Не білдік, не үйрендік?

Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласындағы №7 орта мектептің мұғалімі
Елусинова Кумуш Сынабаевна
Мектепалды даярлық тобындағы қорытынды сабақ. .
Сабақтың тақырыбы : Не білдік?, Не үйрендік?
Сабақтың мақсаты: Жыл бойы оқылған материалдарды қайталау, пысықтау, білімді бекіту. Тіл байлығын дамыту, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, баланың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Әдіс тәсілі: Ойын сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер, алфавит, 10 көлеміндегі натурал сандар т. б.
Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру.
- Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр, енді осы қонақтармен амандасып алайық.
Балалар: Сәлематсыздар ма?
Психологиялық дайындық.
Жарқырап күнде ашылды
Айналаға нұр шашылды
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!
- Балалар, бүгінгі бізің сабағымыз ерекше болмақ. Біздер бүгін сабақта дидактикалық ойындар арқылы жыл бойы өткендерімізді қайталайтын боламыз.
Ойын шарты: Барлық сұрақтарға толық және қатесіз жауап беретін боламыз.
Ал ендіше турмайық
Ойынымызды бастайық
Не үйрендік, не білдік
Соны ортаға салайық.
1. Ойын: «Есіңе түсір, жылдам айт»
- Адамға тіл не үшін керек?
- . . . , . . . , . . . , . . .
2. « Ойлан, тап » ойыны. ( тіл дамыту пәні бойынша)
Жұмбақтар шешу:
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама,
Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты,
Өзін де құртты.
Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп болып оралады.
3. « Сен білесіңбе?» ойыны.
-Қандай ертегілерді білеміз?
Ертегілердің сюжетті суретін көрсету. Балалар қай ертегі екенін табу.
4. «Жалғастыр » ойыны.
Өлеңнің екі жолын оқу. Балалар жалғастыру керек.
Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың, бауырың
. . .
. . .
Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
. . .
. . .
Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
. . .
. . .
Тасытқан соң күшімді,
Шынығуды бітіріп,
. . .
. . .
5. « Өз орныңды тап » ойыны. ( Айналамен қоршаған орта, экология пәні бойынша)
Жыл мезгілдері ретімен өз орындарына тұрады.
Күз, қыс, көктем, жаз.
Сұрақтар : Бір жылда неше мезгіл бар?
Әр мезгілде неше ай бар?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Сауат ашу пәнінен алған білімдерін тиянақтау.
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық ойланып.
- Балалар, біздер әріптерді, сөздерді оқуды, жазуды қай пәннен үйрендік?
- . . .
1. «Сөз ойла, көп ойла » ойыны.
а ) Әріптерден, буындардан сөз құрату. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Мысалы: а -дауысты , л -дауыссыз, м -дауыссыз, а- дауысты
ә ) кітап, әже, Айгүл, мектеп сөздерін қатыстырып сөйлем құрату.
2. « Ой қозғау »
Қайталанып келген әріптерді алып тастау арқылы жасырынып турған сөзді табу.
СҚСАРСЛСЫСҒСАСШ ҚАРЛЫҒАШ
Сұрақ:Қарлығаш қандай құс? Осы туралы қандай ертегі білеміз?
3. «Кім біледі?» Ойыны.
а ) Бала, машина, қуыршақ, балапан, балабақша сөздерін буынға бөлу.
ә ) Сөзді қалай буынға бөлеміз?
4. «Ойнайық та, ойлайық » ойыны.
а) Әріп көрсетіледі. Балалар қолындағы түстің көмегімен дауысты және дауыссыз дыбыс екенін мұғалімге көрсетеді.
5. «Адасқан сөздер» ойыны.
а) Тақтаға ілінген суреттердің астына кеспе әріптермен аттарын жазады. .
ә ) Осы сөздерге сөйлем құрату.
Математика пәнінен алған білімдерін тиянақтау.
Психологиялық дайындық .
Есептеуге жүйрік болған жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Досың солар табылатын қасыңнан.
Балалар, біз тура, кері санауды, қосу мен азайтуды, есеп шығаруды қай пәннен үйрендік?
а ) 0-ден 10-ға дейін тура санау.
ә) 10- нан 0-ге дейін кері санау.
2. « Тез есепте » ойыны. Ауызша.
3+1 2+2 6+2 7+3 10-5 6-3 7-4 8-5 9-4 9-2 10-7 8-3 6-4 5-3
3. « Орныңды тап » ойыны.
а) ретімен орналастыру
10, 5, 3, 4, 1, 6, 9, 2, 7, 8, 0 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
4. «Кім көп біледі?» ойыны.
Бір аптада неше күн бар?
- Ретімен айтып беру.
5. Сергіту.
Топ-топ топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық,
Жаса, жаса, Алтын күн!
Жаса, жаса, жарқын күн!
6. « Білгіш болсаң . . . » ойыны. ( балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту )
- Жұдырықта неше саусақ бар? (5)
- Анасының мысығы, иті, қызы бар. Анасында неше бала бар? (1) )
- Ағашта 4 құс отыр, оған тағы 2 құс келіп қосылды. Ағашта қанша құс отыр? (6 )
- Қолыңда 5 алма, табақта 2 алма қосқанда барлығын болады неше алма? (7)
- Көлден ұшты 4 қаз, қайтып қонды 2 қаз, ұшып кетті нешеуі? (4-2)
6. « Көршісін тап» ойыны.
3-тің, 7-нің, 9-дың, 6-ның, 10-ның көршісін тап.
7. « Жоғалған сандар » ойыны.
Қалдырып кеткен сандарды тауып орнына қою.
0 2 6 8 10
8. « Құрамын тап» ойыны . ( Гүлдің күлтесіне сандардың құрамын жазу)
8-дің, 9-дың, 10-ның құрамын табу.
Қорытындылау.
Сабақ соңында « Бақытты балалық шақ» әнімен аяқтау.
Мектепалды даярлық тобындағы
қорытынды сабақ.
Өткізген: Жаңаөзен қаласындағы №7 орта мектептің
мұғалім Елусинова Кумуш Сынабаевна
Жаңаөзен қаласы
№7 орта мектеп
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz