Бастауыш сыныпта қатаң дауыссыздардың ұяң дыбыстарға айналуын бекітуге арналған жаттығу жұмысы

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы
Күләш Байсейітова атындағы
орта мектептің бастауыш пән мұғалімі Айтбаева Нұргүл Жайлауқызы
Тақырыбы: Жаттығу жұмысы.
Мақсаттары: 1) Өткен тақырыпты қайталап, бекітуге жаттығу жұмысын жүргізу, білімдерін тексеру, тапсырмалар орындау. 2) Оқушылардың зейінін, ойлау, қабылдау үрдістерін дамыту, шыңдау. 3) дидактикалық ойындар арқылы ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, елін жерін сүю, білімділікке баулу.
Көрнекілік: кітап, үлестірме, альбом, бұйым, жазылған сөздер.
Түрі: ойын түрінде, білімді бекіту.
Әдіс: сұрақ-жауап, түсініктеме, өзіндік кітаппен, дидактикалық материал, сурет арқылы жазбаша ауызша жұмыстар.
Пән аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, математика, өмірмен, ән сабағы.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (кезекші, түгендеу, сабаққа дайындық) .
ІІ. Үй жұмысын тексеру
(әріптерді алып, көшіріп жазу)
- сөйлем құрау
- қандай дауыссыз дыбыстар? К-Г
- басқа қандай дыбыс? Қ-Ғ, П ұяң -Б айналуы.
ІІІ. Кіріспе:
Мақсатын айту: Дауыссыз қатаң қ, п, к, дыбыстарының, ұяң ғ, б, г дыбыстарына айналуына жаттығу жұмыстарын орындау.
а) Дәптермен жұмыс (күн, тақырып жазу) .
ә) математика. уақыт бірліктері. ( ғасыр, жыл, 1 жыл-12 ай.
- қазіргі күз жыл мезгілі.
- мерекелер: 1) Білім күні, 2) Мұғалімдер күні, 3) (кітапты ашу, оқу) .
Қазақстан Республикасы 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Тәуелсіздігіміздің-21 жылдығы. Президентіміздің басшылығымен бүкіл әлемге танымал болдық. Мереке-той. Тойға кімдер келеді? Қандай халықпыз(қонақжай) . Мереке қарсаңына бізде қонақтарға дастарқан жайып, шашу ретінде білімімізді көрсетейік.
ІV. Жаңа, бекіту сабағы.
а) Дәмді тапсырмаларды орындауға кірісейік. (тапсырмалар-ойын түрінде екен) .
- Кітаппен жұмыс:
Қазақстан қандай ел? 135-жаттығу.
«Көкпар»-мәтін жазбаша а) оқу, ә) сөздік жұмыс: шикізат пайдалы қазбалар, кең-байтақ-үлкен. б) көшіру, қатаң дауыссыз дыбыстың астын сызу. в) дыбыстық талдау: Қазақстан, г) әрі қарай, әрі қарай ойыны. Мәтінді жалғастыруға бола ма?
Шығармашылық тапсырма: (ауызша)
(Альбом, сөз, суреттер арқылы мәтінді жалғастыру) .
Қонақжай, ұлттық ойындар, әнұран, елтаңба, билер, табиғаты, өнерлі, батырлар, ауыз әдебиетіне, әдебиетке, мұраларға бай, ту) .
(қатаң дауыссыз дыбысы бар сөздерді жазу) . д) сөздік диктант (сөйлем құрау.
Тәуелсіздік, қонақжайлылық, ұлттық. ж) қатесін тап.
Мақал: «Ынтымағы түпі-бірлігі»
«Ынтымақ түбі-бірлік».
Көп ұлтты мемлекет. (Халықаралық жағдай) . Америка, Ауғаныстан, Абхази-Грузия, Ташкент, Өзбекстан елдерінің арасындағы шиеленісті, қақтығыстар.
Мағынасын түсіндіру( мақалдың) дәптерге жазу (дұрысын) .
Қорытынды: Бірлігіміз жарасып, тәуелсіздігіміз баянды болып, еліміздің татулығын сақтап, бірлікке шақырып, тыныштық сақтайық, бейбітшілікте өмір сүрейік. Туымызды жоғары көтеріп, әнұранымызды шырқап, егеменді Қазақстанымыздың кімі болып өсеміз? Оқу-білім. Ы. Алтынсарин атамыздың шумағы.
V. Сергіту сәті «Қазақстан» әні.
VІ. «Бәйге жарыс» (тақтада) тапсырманы оқу) .
І. 138 жаттығу. Нұрбектің қасындағы (серік серігі) жақсы бала екен.
ІІ. 4 сөйлем: Інімнің есебін шығаруға көмектестім.
ІІІ. 5 сөйлем: Пілдің тұмсығы ұзын болады. (сұраққа жауап, өзара тексеру, сыйлық алу) .
ІV. Қорытынды: (сурет арқылы) .
- дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты дауыссыз ше?
- Ұяң, қатаң, үнді дауыссыздарды айту.
- Доп, тістеуік, мысық.
- Сөйлем құрау.
- п, к, қ дыбыстарының өзгеруіне сөйлем құрау.
Добы, тістеуігі, мысығы.
- қандай дыбыс келсе? (дауысты ы, і дыбыстары) . (Құттықтау «Мереке құтты болсын!».
VІІІ. Үйде; 136-жаттығу. (түсіндіру) «Теңге».
ІХ. Бағалау: Ерулік беру: