Көмекші есімдер және Астана қаласы: жаңа сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы : «Көмекші есімдер, Астана қаласы».

Сабақтың мақсаты:

білімділік : Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру, көмекші есімдермен сөз тіркестіру және сөйлемдер құрастыру;

дамытушылық : қазақша сөйлеу мәдениетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылық іс-әрекеттерін дамыту, сауатты сөйлеп, әдемі жаза білуді үйрету;

тәрбиелік : ұйымшылдыққа, ұстамдыққа, адамгершілікке үйрету, патриоттық сезімдерін ояту, елін, жерін, Отанын сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап, әңгімілеу, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі : «Көмекші есімдер» тірек-сызба, «Астана» -слайдтар, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы:

1 . Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа назарын аудару.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

2. Үй тапсырмасын тексеру. (барлық ережелерді қайталап келу)

-Буын түрлерін атаңдар. Мысалы.

-Зат есім деген не? Мысалдар.

-Зат есімнің неше септіктері бар? Қандай? Сұрақтарын айтыңдар . . .

- Ережені бекіту мақсатында бір сөз тіркесін жазып септеңдер. Оқушылар дәптерлерімен ауысып, бірін-бірі тексеріп бағалайды.

Тақтаға бір оқушы шығып сөз тіркесін жазып септейді, оқушылар

сол оқушының жұмысын тексеріп, қосымша сұрақ қойып бағалайды.

Мысалы:

А. с. бос уақыт+ым

І. с. бос уақыт+ым+ның

Б. с. бос уақыт+ ым+а

Т. с. бос уақыт+ ым+ды

Ж. с. бос уақыт+ ым+да

Ш. с. бос уақыт+ ым+нан

К. с. бос уақыт+ ым +мен

3. Жаңа тақырып . Көмекші есімдер. «Астана қаласы».

- Тақтадағы «Көмекші есімдер» атты тірек-сызбаға назар аударыңдар.

Заттың, нәрсенің атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдерді көмекші есімдер дейміз.

Көмекші есімдер : үсті , алды, жаны, іші , асты , арты, қасы, сырты

Көмекші есім тіркескен сөз ілік септігі жалғауын ашық жалғауы да мүмкін, мысалы; үйдің маңы, мектептің алды, баланың сөзі;

жасырын түрде де көрінуі мүмкін: үй маңы, мектеп алды, бала сөзі.

- Ережені бекіту мақсатында тақтада жазылып тұрған сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті көмекші есімдерді қойып жазыңдар. Оқушылар бір-бірлеп тақтаға шығады.

Керекті сөздер : жанында, асты, үстінде, қасына, ішінде, маңы, алды, сыртында

Мектептің . . . кітапхана бар. (ішінде )

Үстелдің . . . оқулық жатыр. ( үстінде)

Қаланың . . . өзен ағып тұр. ( сыртында)

Үй . . . тап-таза. ( маңы )

Есік . . . гүлдер өсіп тұр. (алды)

Аяқ . . . кілем төселіп жатыр. ( асты )

Ол тақтаның . . . келіп тұрды. ( қасына )

Мұғалімнің . . . оқушылар отыр. ( жанында )

-Сөздіпен жұмыс.

Сөздерді дұрыс оқып, сөз тіркестер, сөйлем құрастырыңдар(ауызша) .

Сөздерді сөздік дәптерлеріне көшіріңдер.

- Балалар, біздің тәуелсіз еліміздің бас қаласы қандай? -Астана.

Слайдқа назар аударыңдар.

Астана туралы қысқаша мәлімет тындаңдар.

(Астана туралы слайдтар. )

-Балалар, Астана туралы кім, қандай қосымша мәліметтер біледі?

Астана туралы ауызекі сөйлесу.

-Мәтінмен жұмыс .

2- тапсырма, мәтінді түсініп оқу. Орысшаға аудару. Көмекші есімдерді өзі байланысып тұрған зат есімдермен теріп жазу. (3 қатарды жарыстырып, тақтаға шығып орындату) . Бағалау.

3- тапсырма, берілген сөздерді тіркестіріп, сөйлем құраңдар. Бағалау.

4. Сабақты бекіту.

-Тест сұрақтары (15 сұрақ) . Бағалау.

-Астана қаласы сөзінен сөздер құрастыру.

(ас, аса, тана, ана, ат, сан, сана, нас, қал, қала, ал, сал, қыс, алыс, қыл, салақ, лақ . . . )

5. Сабақты қорытындылау. Бағалау.

6. Үйге тапсырма : ережені жаттау,

5-тапсырма. -өлеңді жатау,

6-тапсырма. - тапсырманы жазбаша орындау.


Ұқсас жұмыстар
6-сыныпқа арналған Астанаға саяхат және көмекші есімдер тақырыбы бойынша сабақ жоспары
6-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Астана қаласы
6-сыныпқа арналған сабақ: Астанаға саяхат - елордалық нышандар мен көмекші есімдер
6-сыныптың ауызша сабағы: Тұңғыш Президент және көмекші есімдер
Қазақ тілі сабағы: Біздің қала мен ауыл - көмекші есімдер
Сабақ жоспары: Астана - Қазақстанның бас қаласы
Астана - жаңа елорда: тарихы, Ақмолаға көшіру алғышарттары және сабақ жоспары
Реттік сан есімдер: сабақ жоспары (Ақтөбе қаласы №56 ЖОББМ, мұғалімі Е. С. Нугуманов)
Жаңа дәуірдегі жаңа Астана және қарсылықты салалас құрмалас сөйлем: қазақ тілі сабағының жоспары
Сан есімдер: дара және күрделі сан есімдер - 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz