Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Білімпаз. 4-сыныптарға арналған сайыс

Тақырыбы: Білімпаздар бәйгесі
Мақсаты; 1.Оқушылардың білімгдеген құштарлығын,ізденісін,
қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілетін
дамыту.
2.Оқушыларды еркін сөйлеуге,өз білімін көрсетуге
шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.
3.Топпен жұмыс жасауға,ұйымшылдыққа баулу.
Барысы;
1-ж.Армысыздар құрметті ұстаздар мен 4-класс оқушылары.
2-ж.Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті.
1-ж. Ия,Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы-білім. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды,зердеге тоқудың нәтижесі.
2-ж. Ендеше бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
1-ж..Олай болса <<Білімділер бәйгесіне>> қош келдіңіздер! Ортаға сайысқа қатысушы 4 <<а>>және 4 <<ә>>класс оқушыларын шақырамыз.
2-ж.Бүгінгі сайыста әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1-ж.Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейік:
1.Ой жүйрігі (Сұрақтарға жауап беру)
2. <<Ұшқыр ойдан,ұтымды жауап>>
3. <<Әуенді тап>>
4. <<Тамаша төрттік>> (пәндер бойынша сұрақтар)
5.Көрермендермен жұмыс.
6. <<Сиқырлы сөздер әлемі>> (капитандар сайысы)
7. <<Қалдық затты іске асыр>>шығармашылық жұмыс
2-ж -Енді сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтсе.
4 <<а>>класс <<АЛҒЫРЛАР ТОБЫ>>
Асыл тастан,өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Қабылдаңыз шын жүректен,
Сәлем сізге жалынды.
4 <<Ә>>класс ТАПҚЫРЛАР ТОБЫ
Толағайдың тасындай,
Ұландардан тұрамыз.
Сөзге жүйрік баламыз,
Тапқырлар тобы осындай.

1-ж.- Ендеше ойынға қатысушыларға сәттілік дейміз.
1-кезең Ой жүйрігі (Сұрақтарға жауап беру) 1минут ішінде неше сұраққа жауап бере аламыз.
2-кезең. <<Ұшқыр ойдан,ұтымды жауап>>мақал мәтелдер мен жұмбақтар беріледі, 3 тілде жауап береміз.
1)Жүз мүйізі бар
Үстінде киізі бар (киіз үй-юрта-)
2)Күш-білімді
Білім- (кітап- книга-)
3.Бір санға өсірді
Өзі қалып орнында,
Бізді алға көшірді (сынып-класс-)
4.Талабы жоқ жас-қанаты жоқ (құс-птица-)
5.Сақталады 6 ай жаз,Сандығымда сары аяз (тоңазытқыш-холодильник-)
6.Бас кеспек болса да, кеспек жоқ (тіл-язык-)
7.Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап
Зыр жүгіре береді. (доп-мяч-)
8.Білім-теңіз, -кеме. (мектеп-школа-)
9.Ағайынды бес туыс
Жамылатын тоны бар,Бесеуінде бір қуыс (қолғап-перчатки-)
10.Көсем ел бастар,шешен...бастар. (сөз-слова-)
11.Қалқиып екі құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян-заяц-)
12.Өнер алды - .... тіл(қызыл-красный-)
13.Бір қораға қамалғандар,
Жану үшін жаралғандар (сіріңке-спички-)
14.....-көңілі балада. (ана-мать-)
15.Болса да көкте мекені
Кездеспейді екеуі (ай мен күн,луна и солнце )
16.Білекті бірді жығар,.....мыңды жығар (білімді-умный-)
17.Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады (жұмыртқа-яйцо-)
18.Досы жоқ адам,
....жоқ тағам (түз-соль-)
19.Сырты қызыл,іші тәтті,
Жеген жанды таңыртқатты. (алма-яблоко-)
20.......-мектеп жүрегі (МҰҒАЛІМ-УЧИТЕЛЬ-)

3-кезең. <<Әуенді тап>>
Музыка тыңдап,шығарманың атын атау.
4-кезең <<Тамаша төрттік>> Пәндер бойынша сұрақтар.Экранға назар аударайық.
5-кезең Көрермендермен жұмыс. <<АЙНА>>ойыны Бір-біріне қимыл көрсету.
1.Түйме тігу
2.Сурет салу
3.Цирктегі ойын
4.Жолға шығу
5.Кітап оқу
6.Би билеу
7.Ән салу
6-кезең. <<Сиқырлы сөздер әлемі>> (капитандар сайысы)
Қораптағы сөздерді алып,сол сөзді жұмбақ түрінде тобына жасыру.
7-кезең. <<Қалдық затты іске асыр>>шығармашылық жұмыс. Әр топқа бірдей қалдық заттар беріледі.Сол заттан пайдаға асар зат жасап шығару және түсіндіру.
1-ж.Сайыста жеңіс те бар,жеңіліс бар
Қуанып шаттанып,күлу де бар.
Білімдерін тамашалап,отыр қауым,
Сайыста әділқазы тағы да бар.
2.ж.<<Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар>>демекші,бүгінгі сайысымыздың таразылап әділ бағасын беретін әділқазылар алқасына сөз береміз.

1-ж.Адамға ең керегі білім деген,
Білімсіз ол қатарға ілінбеген.
Ойлама білім алсам қор болам деп,
Тұрғанда мына заман күлімдеген.
2-ж Бір қала,бір мектептің түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
<<Бірлік барда-тірлік бар>>деген бабам,
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.
1-ж.Осымен <<Білімділер бәйгесі>>өз мәресіне жетті.Қатысқандарыңызға рахмет, Сау болыңыздар.
1-ж.Армысыздар құрметті ұстаздар мен 4-класс оқушылары.
2-ж.Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті.
1-ж. Ия,Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы-білім. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды,зердеге тоқудың нәтижесі.
2-ж. Ендеше бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
1-ж..Олай болса <<Білімділер бәйгесіне>> қош келдіңіздер! Ортаға сайысқа қатысушы 4 <<а>>және 4 <<ә>>класс оқушыларын шақырамыз.
2-ж.Бүгінгі сайыста әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1-ж.Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейік:
1.Ой жүйрігі (Сұрақтарға жауап беру)
2. <<Ұшқыр ойдан,ұтымды жауап>>
3. <<Әуенді тап>>
4. <<Тамаша төрттік>> (пәндер бойынша сұрақтар)
5.Көрермендермен жұмыс.
6. <<Сиқырлы сөздер әлемі>> (капитандар сайысы)
7. <<Қалдық затты іске асыр>>шығармашылық жұмыс
2-ж -Енді сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтсе.

1-ж.Сайыста жеңіс те бар,жеңіліс бар
Қуанып шаттанып,күлу де бар.
Білімдерін тамашалап,отыр қауым,
Сайыста әділқазы тағы да бар.
2.ж.<<Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар>>демекші,бүгінгі сайысымыздың таразылап әділ бағасын беретін әділқазылар алқасына сөз береміз.

1-ж.Адамға ең керегі білім деген,
Білімсіз ол қатарға ілінбеген.
Ойлама білім алсам қор болам деп,
Тұрғанда мына заман күлімдеген.
2-ж Бір қала,бір мектептің түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
<<Бірлік барда-тірлік бар>>деген бабам,
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.
1-ж.Осымен <<Білімділер бәйгесі>>өз мәресіне жетті.Қатысқандарыңызға рахмет, Сау болыңыздар


Ұқсас жұмыстар
6-ға көбейту және бөлу кестесін пысықтау
Практикалық жұмысты орындау нұсқаулықтары
Инфомашка информатикадан викторина
Ақылды тақия
Сабақтар - сабақ
Ток күшіне тура пропорционал шама
Тақырып - Амандасу салты
Тараулар бойынша қайталау. 7-сынып
Алғашқы әскери дайындық пәнінен сыныптан тыс сайыс сабақ
Жас маман
Пәндер