Әдебиеттік оқу сабағы: Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі - мәтін идеясын ұғыну мен шығармашылықты дамыту

Пән мұғалімі : Калдина В. Т
Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Мәтін идеясын өз беттерінше ұғыну.
Сабақтың міндеті: 1. Мәтін идеясын өз беттерінше ұғынуға жол ашу. Әңгіме-
дегі басты кейіпкерлердің ойы мен қиялын дұрыс түсіну-
ге, автордың жазу тілінің шеберлігін айыра білуге мүм-
кіндік беру.
2. Оқушы қиялының шарықтауына, көркем сөздерді пайда-
лана отырып суреттеуге, көркемдеп сөйлеу шеберліктерін
шыңдай түсу.
3. Топпен жұмыс жасай отырып, өз пікірлерін
білдіруге, дәләлдеуге үйрету, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, көрнекілік, баяндау
Сабақтың көрнекіліктері:слайдтар, мультфильм, құстар суреттері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Күлімде күн, күлімде
Жер жасарып көгерсін.
Нұрын сыйлап біздерге,
Көкте мәңгі күн түрсын.
-Міне, балалар, бүгінгі күніміз шуақты, ашық болсын деп күнді тақтаның шетіне ілемін.
-Балалар, санаулы күндерден соң, қыс кетіп, көктем келеді, көктем ерекшеліктерін айтайықшы, қандай құстар ұшып келеді?
-Дұрыс, олай болса, жыл құсы қарлығаш туралы «Қарлығаштың ерлігі»атты бейнеролик тамашалайық.
-Мұндағы баланың ерлігіне қандай баға береміз?
-Олай болса, 1-топқа- Батырлық
2-топқа-Қамқорлық
3-топқа-Еңбекқор деп топқа бөлеміз.
3. Мағынаны тану.
Мәтінді алдын ала бөліп алған бөліктер бойынша жұмыс жасау. Әр бөлім бойынша болжау сұрақтарын қойып отыру. (-Оқиға әрі қарай қалай шиеленіседі деп ойлайсың?, Сен мұндай жағдайда не істер едің?)
Мәтінмен жұмыс.
1-топ Сөздік жұмысы
2-топ. Берілген суреттер бойынша тауып оқу.
3-топ. Мәтінде қарлығаш қалай суреттелген?
Қажет дерек «Халық ауа райын қалай болжаған?»
-Қыста қаздар қаңқылдаса-жылы болады.
-Қоөиөаз былтырғы ұясын жөндемей жұмыртқаласа, жаз құрғақ болады.
-Құстар ертемен жем іздеуге шықса, күн жауынды болады.
-Қарлығаштар аспанда самғап ұшса, күн ашық болады, төмен ұшса-жаңбыр болады.
Сергіту сәті «Көңілді балапандар биі»
Мультфильмнен үзінді «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
Шығармашылық тапсырма
1-топ. Киелі құстар туралы не білеміз?
2-топ. «Қарлығаштар қандайсың?»салыстыру
3-топ. Қарлығаш ұясын жасайық (ұя жасау)
Қорытындылау «Қос қарлығаш»әнін тыңдату. Сұрақтарға жауап беру. Мақал-мәтелдер айту.
Бағалау. Топ басшылары бағалайды
Үйге тапсырма: «Құстардың адамға пайдасы»әңгіме жазу. Мәтін мазмұнын баяндау.