Көңілді тапқыр балалар сайысының информатика пәні бойынша жоспары

Сайыстың мақсаты: “ Көңілді тапқыр балалар ” сайысының

мақсаты оқушылардың информатика

пәнінен алған білімдерін жинақтау,

ой-өрісін мен танымдық қабілеттерін дамыту,

шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін

жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

Көрнектілігі: Қабырға газеттер, компьютер туралы шумақ

өлеңдер, эмблемалар, карточкалар

Өту барысы

  1. Ұйым кезеңі
  2. Екі команда қатысады. Әр қайсысында 6 оқушы.
  3. Әділ қазылар мүшелерін таныстыру.

I бөлім:

Ақпараттану күнбе - күн өрге басып келеді.

Таппай іздеп жүргенің компьютерге енеді-

Интернетке қосылу Бір - ақ жұмыс керегі!

а) 1-ші тапсырма: Әр топ өздерін таныстыру, газеттерін қорғайды.

( бағалау 10, 20, 30 балдық мөлшерде )

б) 2-ші тапсырма: Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау

жүйесіне ауыстыру.

II бөлім: “ Сәттілік кезең ” Екі командаға 15 сұрақтан беріледі:

I- команда сұрағы

  1. Вирусты емдейтін программа (антивирус)
  2. Информация өлшем бірлігі (бит, байт )
  3. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер (файл)
  4. Мәліметтер енгізу пернесі (Enter)
  5. Бос орын қалдыру пернесі ( пробел )
  6. Сурет салуға арналған программа (граф, редактор )
  7. Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон)
  8. Принтер неше түрге бөлінеді (3)
  9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы

(интернет)

  1. Компьютер жанына қойылатын өсімдік (кактус)
  2. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі

(алгоритм)

  1. Компьютер миы неден жасалған ()
  2. Сіздер жұмыс істейтін пернелік тақтада неше перне бар (107)
  3. Компьютердің миы (процессор )
  4. Интернет деген не? (Бүкіләлемдік компьютерлік желі)

I I - команда сұрағы

  1. Қағазға басып шығару құрылғысы ( принтер )
  2. Енгізу құрылғысы (пернетақта )
  3. Дыбыс шығару құрылғысы ( колонка)
  4. Бас әріптерді режимін іске қосу пернесі (Caps Lock )
  5. Ақпараттық ең кіші көлем бірлігі ( бит)
  6. Жыпылықтап тұратын тік сызықша ( курсор)
  7. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы ( CD-ROM)
  8. Мәтін жазуға арналған программа ( WORD)
  9. Компьютер тілі ( монитор)
  10. Сіздер қандай операциялық жүйемен жұмыс істейсіздер ( Windows’ XP )
  11. Windows сөзінің аудармасы ( терезе)
  12. ЭЕМ- ның неше буыны бар ( 4 буын)
  13. Кіші әріппен жазу үшін не сөніп тұру керек (Caps Lock )
  14. Тышқанның ішінде не бар ( шарик )
  15. Кілем үстіндегі құрылғы (тышқан )

2 тапсырма: Түсін мені: “ Қыстырма ”, “Күн және уақыт”, “Жұмыс үстелі”, “Қаріп” осы тапсырмаға келетін алып, түсіндіреді, компьютерде безендіреді. Терминологиялық мағынасын түсіндіреді

III бөлім. Сарамандық жұмыс

Екі командаға тапсырма беріледі. Соған құрастырып сурет салады, өлең шығарады

Қорытынды: Компьютер сенің көмекшің

Қаламың, әрі қағазың!

Керек емес демесің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрін де -

Ақпараттық заманның!

Әділ қазыларға сөз беру: Команда мүшелерін марапаттау, сыйлықтар тапсыру, Алғыс хаттар


Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі пәні бойынша Тапқыр достар сайысының жоспары
Мектептік Тапқыр балалар сайысының құрылымы, кезеңдері және бағалау ережелері
Тарих пәні бойынша Тапқыр болсаң, озып көр интеллектуалдық сайысының сценарийі
Математика, информатика және физика апталығы аясындағы Жұлдызды сәт атты көңілді тапқырлар сайысының бағдарламасы
Наурыз мерекесіне арналған информатика пәні сайысының ұйымдастыру жоспары
№3 орта мектептің Көңілді информатика сайыс сабағының жоспары (2011-2012 оқу жылы)
№4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының Тапқыр достар - 8-сынып оқушылары арасындағы информатика пәні бойынша білім сайысы
9-сыныптарға арналған информатикадан Көңілді тапқырлар сайысының өткізу жоспары
Тарих сабағына арналған Тапқыр болсаң, озып көр сайысының өткізу жоспары
Информатика пәні бойынша Білім биржасы зияткерлік ойынының сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz