Бақытты балалық шақ туралы ақпарат

Павлодар облысы Ақсу қаласы № 2 мектептегі шағын орталық тәрбиешісі Ахметова Сұлушаш Заркешқызы

«Бақытты балалық шақ»

Сәбилер тобыныңи ертеңгілігі

жүргізуші Армысыздар! Құрметті қонақтар!

Армысыздар! Ұстаздар, ата-аналар!

Міне, бүгін өнер-білім көрсетіп,

Бүлдіршіндер сіздерді тамсандырар.

Жүр-ші ; Көктемде тіршіліктің бәрі оянып, жан-жануарлар төлдеп, құстар келіп, балапан шығарады екен. Сендер қандай құстарды білесіңдер?

- Торғай, қарға, тауық.

Жүр-ші ; Ия, тауық үй құсына жатады. Тауық не шығарады?

- Жұмыртқа шығарады.

Жүр-ші ; Ендеше, "Алтын жұмыртқа" ертегісін еске түсірейікші .

Жүр-ші ; Балалар ертегі не туралы екен?

-Алтын жұмыртқа туралы.

Жүр-ші ; Онда тағы қандай кейіпкерлер бар?

- Ата, әже, тышқан, тауық

Жүр-ші ; Ал енді осы ертегіні сахналап көрсетейікші.

Сахналау Алтын жұмыртқа

Жүр-ші : Балалар ал жұмыртқадан не шығады ?

Балалардың жауаптары Балапан

Жүр-ші ; Балалар, ендеше бір сәт балапандарға ұқсап қимыл жасайықшы.

(«Шөжелер» әніне қимыл би жасайды)

Жүр-ші ; Балалар жұмыртқаның пішіні қандай?

- Пішіні сопақша

Жүр-ші ; Түсі қандай?

- Түсі ақ.

Осы кезде тауықтың дауысы естіледі.

Жүр-ші ; Балалар, тыңдаңдаршы ненің дауысы естіледі?

Топқа қыт-қыттап тауық кіреді.

Тауық Қыт - қыт - қыт, сәлеметсіңдер ме, балалар!Қандай әдемі балалар!

Жүр-ші ; Балалар, бұл біздің ертегіміздегі тауық емес пе?

Тауық Ия, менің көп жұмыртқаларымды тышқан жарып кетіпті, соны құрастыруға көмектесесіңдер ме?

- Ия, көмектесеміз.

Жүр-ші ; «Жұмыртқаны жина» ойыны. Балалар сынып қалған жұмыртқаның бөліктерін тауып құрастырады.

Тауық Рахмет, сендерге балалар! Мен қуанып қалдым.

Жүр-ші : Балалар, сендерге ана тауықта риза болып қалды, сендер өздеріңнің жақсы, ақылды балалар екендеріңді көрсеттіңдер, енді ана тауықпен бірге серуенге шығып «Балапандар» ойынын ойнайық.

Жүр-ші : Ауылда ата мен әжелерінде қошақандар бар ма ? Балалар біз қошақан туралы өлең білеміз ғой. Қане бәріміз тұрып айтайықшы.

Ән « Қошақаным қайда екен ?»

Жүр-ші : Біздің балалар жыл бойы жаттаған тақпақтарын айтып берсін. Тамашаланыздар.

Мирас, Науан, Самир т. б

Бір кезде күн мен бұлт кіреді.

Күн:

Мен жарқырап төбеде

Нұрын төгіп тұрамын.

Шуақ шашып бәріне

Бала жанын ұғамын.

Бұлт:

Күн, күн, тоқтай тұр!

Сөзімен менің құлақ тұр.

Ішім толы суға,

Сусыз өмір бола ма?

- Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын!

Күн : Жоқ, мен мықтымын!

(Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдайды)

Жүргізуші: Тынышталыңдар, дауласпандар! Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін күн туралы әнін орындап берейік .

Жүр-ші :Ән «Әрқашан күн сөнбесін»

Күн мен бұлт қоштасып кетеді .

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа.

Аман-есен жүрейік

Келер оқу жылына!

Жүр-ші : Міне, құрметті ата - аналар, кеше ғана бүлдіршін боп, өздеріңізге еркелеп отырған балаларыңыз өздерінің 1 жыл ішінде меңгерген білім, білік, өнер дағдыларын алдарыңызға салды. Ендігі сөз кезегі сіздерде.

№ 2 мектептегі шағын орталық

ойын-сауық

«балапан» тобы

тәрбиешілер; Ахметова С. З

Нургалиева С. К.

2012-2013 жыл


Ұқсас жұмыстар
ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ. Сабақтың кезені уақыт
Бақытты балалық шақ
Балалар құқығы әлемінде. 2- сынып
Спид - ғасыр дерті
"Біз - әлем балаларымыз"
Өмірді танып білуге құштарлық
М.жұмабаев «балалық шақ»
Етістіктің шақтары. қазақ тілі
Келер шақ. 4-сынып
Оқуға құштарлық. 2 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz