Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.Мақсаты:
1. Білімнің бастауы болған <<Әліппеден>> үйренгендерін тиянақтау. Өнерлерін тамашалау. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін көрсету.
2. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.3. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, <<Әліппе>>, <<Ана тілі>> оқулықтарының макеті.Барысы:
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Міне, біздің шәкірттеріміз бар ғылымның бастауы сүйікті <<Әліппені>> тәмамдады. 1 <<А>> сынып оқушыларының дайындаған <<Қош, бол, құтты Әліппем!>> атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер! Балаларды екі-екіден шақыру. (Музыка ойнап тұрады)Өтті оқу сан сабақ,Бүгін үлкен салтанат.Әліппемен қоштасып,
Оқулықпен достаспақ.Ой-білімі жаңғырып,Әліппеден мәңгілік.Әріптерді таныған,Өңкей білгіш балдырған,Өсті міне бойларың,Өсті ақыл-ойларың.Қуанышқа ортақпын,Құтты болсын тойларың!
Амина: Көз салып қараңызшы бойымызға,Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға!
Мұғалім: Балалар, мен сендерге сұрақ қояйын. Сендер соған жауап айтыңдаршы.Іші толы әріпке,Білімдегі жарық не?Хормен: Болашаққа жол бастар,Ол - сүйікті Әліппе!Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе! (Әліппе ортаға шығады)Әліппе:Армысыздар, жас достар! Армысыздар, ата-ана!Болашаққа жол бастар,Әліппең келді ортаға.Білім деген ғажаптың,Әліппесін меңгерген. Келешегі қазақтың,Басталады сендерден. Жақсы білім көрімдік,Болсын сізге халайық.Не үйрендік, не білдік,Қане, ортаға салайық!
Телжан: Бар әріпті үйреткен - Міне, менің әліппем.Жақсы оқимын сабақты,Әріптерді танып мен.
Аяжан: Бар кітапқа бас болған,Әліппе - ғылым анасы.Әліппеден басталған, Даналықтың данасы.
Әлібек: Әліппем менің, Әліппем,Сені қолға алып мен.Есігін аштым мектептің,Ертеңгі сәуле жарықпен.
Іңкәр: Әліппе - білім анасы,Әліппе - кітап данасы.Әліппе бетін ашпаған,Адамның бар ма баласы?
Би <<Қарлығаш>>
Ескендір: Бұрқыраған білімнің,Қайнар көзін көріп пе ең?Том- том болған кітаптың,Басы болған Әліппем.
Еркежан: Келгенде алғаш мектепке,Білмеуші едік әріп те.Оқимыз қазір ертекті,Үйреткен оны - Әліппе!

Жұлдыз: Қыркүйекте келдім де,Сыныпқа кірдім қуанып.Қарсы алды ұстаз мейірмен,Қадамымды құп алып.
Жанель: Енді біз жаза білеміз,Әріпті қосып әріпке.Риза боп саған жүреміз,Сүйікті біздің Әліппе!Ерасыл: Оқуды көп ойладық,Қызығына тоймадық.Әріптерді үйреніп,Сауат ашып тойладық.
Әліппе: Жарайсыңдар, балалар! Сендер менен тағы не үйрендіңдер?

Арнұр: Ыбырай және Абай атамызбен таныстық.
Ыбырай Алтынсарин - тұңғыш қазақ мұғалімі. Ол алғаш әліппені жазды.Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!Оқығанды көңілге,Ықыласпен тоқылық!Оқысаңыз, балалар,Шамнан шырақ жағылар.Тілегенің алдыңнан,Іздемей-ақ табылар.
Ерсұлтан: Абай - қазақ халқының ұлы ақыны. Біз Абай атамыздың <<Әсемпаз болма әрнеге>>, <<Ғылым таппай мақтанба>>, <<Қыс>> деген өлеңдерін жаттадық.Әсемпаз болма әрнеге,Өнерпаз болсаң арқалан.Сен де бір кірпіш дүниеге,Кетігін тап та, бар қалан.
Ұлдардың орындауында ән <<Төлдер>>
Ұлпан: Алфавиттің А тұрады басында,Әрқашанда Ә тұрады қасында.Байқадың ба? Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде,түсінші?
Дина: А деген ол - аналар ғой ардақты,
Ә деген ол - әкелер ғой салмақты.
Б деген ол - балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Екеуі: Сондықтан да, алшақ кетпей, расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
Жанель: Алфавитті жаттадық,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
Қырық екі әріп бар.

Аружан: Сырлы әріптер сөз түйіп,Сабырмен саған қарайды.
Сырларын білсең бас иіп,Керегіңе жарайды.

Зарина: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені, Қызығып қарай бердім әріптерді.Мен үшін сыры жұмбақты бұл кітаптың, Ұстазым кілтін маған алып берді.
Зере: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені әріптердің бәрін танып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік. Енді өзіміз оқып, жаза алатын болдық.
Зарина: Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән-шашуымыз сіздерге арналады. <<Ертегілер>> әні.

Мұғалім: Біздің оқушыларымыз Әліппені меңгерумен қатар басқа пәндерді де оқып үйренді. Математика пәнінен есеп шығаруды, санамақ үйрендік.
Оқи берсең ғылымды,Артық болмас баршасы.Математика - өмірде,
Ғылымдардың патшасы.
Санамақ.Ағылшын тілінен үйренген өлең, тақпақтарын айту.

Дария: Таныстырған 42 әріппен, Қош бол, менің қасиетті әліппем!Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,Сауатты адам санатына кіргенім.
Мадина: Қош бол, құтты Әліппем,Көп нәрсені үйреттің.Таныстырып әріппен,Тақылдатып сөйлеттің.
Зере: Біз енді Әліппемен қоштасамыз, Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.Білімнің бұлағынан сусындауға, Көптеген кітаптармен достасамыз.

Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айтасыңдар?
Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет!Ән: <<Қош бол, құтты әліппе!>>

Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз,Енді қолға ана тілін аламыз.Ата-ана, қуанышқа ортақ бол,Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Әліппе: Ал достар, енді сендерді әрі қарай жетелейтін достарың Ана тілі болмақ.
Айналайын балғындар,Менен білім алдыңдар.Әр сөзімді жаттаған,Достар үшін мақтағанРахмет айтып шаттанам,Риза болып аттанам.Алда ұзақ жасым бар,Оқумен өсіп толыңдар,Аман-есен болыңдар!Барлығы: Қош бол, құтты Әліппе!
Бәріміз қол соғып, Ана тілін қарсы алайық! (Ортаға ана тілі шығады)Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Ақыл-ойы дананың,Ана тілі боламын.Ана тілі ардақты,Ақ сүтіндей ананың.Мен Әліппеден оқып білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Әліппені қалай меңгерсеңдер, мені де солай оқыңдар.
Мұғалім: Ана тіліне арнаған қандай өнерлерің бар?
Ерасыл: Ана тілі - ұраным,Ана тілім - құралым.Ана тілі болмаса, Мықты болмас тұрағым.
Балнұр: Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.

Қыздардың орындауында ән <<Қарлығаш>>
Ана тілі: Рахмет саған достарым,Бүгін ниет қосқан күн.Аянбаймын сырымды,Баяндаймын ғылымды.Талаптыға бәрі бар,Менен оқып алыңдар.

Барлығы: Бабамыздың тілі деп,Даламыздың үні деп,Ана тілін, Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз!
<<5>> болсын алар бағамыз,Біліммен бақыт табамыз.Өнер-білім көп тоқып,Өсе берсін санамыз!

Мұғалім: Балалар, <<Әліппе>> сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,Балалардың есімі әулеттерге таралар.Ырым етіп ертеңгілік соңындаАқ тілекпен баршаға,
Тілек айтар қонақтар. Куәлік тапсыру.
Бүгінгі біздің <<Қош бол, құтты Әліппем!>> атты ертеңгілігімізге келгендеріңізге рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Қайдағы әріптер
Әріптердің атаманы қай әріп
Әліппемен қоштасу атты ертеңгіліктің өтілуі
Әліппемен қоштасу
Әліппем менің әліппем
Тақырып Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Қош бол, сырлы көк сандық
Әріптермен танысу
Рахмет саған, Әліппе Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу "әліппеге рахмет!"
Пәндер