Қазіргі заман мұғалімі

Қазіргі заман мұғалімі (эссе]

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар,
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар!

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық- ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе?! Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты - саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік - дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет - баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.

ХХІ ғасырдың ұстазы өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын сала білетін, ерекше талантты, күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. «Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі - белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі - жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі тәрбиеші - баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, - деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, -деген болатын. XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім - барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Өз елінің тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін бойларына сіңіргенде ғана нағыз азамат тұлғасы қалыптаспақ. Ендеше жоғарыдағылардың бірі кенішін созып жатса, санамызда саңылау, жүрісімізде сылтау пайда болары сөзсіз. Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» дегендей, мектептегі барлық пәндердің бір үндестігі, ынтымақтастығы тәрбиеге келіп тіреледі деп ойлаймын. Сондықтан тәрбиеші тәлімгер ретінде оқушыларымыздың жан-жақты білім алуы мен мәдени дамуына, балауса өнерлерін шыңдауға көп көңіл бөлемін. Оқушы жанын, ойын, өнерге деген құштарлығын байқап, баланың бал қылығын музыкамен, сахналық өнермен, спортпен байланыстырса, тұлға үлкен жетістіктерге жетпек.

Тұрмысы төмен, толық емес от басында дүниеге келген, мінез, тәртіптегі кемшіліктері бар, қиын оқушыларды түзу жолға салып, олардың жүректерін ізгілікке баулуда, эстетикалық сезімін оятып, парсаттылық қасиеттерін қалыптастыруда өнер арқылы тәрбиелеудің жемісін көріп келемін. Сабаққа кешігетін, оқуға қызығушылығы төмен оқушыларды өнер үйірмелеріне тарту арқылы жауапкершілікті сезінуге, сенімді ақтауға ұмтылу сияқты қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етемін. Бүгінгі күні мектепшілік арнайы профилактикалық есепке алынған оқушылардың болмауы, олардың жаппай мектепшілік, қала басындағы үйірмелерде бос уақыттарын үнемді әрі қызықты өткізілуінен деп сенемін. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей әр оқушының бойында қандай өнерге икемі барын анықтап, әншілік, бишілік, актерлік өнерге және спорт түрлеріне лайықтап баулудамын.


Ұқсас жұмыстар
Мұғалім туралы мағлұмат
Сын тұрғысынан ойлау-шыңдалған ойлау
Эссе «жаңа мектепке – қазіргі заман мұгалім»
Ұстаздық- ұлы құрмет
Топ атаулары
Жаңа заман, жаңа талап, жаңашыл ұстаз
<<Қазіргі заман сынып жетекшісінің портреті>>
Ақпараттық құралдары негізінде балалардың танымдылық құзыреттілігін жетілдіру
Мектеп жуналы
Шортанбай Қанайұлы Зар заман өлеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz