақырыбы: Ерітінді тығыздығы
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 19. 12. 12
Ұйымдастыруформалары: Практикум
№: 16
Тақырыбы: Ерігіштік.
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 25. 12. 12
Ұйымдастыруформалары: Лекция
№: 17
Тақырыбы: Молярлық концентрация
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 15. 01. 13
Ұйымдастыруформалары: Практикум
№:

18

19

Тақырыбы: Типтік есептер шығару тәсілдері
Сағатсаны: 2
Мерзімі:

22. 01. 13

25. 01. 13

Ұйымдастыруформалары:

Лекция

Практикум

№: 20
Тақырыбы: Орынбасу реакциясына байланысты есептеулер
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 5. 02. 13
Ұйымдастыруформалары: Практикум
№: 21
Тақырыбы: Химиялық формуланы анықтау есептері
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 12. 02. 13
Ұйымдастыруформалары: Лекция
№: 22-23
Тақырыбы: Теңдеулер бойынша есептеулер мысалдары
Сағатсаны: 2
Мерзімі:

19. 02. 13

26. 02. 13

Ұйымдастыруформалары: Практикум
№: 24-25
Тақырыбы: Заттың сапалық құрамын анықтау
Сағатсаны: 2
Мерзімі:

2. 03. 13

12. 03. 13

Ұйымдастыруформалары:

Лекция

Практикум

№: 26
Тақырыбы: Эксперимент есептерінің түрлері және шығару тәсілдері
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 19. 03. 13
Ұйымдастыруформалары: Лекция
№: 27-28
Тақырыбы: Заттардың қоспасына есептер шығару
Сағатсаны: 2
Мерзімі:

2. 04. 13

9. 04. 13

Ұйымдастыруформалары:

Лекция

Практикум

№: 29-30
Тақырыбы: Теориялық мүмкіндіктер, салыстырғандағы реакция өнімінің шығымына байланысты есептеулер
Сағатсаны: 2
Мерзімі:

16. 04. 13

23. 04. 13

Ұйымдастыруформалары:

Лекция

Практикум

№: 31-32
Тақырыбы: Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде реакция өнімін есептеу
Сағатсаны: 2
Мерзімі:

30. 04. 13

7. 05. 13

Ұйымдастыруформалары:

Лекция

Практикум

№: 33
Тақырыбы: Иондарды сапалық анықтау. Электролит ерітіндеі алмасу реакциялары.
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 14. 05. 13
Ұйымдастыруформалары:

Лекция

Практикум

№: 34
Тақырыбы: Қорытынды сабақ
Сағатсаны: 1
Мерзімі: 21. 05. 13
Ұйымдастыруформалары: Тест

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ә. Темірболатова «Есептер мен жаттығулар жинағы». Алматы «Мектеп» 2005, 2009
  2. И. Нұғманов, Р. Жұмаділова, Ж. Аганина «Есептер мен жаттығулар». Алматы «Мектеп»2009
  3. Ә. Темірболатова «Есептер мен жаттығулар». Алматы «Мектеп» 2004
  4. Ә. Темірболатова, Н. Сағымбекова, С. Әлімжанова «Химия» Тапсырмалар жинағы 11 Алматы «Мектеп» 2007
  5. И. Нұғманов, Р. Мулкина «Химия» оқу кітабы. Алматы «Мектеп» 2009
  6. Т. Т. Омаров, М. Р. Танашева «Бейорганикалық химия» Алматы 2008
  7. Р. Болатқұлова «Органикалық химия сабақтарында есептер мен жаттығуларды пайдалану». Алматы
  8. Тест жинақтары 2003-2011жж
  9. «Химия мектепте» журналы
  10. «Химик анықтамалығы» журналы

Ұқсас жұмыстар
Химиялық реакциялар
Химия және экология
Физиканы бағдарлы оқыту және оның кейбір өзекті мәселелері
Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия
Математика пәнінен бағдарлама
Химия пәнінен жаңа оқулықтар бойынша есеп шығару
Электр құбылыстары
Математикалық сауаттылық
Әртүрлі типтегі есептеу есептерін шығару
Химиялық реакция типтерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz