Асыл жанды ардакты қарттарым-ай

:

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы.

Ақшығанақ ауылы

Қ. Топаев атындағы орта мектебі

Мектеп директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары Мейірман

Гүлмира Тоқжігітқызы

Асыл жанды ардақты қарттарым - ай.

1 жүргізуші:

Есенсің бе? Қазыналы қарттарым,

Бабалардың бойға жиған салттарын.

Өздеріңдей ұлағатты болуға,

Өсиетіңді жүрегіме сақтармын - деп құрметті ауылымыздың ақ жаулықты аналары мен ертеңгі ұрпағына өсиет сөз айтар, тәлім - тәрбие берер ақ сақалды қариялары, сіздерді қарттар күні мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

2 жүргізуші: Бүгінгі мерекелік кешімізді бастамас бұрын «Өлі разы болмай тірі байымас» - деп бұл өмірден өтіп кеткен қарт әке әжелерімізге арнап дұға бағыштау үшін ортаға ауыл имамы Балғабай ағайды шақырамыз.

1 жүргізуші:

Қарттық деген қасиетті ұғым бір,

Мені өзіңнің пейіліңмен жылындыр.

Балалардың болашағын аңсаған,

Бойларыңда бір керемет жылу жүр.

Алғашқы орындалатын Нұржанов Орал ағайдың орындауындағы «Ауыл қарттары» әні сіздерге арналады. Қабыл алыңыздар!

Бүгінгі, қарттар күні мерекесінің алғашқы құттықтау сөзін ауыл әкімі Торбаев Бақытжан Қуанышбекұлына береміз.

2 жүргізуші:

Өне - бойың тұнған ақыл, ұлағат,

Ешкімге де жасамайсың қиянат.

Жайлап қана ақылменен түзейсің,

Жасап қойсам ұғына алмай бір ағат.

1 жүргізуші:

Ақсақалың - аппақ арың бекімі,

Армандарға жетелейді не түрлі.

Аппақ шашың - адалдықтың өлшемі,

Менің нұрлы болашағым секілді.

Құрметті ауыл ақсақалдары келесі орындалатын әсем ән сіздер үшін. Қабыл алыңыздар!

Халық әні « Құралай » әні орындайтын Төлебаев Тосынбай

2 жүргізуші: Бүгінгі мерекелік кешке жыр жолдарын тарту үшін келіп отырған жас оқырмандарды ортаға шақырамыз.

1 жүргізуші: Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама

Аспанымдай мәңгі жаса құлама.

Ер жетсем де еркелегім қалмайды

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы ана - дей келе сөз кезегін ардагерлер кеңесінің төрағасы Боқбасаров Қайсарбек әкемізге береміз.

2 жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй - деп Абай атамыз жырлағандай келесі кезекті Боқбасарова Меңдігүлдің орындауындағы

« Әке туралы ой » әніне береміз.

1 жүргізуші: Сақалыңнан айналайын қарт - бабалар,

Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?

О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,

Қанеки, нелерің бар салтқа жарар! -деп құттықтау сөз кезегін ауыл ақсақалы қарт ұстаз Сүйінов Манаш әкемізге береміз.

2 жүргізуші: Немереңіз Мадинаның орындауындағы «Немерем» әнін осындағы немере сүйіп кең өріс жайып отырған барлық ата - әжелеріміздің құрметіне жолдаймыз. Қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші: Бірде елді аралап келе жатқан Жәнібек пен Қаз дауысты Қазыбек би бір қарияға кездеседі.

Жәнібек би қарияға: Уа, ақсақал, ауыл берекесі қалай кетеді? - деп сұрапты

Қария ойланбастан: Ауыл ақсақалы шала болса, «ә» десе, «мә» дейтін, жасы үлкенін кішісі сыйламайтын қолы жара, көңілі қара болса, сол ауылдың берекесі кетеді - депті.

Қазыбек би: Уа, ақсақал, үй берекесі қалай кетеді? - депті.

Қария: Әйел қабағын түйіп керілсе, шай құйып беруге ерінсе, ұлы ұрысқа сай болса, келін керіске сай болса, сол үйдің берекесі кетеді - деген екен.

Олай болса үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін ынтымағы жарасқан ел болайық.

2 жүргізуші: Келесі құттықтау сөз бүгінгі кештің құрметті қонағы 13 бала тәрбиелеп отбасының ұйтқысы бола білген ардақты ана Балтай әжемізге беріледі.

1 жүргізуші:

Туғаннан құлыным деп аймалаған

Өзіңнен қымбат адам қайда маған.

Дүние аналармен көрікті ғой,

Онсыз бір бұлбұл құс та сайрамаған. - деп бүгінгі мерекелік дастархан басына келіп отырған ақ жаулықты аналарымыздың құрметіне Махатова Ақбөпенің орындауындағы

« Асыл әжем » әнін тарту етеміз.

2 жүргізуші:

Атаң болса әжеңмен

Алтыннан соққан қорғаның

Санаң болса ақылды

Ешкімнен кем болмайсың.

Келесі сөз кезегін ауылымыздың құрметті ақсақалы, қарт ұстаз Шалабаев Асанхан әкемізге береміз.

1 жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл - сәл кем бұра.

Нағыз қазақ, қазақ емес

Нағыз қазақ домбыра.

« Балапан қаз » әні орындайтын Байназарова Алма

2 жүргізуші: Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,

Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған.

Тіршіліктің тынысы мен ажары,

Ана деген - теңдесі жоқ жақсы адам . - деп келесі сөз көп балалы ардақты ана Бақтылы әжемізге беріледі.

1 жүргізуші: Ғаюпов Мараттың орындауындағы « Туған жер » әнін қабыл алыңыздар

2 жүргізуші: Келесі сөз кезегі ауыл имамы Балғабай әкемізге беріледі.

1 жүргізуші: Ән көңілдің ажары, ендеше келесі орындалатын әсем әнді қабыл алыңыздар. « » әні орындайтын

2 жүргізуші:

Қазыбектің аталас ағайындары Бертіс би мен Тілеуке би Қазыбектің ел ішіндегі абыройын көре алмай жастарының үлкендігін пайдаланып:

Ақылы елден артылған,

Ақылың болса мақтан.

Сенің жолың кіші ғой,

Ағаңның алдына шығудан сақтан, - дейді.

Сонда Қазыбек: Бір бала бар, атаға жете туады. Бір бала бар, атадан өте туады. Бір бала бар кері кете туады. Өркенің өссін десең кекшіл болма, кесапаты тиер еліңе. Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшірерсің. Басына іс түскенде бақырға қастық қылма, қайғысы көшер басыңа, - деген екен.

Олай болса келесі құттықтау сөз кезегі жас болса да бір ұжымға бас болып отырған Нұрдәулет Ахатұлына беріледі.

1 жүргізуші: « Даланың ару қызы » әні орындайтын Ақуат Жомарт

2 жүргізуші: Ортада мың бұралып «Өзбек» биін билейтін биші жас


Ұқсас жұмыстар
Қарттарым – асыл қазынам
"дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-саумысың" кеш
Құрметті қариялар
Қарттарым-асыл қазынам туралы ақпарат
Қарт ақынның дегені
Атаның сөзі - ақылдың көзі
Атам сөзі санамда, Жасы үлкенге жол берем
Ата сөзі санамда
Өзің қарттарды қалай құрметтейсің
Сынып жетекшісі. Сынып үздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz