Г дыбысы мен әріпі

Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Есір ауылы, Н. Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің І санаттағы бастауыш сынып мұғалімі Қабылдина Орынбасар Шәкіржанқызы

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әріпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік :оқушыларға Г дыбысы мен әріпі туралы түсінік беру және Г дыбысы бар сөздерді оқи білу дағдысын қалыптастыру, кеспе әріптерден жаңа сөздер құрап жазуға, оқуға дағдыландыру.

Дамытушылық: оқушыларға сөздердің мағынасы түсіндіру арқылы олардың сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік : Г әріпінің ережесін сақтай отырып, таза, ұқыпты жазуға баулу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын элементтерін пайдалану

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, дидактикалык материалдар,

презентация.

Сынып: 1

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды партаға дұрыстап отырғызу.

Психологиялық дайындық

Арайлап таң атты,

Алтын шапақ тарапты.

Қайырлы күн балалар !

Қайырлы күн ұстаздар !

Ой шақыру -Дыбыс дегеніміз не? -Әріп дегеніміз не?

2. Үй тапсырмасын тексеру.

-Балалар, өткен сабақта қандай дыбысты өттік ?

-Й дыбысын

-Й дыбысы қандай дыбыс?

-Дауыссыз дыбыс.

“Буыннан сөз құрау” ойыны:

ған

ман жан

қын Ай ша

лан

Жауабы: Айман, Айған, Айжан, Айқын, Айша, Айлан.

Жаңа сабақ:

Жұмбақ шешу

Жұпар исі еседі,

Жайнап бақта өседі .

Қайсы әріптен басталған,

Аты не? Кім шешеді?

-“ Гүл” сөзі қай дыбыстан басталып тұр?

-Г дыбысынан.

Г -деп айтайық.

-Г дыбысы қандай дыбыс?

-дауыссыз дыбыс.

-Г -ден басталатын сөз ойлайық

Оқулықпен жұмыс:

Дыбыстық, буындық талдау.

Гүл-бір буыннан, 3 әріп, 3 дыбыстан тұрады,

Бір дауысты, 2 дауыссыз дыбыс.

Хормен оқыту

Шеге Таға Белгі Жаға

шегеле тағала белгіле жағала

Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықты тастайық,

Әдемі етіп жазайық.

Ойын “Қол шапалақтау”

Шарты: Егер айтылған сөздің ішінде Г дыбысы болса, онда қол

шапалақтайсыңдар, егер Г дыбысы жоқ болса, онда қол

шапалақтамайсыңдар.

Көгершін, көбелек, бәйге, тай, гүл, балапан, гәзет, мысық, шеге, бүлдірген

Оқулықпен жұмыс.

Ай мен әтеш (ертегі) . Оқушыларға тізбектей оқыту.

Жазу дәптермен жұмыс.

Жазу дәптеріндегі Г дыбысының бас әріпін жазу.

Тапқышбектің тапсырмасы: Суреттен әңгіме құрастыру:

Ойланайық: Үлгі бойынша нүктелердің орнына керекті буынды қой:

Буыннан адам аттарын құрау:

Жауабы: Гүлсәуле, Гүлдана, Гүлмира, Гүлнәр, Гүлшат, Гүлжан.

Қорытынды : - Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

- Г дыбысымен әріпімен таныстық.

- Г дыбысы - дауссыз дыбыс.


Ұқсас жұмыстар
Дыбысына байланысты сөз ойла
Гдыбысы мен әрпі
Г дыбысы, әріпі
"әә дыбысы мен әрпі". 1-сынып. сауат ашу
Ә ә дыбысы және әрпі
Аквариум суретін көрсету
Неліктен дауысты дыбыс
Оқушылардың құраған мәтінін тыңдау
С дыбысы мен әріпі
У дыбысы мен әріпі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz