Ерте жастан шетел тілін оқытудың ерекшеліктері мен ойын әдістері

Шетел тілін ертен жастан оқытудың ерекшеліктері

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру- бүгінгі күннің талабы.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуінде ағылшын тілін меңгерту-басты міндеттердің бірі болып отыр.

Мектептегі басты тұлға-мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат- рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған, білімді тұлғаны қалыптастыру.

Американ ғалым философы Дейль Карнеги «Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолынан келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады» деген екен. Шет тілін, оның ішінде ағылшын тілін білу-заман талабы. Баланың тілді оңай меңгеруі үшін үлкен ынта, зейін, талап оқушының тілге деген бейімділігі қызығушылығы керек. Содан кейін ғана оқушының ойын дамыту міндеті келеді.

Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ересектеулеу балаларға қарағанда, олардың есте сақтау қабілеті де жоғары.

«Ойын-бала қанының азығы» деп С. Торайғыров айтқандай, бастапқы этапта шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол - ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Ойын арқылы баланың өтіп жатқан тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігі байқалады

Ойын үстінде сөйлемейтін, нашар оқитын оқушының өзі өзін жан-жақты көрсеткісі келіп, сыныптастарымен, ұстазымен қарым-қатынасын жақсартады, сөйлеу дағдысын байқатады. Ойын баланың жеке ерекшелік қасиеттерінің дамуына, ішкі жан дүниесінің жаңаруына, пәнге деген қызығушылығын оятады. Ойын оқушының байқампаздығын жетілдіреді, тілді білуге деген құмарлығын арттырады. Осыдан да ойын араласқан сабақтың жаңа түрін ойлап табу мұғалім шығармашылығын талап етеді.

Ойындар оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып ынтымаққа, бірлікке баулиды. Баланы оқыту, балаға берілетін білімнің сапасын арттыру, сабақтың жаңа заманға сай жаңаша сипатын күшейте түсу, оқушының пәнге сүйіспеншілігін дамыту әр пән мұғалімінің біліміне, ізденімпаздығы мен шеберлігіне байланысты.

Шет тілін ерте жастан оқытудың тиімділігі оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен бірге олардың сабаққа түгел атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі, бір-бірінен қалғысы келмей емін-еркін, сөздерді қайта-қайта айтуда бір-біріне ықпалдарының әсер етуі жақсы нәтижелерге жетелейді.


Ұқсас жұмыстар
Шетел тіліндегі сыныптан тыс жұмыс пен ерте жастан оқытудың педагогикалық негіздері
Шетел тілін оқытуда Шаталовтың тірек схемалары мен деңгейлеп оқытудың әдістері: Ж. Қараевтың Үш өлшемді оқыту технологиясымен үйлесуі
Шетел тілін оқытуда оқылым және айтылым дағдыларын ойын әдістері арқылы дамыту
Қазақстанда бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Шетел тілін оқытудағы инновациялық педагогикалық технологиялар мен ойын элементтерін қолдану
Орыс топтарында қазақ тілін оқытудың әдістері мен интерактивті технологиялары
Мектепте ағылшын тілін оқытудың инновациялық және тиімді әдістері
Шетел тілін оқытуда интернет ресурстарының тиімді қолданылуы
Қазақстан мектептерінде шетел тілдерін оқытудың өзекті мәселелері
Қазақ тілін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері: сөздік әдісі, дидактикалық ойындар және деңгейлік тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz