Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

«математика алғыры» сыныптан тыс жұмыс


Қуанышева Сауле Ошақбайқызы
математика пәнінің мұғалімі
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Абай орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен
«Математика алғыры»
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, жарысуға,
жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді дарынды озық болуға
тәрбиелеу.

Армысыздар, қымбатты оқушылар, ұстаздар!
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән ғой математика, – дей келе, «Математика алғыры»
сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайыстың шарттарымен таныстырып кетейін. Сайыс 6 кезеңнен тұрады:
«Өзім туралы», «Бәйге», «Үш тұғыр», «Төрт таған», «Шешендік өнер» және
«Жорға».
Сайыс бар ма қазыларсыз, ағасыз,
Оның әрбір сөзіне нанарсыз.
Ел сенімін ақтай білер төрдегі,
Ұстаздардан әділдікті табарсыз, – дей отырып, төрдегі
әділқазы алқасымен таныстырып өтейін:
Сайысымыздың алғашқы кезеңі – «Өзім туралы». Бұл кезеңнің шартымен
таныстырып өтейін. Әр оқушы өздерін таныстырады. Барлық оқушылар таныстырып
болған соң әділқазы алқасы өзінің әділ бағасын береді. 10 ұпай мен 50 ұпай
аралығында бағаланады.

Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз,
Екінші кезең - Бәйге!
Бұл бұл кезең бойынша сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Кім бірінші
белгі берсе, сол оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай.
«Бәйге»
1. 9 + 9 * 9 – 9 : 9 = ? (89)
2. 80 санының 25%-і неге тең? (20)
3. 16 : 3x = 8 : 9 теңдеуінің мәні неге тең? (6)
4. y = ax2 функциясының графигі қалай аталады? (парабола)
5. Қарға 3 секундта 15 метр қашықтыққа ұшады. 7 секундта қанша жерге ұшады?
(35)
6. Үшбұрыштың ішкі бұрыштары 450, 1040. Үшінші бұрышын табыңыз? (310)
7. 2х + 8,5 = 19,7 теңдеуінің түбірі? (5,6)
8. Үшбұрыштың қабырғалары 17,4м, 11,9м, 10,5м. Периметрі неге тең? (39,8)
9. 23 санының квадраты неге тең? (529)
10. 9 санының кубы неге тең? (729)

«Үш тұғыр»
Келді кезек Үш тұғырды шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.
ІІІ кезеңіміз – «Үш тұғыр». Бұл кезеңнің шартымен таныстырып өтейін.
Экранда 9 ұяшық берілген. Ұпайы аз ойыншы бірінші болып таңдайды.
Шешімдерін дұрыс тауып, оны орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Әр
жауапқа 10 ұпай алынады. Ойын соңында ұпайы аз 4 оқушы ойыннан шығады.
1. Алма ағашта 8 бұтақ, әр бұтақта 5 бұтақша, әр бұтақшада 5 алма бар. Алма
ағашта барлығы неше алма бар? (200)
2. Арман ойлаған санын 5 есе арттырып, нәтижесіне 7,6 санын қосқанда,
қосынды 27,6-ға тең болды. Ержан қандай сан ойлады? (4)
3. 52 + 33 – 72 = ? (3)
4. Үшбұрыштың қабырғалары 18,5 м, 14,2 м және 13,3 м. Периметрін табыңыз.
(46)
5. 4х + 7у – 3х + 9х – 7у өрнегінің х = 5 және у = 9 болғандағы мәнін
табыңыз. (50)
6. 8 жарым таяқтың неше ұшы бар? (18)
7. Аулада 7 қоян және 6 қаз жайылып жур. Барлығы неше аяқ? (40)
8. Үшбұрыштың сыртқы бұрыштары 1500 және 1400. Үшінші сыртқы бұрышын тап.
(700)
9. Бөлуді орында: [pic] (3)
«Төрт таған»
Ойынымыздың келесі кезеңі «Төрт таған». Бірінші болып өткен екі турда
аз ұпай жинаған оқушы бастайды. Ойын соңында ұпайы аз 4 оқушы ойыннан
шығады.
Дәреже – 10
[pic] [pic]
Дәреже – 20
[pic] [pic]
Дәреже – 30
[pic] 10
Дәреже – 40
[pic] 1
Дәреже – 50
[pic] 2

Бұрыштар – 10
Бұрыштың түрлері (тік, сүйір, доғал, жазыңқы)
Бұрыштар – 20
Бұрыш дегеніміз не? (Бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген
жазықтық бөлігі)
Бұрыштар – 30
Бұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?
(Бұрыштың төбесінен шығып, оны қақ бөлетін сәуле)
Бұрыштар – 40
48049( минут арқылы есепте. (2929()
Бұрыштар – 50
Жазыңқы бұрыштың [pic] бөлігі неге тең? (1100)

Қысқаша көбейту формулалары – 10
[pic] ([pic])
Қысқаша көбейту формулалары – 20
[pic] [pic]
Қысқаша көбейту формулалары – 30
[pic] [pic]
Қысқаша көбейту формулалары – 40
[pic] [pic]
Қысқаша көбейту формулалары – 50
[pic] [pic]
Үшбұрыш – 10
Үшбұрыш дегеніміз не?
(Бір түзуде жатпайтын үш нүкте мен осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден
және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигура)
Үшбұрыш – 20
Медиана дегеніміз не?
(Үшбұрышың төбесін оған қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын
кесінді)
Үшбұрыш – 30
Үшбұрыштың 9 элементі
(3 төбесі, 3 бұрышы, 3 қабырғасы)
Үшбұрыш – 40
Үшбұрыштың түрлері
(қабырғалары әр түрлі, тең бүйірлі, тең қабырғалы, тік бұрышты, сүйір
бұрышты, доғал бұрышты)
Үшбұрыш – 50
Катет, гипотенуза дегеніміз не?
(Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғалары қатет, ал оған
қарсы жатқан қабырғасы гипотеуза деп аталады)

Білімнің ұшқырлығын татып сен,
Асып-тасып асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шешендік бұл кезеңде қажет екен, – дей келе сайысымыздың
келесі кезеңі – «Шешендік өнер». Бұл кезеңде ұпайы аз оқушы экранда
көрсетілген ұяшықты таңдайды. 10 – 100 ұпай аралығында бағаланады.

“Жорға”
Ең қиыны жарыстың “Жорға” келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Соңғы кезеңіміз Жорғаның шартымен таныстырайын. Әр ойыншыға жеке-жеке
10 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 10 ұпай. Ойын соңында ең көп ұпай жинаған
оқушы жеңімпаз аталады.
Бірінші оқушыға қойылатын сұрақ.
1. 9 ( 7= ? 63
2. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800
3. Бұрышты қақ бөлетін сәуле
биссектриса
4. 17 санының квадраты 289
5. Аулада 28 қоян жайылып жүр, аяқтарының саны қанша? 112
6. Тік бұрыштан үлкен, жазыңқы бұрыштан кіші бұрыш доғал
7. -78 және -87 сандарының қайсысы үлкен? -78
8. Шеңбердің диаметрі 44-ке тең. радиусы неге тең? 22
9. у = ах3 функциясының графигі не болады? Кубтық
парабола
10. Үшбұрыштың қабырғалары 19, 11, 20. Периметрі неге тең? 50
Екінші оқушыға қойылатын сұрақ
1. 8 · 6= ? 48
2. Үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы? 3600
3. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер Перпендикуляр
түзулер
4. 21 санының квадраты неге тең? 441
5. Аулада 23 қаз жайылып жүр, аяқтарының саны қанша? 46
6. Тік бұрыштан кіші бұрыш Сүйір
7. -68 және -65 сандарының қайсысы үлкен? -65
8. Шеңбердің радиусы 19-ға тең. Диаметрі неге тең? 38
9. [pic] функцияның графигі не болады? Гипербола
10. Үшбұрыштың қабырғалары 20, 19, 21. Периметрі неге тең? 60

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділқазы сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, грамотасын тапсырады.
Осымен сайысымыз аяқталды, сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс сабақтар
Сабақ кестесінің үлгілері
Сыныптан тыс жұмыстың жоспары
Мектеп координаталары
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Апталықты өткізу жоспары
Математика таңғажайыптар мен сиқырлылар әлемінде атты математикадан сыныптан тыс сағаты
Бүгінгі білім - ертеңгі болашағымыз
Математика, физика және информатика апталығы
Физмка математика журналдары
Пәндер