Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
"озық ойлы оқушы" сайысы
Қостанай облысы,Аманкелді ауданы, Есір ауылы,
Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің
І санаттағы бастауыш
сынып мұғалімі
Қабылдина Орынбасар Шәкіржанқызы
Сайыстың тақырыбы: Озық ойлы оқушы - 2013.
Мақсаты:
1.Оқушылардаң негізгі пәндерден алған білімін терендету, тапқырлыққа
ізденімпаздыққа жетелеу,ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін
арттыру.
2.Оқушыларды елін, жерін, онын дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу, білімді болып
өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
3.Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пендерге деген қызығушылығын
ояту.
Түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: интерактивтік тақта,слайдтар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе сөз
Сайысқа қатысушыларды таныстыру
Жүргізуші:Бүгінгігі сайыс барысынды ой - өрісін, білімдерін, ептілігін
сарапқа салатын боламыз.
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады
Ренжімей тараса озбагандар жарады
Жарыс заңы ежелден женімпазды анықтау
Озат болу шарты сол- еңбектену жалықпау
Сайысты бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстыру.
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,-деп сайысымыздың алғашқы шарты бәйге кезенің
бастаймыз.Бұл кезенде 10 сұрақ беріледі.Әр сұрақтың дұрыс жауабына 10
ұпайдан беріледі.Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап
береді.Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса,онда сұраққа екінші болып қол
көтерген ойыншы жауап береді.Ол ойыншының да жауабы дұрыс болмаса, сұрақтың
жауабын жүргізуші айтады.
ІІ.Негізгі бөлімі.
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп,кемелденді,біздің балаларымыз бен
немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағаның жауапты да
жігерлі,білім өресі биік,денсаулығы мықты өкілдері болады.Олар балаларының
йгі дәстүрлерін сақтай отырып,қазіргі заманғы нарықтық экономика
жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Бейбіт,жылдам өркендеу
үстіндегі,күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады»,-
дейді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
Елбасымыздың болашақ ұрпаққа сенім білдіргеніндей,ел болашағы-білімді
ұрпақта. Ол болашақ-мына сендерсіңдер.Сондықтан да бүгінгі тәрбие сағатымыз
«Білімді ұрпақ-ертеңгі ел тірегі» деп аталады.
Тәуелсіз ел болдық.Тілімізді,діңімізді,өнерімізді,салт-дәстүрімізді
жаңғырттық.Ендігі өмір талабы өзгеше,ол –білімділер заманы.Елбасымыз «біз
болашақта озық ғылыммен құраймыз»деген еді.Білім саласында әртүрлі
бағдарламалар жасалуда.Дәл қазір және болашақта қазаққа еңсесі биік,қадамы
мығым ұрпақ керек.Білімге бет бұру заман талабы екенін ойымыздан
шығармауымыз керек. Өйткені «Білім мен тәрбие-егіз»,енді білімімізді ортаға
салайық.Ортаға екі топ мүшелерін шақырамыз.
ІІІ.Танымдық жұмбақтар.
1.Келген емес жайдан-жай,
Жеңдік барлақ езгіні.
Тәуелсіздік алған ай,
Жылдың қай мезгілі? (Желтоқсан,қыс)
2.Тәуелсіздік жолында,
Тапқан жолдың шешімін.
Президенті қазақтың,
Айтшы, қане, есімін? (Нұрсұлтан Назарбаев)
3.Туымыздан күн қарап,
Күлімдейді әлемге.
Күн астында қандай құс,
Қанат қаққан бар елге? (Қыран)
4.Көк аспанның түсі бар,
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап,
Кімнің туы біліп ал! (Қазақстан)
5.Тәуелсіздік біз алдық,
Жеңіп шығып азапты.
Айға алғаш аттанған,
Атап бергін қазақты. (Тоқтар Әубәкіров)
6.Ғарыштар да,ғалам да,
Бір-бірімен кеңескен.
Жылдың қай айында,
Күн мен түн теңескен. (22 наурыз)
7.Жеті нәрсе қашанда,
Қосылатын заты бар.
Даяр болса,қазанда,
Бұл көженің аты бар. (Наурызкөже)
8.Айды барып айналып,
Ғылым іздеп қайтқан кім?
Абай әнін ғарыштан,
Жер жүзіне айтқан кім? ( Талғат Мұсабаев)
4.Ойнайық та, ойлайық
№1.Қораптағы қарындаштар таласып қалады.
Көк қарындаш:
-Балалар мені жақсы көреді.Мен ең қажетті түспін. Менімен аспан,теңізді
бояйды.
-Жоқ,ең қажетті түс менмін,-деді қызыл қарындаш.-Жемістер,мерекелік
жалаушалар менің көмегіммен боялады!
-Қарындаштар,бекерге таласпандар,мен ғой ең қажеттісі,ағаш,гүл
жапырақтары,жазы орман салу үшін мен керекпін!-деп жасыл қарындаш мақтанды
-Иә,таласа беріндер мен өзім-ақ білемің кімнің қажетті түс екенің,ол-
мен!Менімен күнді бояйды. (ол сары түс еді).
Сұрақ: Қорапта неше қарындаш бар?
№1.Қораптағы қарындаштар таласып қалады.
Көк қарындаш:
-Балалар мені жақсы көреді.Мен ең қажетті түспін. Менімен аспан,теңізді
бояйды.
-Жоқ,ең қажетті түс менмін,-деді қызыл қарындаш.-Жемістер,мерекелік
жалаушалар менің көмегіммен боялады!
-Қарындаштар,бекерге таласпандар,мен ғой ең қажеттісі,ағаш,гүл
жапырақтары,жазы орман салу үшін мен керекпін!-деп жасыл қарындаш мақтанды
-Иә,таласа беріндер мен өзім-ақ білемің кімнің қажетті түс екенің,ол-
мен!Менімен күнді бояйды. (ол сары түс еді).
Сұрақ: Қорапта неше қарындаш бар?
№3 сабақ.
Сауысқан ормандағы жануарларға:
-Асығындар, аралар бәріне бал таратады,-дейді.
Бірінші бөшкені көтеріп аю келеді.
Екінші кесе алып ақтиін келеді.
үшінші келген қоян табақ көтеріп келеді.
Төртінші түлкі құмыра акеледі.
Бесінші қасқыр кастрөл көтеріп келеді.
Сұрақ:
1.Қоян нешінші болып келді?
2.Ең кіші ыдыс кімдікі?
3.Ең үлкен ыдыс кімдікі?
№3 сұрақ.
Сауысқан ормандағы жануарларға:
-Асығындар, аралар бәріне бал таратады,-дейді.
Бірінші бөшкені көтеріп аю келеді.
Екінші кесе алып ақтиін келеді.
үшінші келген қоян табақ көтеріп келеді.
Төртінші түлкі құмыра акеледі.
Бесінші қасқыр кастрөл көтеріп келеді.
№ 4 сұрақ:
1.Қоян нешінші болып келді?
2.Ең кіші ыдыс кімдікі?
3.Ең үлкен ыдыс кімдікі?
№5 сұрақ:
Орманда бір үйшікте тату-татті аңдар тұрып жатыпты.Сендер олардың атын
сипаттамасына қарай тауып көріндер.
-Өзі қу,жүрген жері шу /түлкі/;
-көзі қитар,құлағы ұзын,қорқақ /қоян/
-кішкене ғана бойы бар, домаланған түрі бар.үнемі арқасында тасып жүрген
инесі бар./кірпі/
-түсі сұр,тістері ақсиған,сондай қорқынышты /қасқыр/
-Қорбандаған епсіз,өзі балды сондай жақсы кіреді./аю/
Сұрақ: үйшіктегі достар қанша?
№6 .
Орманда Данияр мен Дана жидек теруге келеді.Олар шырша түбінен бүлдірген
тапты.қайын жанынан қарақат терді.Терек ағашының түбінде итмұрын өсіп тұр
екен.
Сұрақ:
Балалар жидектің неше түрін кездестіреді?
№ 7
Орманда Данияр мен Дана жидек теруге келеді.Олар шырша түбінен бүлдірген
тапты.қайын жанынан қарақат терді.Терек ағашының түбінде итмұрын өсіп тұр
екен.
Сұрақ: Балалар жидектің неше түрін кездестіреді?
№8
Қарақаттың туған күніне Дана тотықұс сыйлады.Досжан табиғат суретің,Жансая
үлкен қуыршақ сыйлады.
Сұрақ: 1.Қарақатқа неше сыйлық әкелінді? 2.қанша досы келді?
№9
Біз жаңа үйге көшетін болдық.Бәріміз бір бір заттан көтеріп машинаға
тасыдық.
Папам менг мамам шкафты көтерді.Екі ағам диванды,інім екеуміз үстелді,4
орындықты тасыдық.
Сұрақ.1.үйде неше жиһаз бар еді? 2.Қанша адам тасыды?
5.Пәндер бойынша сұрақтар. Балалар деген сөзге талдау жаса.
Дүниетануға байланысты сұрақтар.
1.Жылдың неше мезгілі бар?
2.Есту мүшесі
3.Иіс сезу мүшесі
4.Табиғат құбылыстары
5.Тірі табиғат
6.Өлі табиғат
7.Үй жануарларын ата
8.Қысқа азық қорын дайындайтың аңдар?
9.Жорғалаушыларды ата?
Математикадан сұрақтар.
1 .Саянда болды 8 алма.
Сайранға берді 4 алма.
Ойланып,кәне көрейік
2 . Бәйгеге шықты жануарлар
Алға шықты бесеуі.
Қосылды оған екеуі,
Мәреге келді нешеуі?
3. Айманда болды 5 алмұрт,
Әселге берді 2 алмұрт.
Айманның қалды қолыңда,
Неше алмұрт,тез ойла?
Саянда қалды қанша алма?
4 . Далада жүр 3 түйе,
Қосылды тағы бір түйе.
Жалпы саны түйелердің,
Болды неше есепте?
5. Сегіз қияр базардан
Сатып алды Сәлімжан.
Бес қиярды алғанда
Қанша қалды дорбада?
Қорытынды. Жеңімпаздарды марапаттау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz