Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Спид - қасірет қақпаны
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы,
Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта
мектебінің
химия – биология пәндері мұғалімі
Жақанова Нұргүл
Тақырыбы: СПИД – қасірет қақпаны
Мақсаты: Білімділігі: СПИД – жұқпалы ауру жайында оқушыларға мағлұмат беру.
СПИД – тің адам баласына әкелетін зияндылығын түсіндіру. Оқушыларды СПИД –
ке қарсы күресуге шақыру.
Дамытушылығы: Адамгершілікке, мейірімділікке баулу. Өмірінде дұрыс жол
таңдай білуге бағыттау.
Тәрбиелігі: Ғасыр індеті жайында жалпы сипаттама беру. Оқушыларды теріс
жолға түспеуге, құмарлыққа, әуестілікке салынбауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: сурет салынған плакаттар, интерактивті тақта арқылы
суреттер
Сабақтың барысы: І. Кіріспе. Алғы сөз мектеп директоры.
ІІ. Негізгі бөлім.
1 – жүргізуші:
Өмірге адам бір – ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңның өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.
Бала адамның жүрек еті сенері,
Болашағы, демеушісі, жүрегі.
Сені ойлап үлпілдеген жүрегі,
Ата ананңның бір үстінде тілегі.
Күтін жастар, алдыңда өмір сүбелі,
Ақылды алсаң тиер саған көмегі.
Ешбір затпен уламай жас денені,
Бағытталған мол қозғалыс керегі, - дей отырып, «СПИД – қасірет қақпаны»
атты кешімізге хош келдіңіздер!
2 – жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Сіздердей жаңа ғасырдың жас буын
өкілдері, жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз жастармен кездесіп отырғанымызға
өте қуаныштымыз. Адамның жастығы дегеніміз тамаша сәулетті көктем, ол
өмірде бір – ақ рет беріліп, қайтып келмейтін адам баласының өте бір естен
кетпес бақытты шағы.
1 – жүргізуші:
Жігерің бар, талабың бар қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз - өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын
2- жүргізуші:
Кесір сумен санаңды сен улама,
Көкірек қапқан көк түтінге жолама.
Өзіңді қорға, ортаңды қорға ағайын,
Саулық керек, саулық керек адамға
1 – жүргізуші:
2030 – дың біз барысымыз,
Жетістікке бастайды әр ісіміз.
Өркениетті әлемді қорғау үшін,
Салауатты өмір сүру парызымыз, - дей отырып 7 а сынып оқушыларының «У мен
дерт» көрінісін тамашалайық.
2 – жүргізуші:
Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау ерте заманнан бері айтылып, ғасырлар
бойы сұрыпталып келген інжу – маржандай асыл да даналы сөздері бар.
1 – жүргізуші:
Иә, мақал мәтелдер ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып,
кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, дана ақылшы ғана
емес, сонымен бірге епті, есті, емші де. Олай болса кезекті мақал – мәтелге
берейік. Мақалды мен бастаймын, сендер жалғастырасыңдар
1. Ұзартқың келсе, ғұмырды,
(Таста арақ пен шылымды)
2. Темекінің кермегі,
(Еріккеннің ермегі)
3. Ішпеген, шылым тартпаған,
(Денсаулығын сақтаған)
4. Көзге түскен қауыз жаман,
(Шылым шеккен ауыз жаман)
5. Түтіні тісіңді сарғайтады,
(Уы ерте қартайтады.)
6. Шылымды жерге тастама
(Айналаңды ластама)
2 – жүргізуші: СПИД – бұл бойдағы қорғаныш қабілетінің әбден әлсіреуінен
туындайтын синдром, адам организміндегі иммундық жүйені бұзатын жіне
бүкіл аурулар қатарына төтеп беретін мүмкіндігін жоқ қылып, өлімге әкеп
соқтыратын дерт. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі
бойынша осы аурумен ауыратын 65млн адам тіркелген және 25млн адам кейінгі
жылдары осы дерттен қайтыс болған. СПИД – үміті жоқ болашақ, оған бүкіл
дүние көмектесе алмайды. СПИД адамға көп бақытсыздық әкелетін қатерлі,
жазылмайтын ауру.
1 – жүргізуші: Енді кезекте сіздермен бірлесе отырып жұмбақтар шешеміз.
Түтін болып кіреді,
Күркіл болып жүреді (темекі)
Ит ішпейтін ащы,
Бар қылмысқа басшы (арақ)
Қызықтырып алдайды,
Қолдансаң сорың қайнайды (наша)
Мұрныңа апарсаң, түшкіре бересің,
Ерніңе апарсаң, түкіре бересің (насыбай)
Оңға қарай оқысаң, әзәзіл деп білесің,
Солға қарай оқысаң, жаға салар күйесің (Арақ - қара)
Өз - өзімен отырып сықылықтап күледі,
Ұрмай – соқпай өкіріп, жылай салар бұл өзі
Бітті әбден тесіліп ине салған білегі, ол кім? (нашақор)
2. – жүргізуші:
Ұлы ақын Тұрмағамбет атамыз айтқандай
Атпаңдар, тіл алсаңдар насыбайды,
Нас атсаң нас боларсың басыбайлы
Желді күн «түф» деп жерге түкіргенде,
Боқтай – ақ бет аузыңа шашырайды.
Аптықпай ақылы толық азаматтар,
Өз - өзін тап – таза етіп асырайды, - дей отырып баршаңызды мұндай лас
әдеттерден сақтануға шақырамыз.
1 – жүргізуші: Барлығымыз сыр топырағында өмір сүре отырып,
Тұрмағамбеттей атаның ұрпағы бола тұрып бүгінгі кешке бір шумақ өлең
арнамай кеткеніміз жөн болмас.
Олай болса, экранға назар аударайық
1) -----------------------------------------------------------
баламыз,
----------------------------------------------------------
аламыз.
---------------------------------------------------------------
--------
---------------------------------------------------------
санамыз.
2) -----------------------------------------------------------
күлеміз,
-----------------------------------------------------------
жүреміз.
--------------------------------------------------------------------
-
-----------------------------------------------------------
сүреміз.
Мына жолдарды толықтырып, өлең шығарып жарысамыз, қане кімнен
керемет өлең шумақтары шығады екен, байқап көрейік.
2 – жүргізуші: СПИД – ті болдырмайтын, оған қарсы тұра алатын
вакцина әлі жоқ. Дүние жүзінде СПИД – ЖҚТБ (жұқпалы қорғаныш
тапшылығы белгісі) барған сайын үдеп әрі өсу үстінде.
1 – жүргізуші: «Әрбір жаманшылықтың жағасында түрып, адамның
адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр
болады» - деп Абай атамыз айтқандай әр оқушы аурудың алдын алу үшін
ауырмай түрып, ауырмайтын жол іздеу қажет. Салауатты өмір салтын
ұстану, жеке бастың тазалығын сақтау арқылы айналасындағыларға
дерттің алдын алуға мүмкіндік жасайды.
2 – жүргізуші:
Есірткі жойылсын,
Ішімдік құрысын.
Дені сау қазақтың
Ұрпағы көбейсін
Мәдениет өркендеп,
Табиғат көркейіп,
Қазақтың сымбатты
Ұл – қызы көбейсін!
1 – жүргізуші:
ХХІ ғасырда, ашық аспан астында,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын
2 – жүргізуші:
Отбасыларыңыз қуанышқа толсын,
Өмірлеріңіз салауатты болсын!
1 – жүргізуші: Ауруды жүқтырмау, жаман әдеттерден бойды аулақ ұстау
өз қолымызда, салауатты өмір – жарқын болашақта өмір сүрейік
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz