Грамматикалық ойындар арқылы тіл ұстарту: қазақ тілі сабағының әдістемелік жоспары

Төлеуова Анар Қаражігітқызы -Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясының жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық ойындар арқылы тіл ұстарту сабағы

Сабақтың мақсаты: оқушылардың лексика тарауы бойынша білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, ізденгіштігін арттыра отырып, ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін ұштау.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттер дарыту, ізгілікке, ынтымаққа, халықтық педагогика негіздеріне, өзара сыйластық, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: іздендіру, салыстыру, проблема қоя салыстыру, диалогты ойын түрлері, мәтін құрастыру.

Сабақтың түрі: танымдық жарыс, тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, сызбалар, слайдтар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысы, құрал-жабдықтардың

ІІ. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Тіл патшалығы елінде" деп аталады.

Сабақтың эпиграфы: Тілдің қадірін білмеген

Кімнің қадірін білген?

Тіл ұстарту сабағы қазақ тілінен өтіп жатқан лексика тарауына арналады. Қазақ тіліндегі сөз, оныі мағынасын зерттейтін саланың қыр-сырын меігеру -мақсатымыз. Сабақ топтық жарыс түрінде өтеді. Жарыс жеті айналымнан тұрады.

І топ -"Тілшілер" ІІ топ-"Тапқыштар" ІІІтоп - "Шешендер"

1. Топтың аты -"Тілші",

Сүріндіріп көрші!

2. Тобымыз біздің - "Тапқыш",

Білейікші кім айтқыш?

3. Аталды топ -"Шешен",

Не болса да шешем!

1-айналым. Топтық тапсырма. Әр топқа тірек сөздер беріледі. Сол сөздер қатысқан мақал-мәтелдер айту.

"Тілші" - қазақ, су, қой.

"Тапқыш" - үй, қыс, мысық.

"Шешен" - тон, көз, тауық.

2-айналым. Балалар, қазақша ай аттарын жатқа білеміз бе? Қане, енді "Жаңылдырсаң да жаңылмаймын" ойыны арқылы білім сынаймыз. Шарты: Тақтаға жазылған қате атауларды дұрыс жазып шығу.

"Тілшілер" - 1. ҢАҚАРТ. 2. ПАҚНА. 3. УАРЗЫН 4. РЫММА

"Тапқыштар" - 1. МЫСУМА. 2. РҚУЫЙКЕ. 3. АРҚАША. 4. ЗАҚАН

"Шешендер" - 1. ЛЕЖСАНТОҚ. 2. МАЗЫТ. 3. ДЕЛІШ. 4. СУІРӘ

3-айналым - Топтық тапсырма. Үлестірмелі парақша суырып, жауабын жазу.

"Тілшілер" - Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын айту. ит арқасы қиянда, қоян жүрек, тісінен шығармау, бармағын тістеу, көзі шарасынан шығу, қызыл өңеш болу

"Тапқыштар" жеті, үш, тоғыз сөздері қандай тіркес, ырым-тыйым сөздер бар? Мысалы: жұт жеті ағайынды жеті шелпек, жеті күн, жетісін беру, ер кезегі үшке дейін, тоғыз тоқырау, жеті қазына, жігіттің үш жұрты т. б.

"Шешендер" - Тыйым сөздердің мәнін түсіндір. бүйіріңді таянба, түнде суға барма, тізеңді құшақтама, үйге жүгіріп кірме, есікке керілме, адамды санама, бас киімді теріс айналдырып киме т. б.

4-айналым - Сурет бойынша әңгіме. Төрт түліктің, жыл мезгілдерінің суреттері ілінеді, суретті пайдалана отырып, тақырыпқа қатысты мақал-мәтел, тұрақты тіркестер арқылы мәтін жазу.

5-айналым - "Кім тапқыр?"ойыны бойынша мақалдарды антонимдермен толықтыру

"Тілшілер" - 1. Үйдің . . . - . . . қыс түскенде білерсің, кімнің . . . - . . . іс түскенде білерсің.

2. Ашу- . . . , ақыл- . . .

3 . . . сөз- көмір, . . . сөз- алтын.

"Тапқыштар" - шаш, қас, бақ сөздері омоним болатын сөйлемдер құрау, осы сөздер қатысқан мақал-мәтелдер айту.

Мысалы: Әйелдің шашы ұзын, ақалы қысқа. Қасың берген асты дұшпан көрме. Бақ-ұзатылған қыз.

"Шешендер" - Табу, эвфемизм, дисфемизм қатысқан мәтін құрап әңгілеу. Мысалы: Менің ағам былтыр үйленді. Жеңешем бәрімізге ат қойды. Мені "Кішкенем", інімді "Шырақ", сіңлімді"Шырайлым" деп атап кетті. Ағамның үлкен ағалары мен апа-жеңгелерін де атымен атамайды. "Үлкен үйдегі қайнаға", "Жеделдес қайнаға", "Әнші жеңешем", "Үндемес", "Әкім абысын" деген аттары бар. Жеңешем о дүниелік болған адамдардың да атын тергейді. Жақында жеңешем бәрімізге қуаныш сыйлады. Біздің жанұя ат ұстатар мен шай құяр бқпелермен толықты. Мен жеңешеме дән ризамын.

Осы мәтінде табу, эвфемизмдер бар.

6-айналым - Топ басшыларына тапсырма. "Сөзтізбек" ойыны. Шарты: Әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасау. 2минутта 10сөз жазып шығу.

7-айналым - Сабақ эпиграфын ашу мәнінде "Тіл қадірін білмеген- ел қадірін білмейді" тақырыбына ойтолғау жазу.

Қорытындылау: Сабақтың қорытындысында 3топтың оқушыларының бағасы бағалау парақшалары бойынша шығарылады. Ең жақсы жауап беріп, белсенділік көрсеткен әр топтың 3оқушысына "Озат тілші", "Тапқыш ұлан", "Зерделі шешен" атағы табыс етіледі. Бұлар - "Тіл патшалығы" елінің көсемдері, ал қалған оқушылар, сендер -сол көсемдер бастаған елдің талантты ізбасарларысыңдар!


Ұқсас жұмыстар
5-6 сыныптарға арналған грамматикалық ойындар: қазақ тілі пәні бойынша әдістемелік құрал
7-сынып қазақ тілі сабағының жоспары: әдеби-экологиялық кіріктірілген сабақ - Тіл ұстарту (Табиғатты қорғау тақырыбы)
5-сынып қазақ тілі: фонетика бойынша тіл ұстарту сабағы Дыбыстар әлемі
6-сынып: Көркем шығармадағы портрет - қазақ тілі пәнінің тіл ұстарту сабағы (сабақ жоспары)
7-сынып қазақ тілі сабағының жоспары: Мемлекеттік тіл - менің тілім
Олимпиадалық ойындар: дене тәрбиесі сабағының әдістемелік жоспары
Мақал-мәтелдер тақырыбындағы қазақ тілі сабағының әдістемелік жоспары
Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі: қазақ тілі пәнінің мультимедиалық қайталау сабағының жоспары
Қазақ тілін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері: сөздік әдісі, дидактикалық ойындар және деңгейлік тапсырмалар
Сан есім: қазақ тілі сабағының оқу-әдістемелік жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz