Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы жайлы ақпарат

Сабақтың тақырыбы: Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты:
1) Ғұн атауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы» ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы туралы білім беру;
2) мемлекеттердің қалыптасуының алғы-шартын, оның белгілерін анықтай білуге дағдыландыру;
3) тарихи аңыз деректер негізінде балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ірі саяси тұлғаны үлгі қылу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: альтернативті жарыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, талдау, іздену, өз бетінше жұмыс, ой-қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слаидтар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Ізгі арманын, үмітін
Бабалардың жалғаймыз!
Білім көкжиегінде
Жалындаймыз, самғаймыз!- дегендей қазір бізде қай сабақ?
-Қазақстан тарихы сабағы
-Қазақстан тарихы пәніне дайын болу үшін біз не айтамыз?
А) Психологиялық дайындық
«Өз елінің тарихын білмеген адам, басқа елдің тарихын біліп жарытпас» (хормен айту)
Міне балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр.
«Келгенше қонақ ұялады,
Келген соң үй иесі ұялады», -демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық. Бар білімімізді ортаға салайық.
-Балалар бүгінгі сабағымызда Астана қаласына саяхатқа шығамыз. Ол үшін берілген тапсырмаларды толығымен орындау керек. Астанаға бару үшін біз поездға мінеміз.
Поездға міну үшін үй тапсырмасын тексерейік.
Ә) Үй тапсырмасын тексеру
-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
(Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы. Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы. )
-Дұрыс, міне поездға міндік.
-Астанаға бару үшін жолдың ақысын төлеу керек. Яғни билет алып, Астана қаласына түсу үшін өткен сабақты еске түсірейік.
Б) Өткенді қайталау
1. Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?
2. Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап беріңдер?
3. Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы не білесіңдер?
4. Қаңлыларда егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы қалай дамыған және өзіндік ерекшеліктері қандай?
5. Тағы басқа қандай кәсіппен айналысқан?
6. Шет елдермен сауда байланысы болғанын дәлелдейтін нәрселерді ата.
7. Мәдениеттің қандай түрлері жақсы дамыған?
Берген жауаптарың өте дұрыс.
-Міне пойыздан да түстік. Пойыздан түскен бетте алдымызда не тұрады?
Астана Вокзалы
2. Жаңа сабақ
Б. з. д. 1 мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның кең-байтақ кеңістігін әр түрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде, «ғұн» атауы б. з. б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. «Ғұн» сөзі «гун, руң, хун» т. б. атаулармен берілген. Қытайлар ғұндардың басшысын «шаньюй» деп атаған. Ғұндар кезеңі б. з. б. 4 ғ. мен б. з. 3 ғасыры аралығын қамтиды. Б. з. б. 55 жылы ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ жерді жайлап, көптеген тайпаның басын біріктірді, әскери соғыс қуаты орасан зор құдіретті мемлекетке айналды. Еділдің (Аттиланың) жеңімпаз жорығы оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті. Аттила (Еділ) шамамен 400-453 жж. өмір сүрген.
Президенттік Мәдениет орталығы
3. Оқулықпен жұмыс
-Енді балалар, оқулыққа көңіл аударамыз. Оқулықта берілген көк төртбұрыштың ішіндегі мәліметтерді дәптерімізге жазып аламыз.
Тапсырманы дұрыс орындадық. Ендеше келесі слайдқа назар аударайық.
Еліміздің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Конституциясы қойылған орын. ҚР Президенттік мәдениет орталығы.
4. Жұмбақ сан
1) Ғұн билеушісі қалай деп аталды?
1. хан. 2. гуньмо. 3. шаньюй.
2) Ғұн тайпалары батысқа қарай қай ғасырда жылжыды?
1. б. з. б. 55 жыл. 2. б. з. б. 2 ғасыр. 3. б. з. б. 1 ғасыр.
3) Шамамен 400-453 жж. өмір сүрген кім?
1. Шырақ. 2. Аттила. 3. Страбон.
4) Ғұн мемлекеті қай уақытта екіге бөлінді?
1. б. з. б. 4 ғ. 2. б. з. б. 55 ж. 3. б. з. б. 1.
5) Солтүстік ғұндардың билеушісі кім болды?
1. Чжи-Чжи. 2. Мөде. 3. Еділ.
6) Каталаун (Галлия) шайқасы қай жылы болды?
1. 375 ж. 2. 437 ж. 3. 451 ж.
-Дұрыс орындасаңдар «Астана-Бәйтерек» монументін көреміз.
«Астана-Бәйтерек» монументі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz