Excel электрондық кестесінде формулаларды енгізу және көшіру: 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспарлау
Сабақтың тақырыбы
Информатика
Формуланы енгізу және көшіру
Сілтеме
1. Е. В. Шевчук, Н. С. Кольева
8-кластың информатика оқулығы. «Мектеп» баспасы, 2012 ж. §8. 3, 100-103 беттер,
2. Н. Ермеков, С. Пилипенко «Информатикадан дидактикалық материалдар практикумы», «Мектеп» баспасы, 2004 ж. 11. 6-тапсырма, 86-бет
3. Н. Ермеков, С. Пилипенко «Информатикадан әдістемелік нұсқау»
«Мектеп» баспасы, 2004 ж. 112-113 -беттер
4. Е. В. Шевчук, Н. С. Кольева «Информатикадан әдістемелік нұсқау»
«Мектеп» баспасы, 2004 ж. 126-128-беттер
Жалпы мақсаттары
Ұйымдастыру
2 мин
Топқа бөлу
Басты меню, қою, бет өлшемдері, формулалар менюлеріндегі батырмалар салынған парақшалары бойынша төрт топқа бөлінеді.
- Басты меню тобында - Microsoft компаниясының президенті, Office қызметкерлері орналасқан.
- Қою тобында- инженер-техниктері
- Формулалар тобында-программалаушылар
- Бет өлшемдері тобында-сервис орталығы қызметкерлері
Бағалау критерийін, бағалау бетшелерін тарату.
1- әрекет. Үй тапсырмасын тексеру
- «Еске түсірейік!»флипчартында берілген 10 cұраққа«иә», «жоқ»түрінде жауап беру, дәлелдеп түсіндіру.
- «Бетпе-бет»рольдік ойыны. «MS Office»фирма өкілдерімен кездесу.
2- әрекет. Ой қозғау тапсырмалары.
№1 тапсырма. Белгісіз санды табу формуласын анықтау, санды табу, түсіндіру.
№2 тапсырма. Белгісіз сандарды қалай тапқандығын және Excel-де формуланы қалай қолданғандығын дәлелдеп айту.
3- әрекет. Мағынаны ашу тапсырмалары.
Автоқосындыны топтың түсіндіруі.
№3 тапсырма.
автоқосынды батырмасын қолдана отырып есептеу тиімділігін өздігінен ұғыну, өз ойын дәлелдеу.
№4 тапсырма. Функция шеберін топтың түсіндіруі.
Функция шебері батырмасын қолдана отырып, сандардың орта
мәнін табуды өздігінен ұғыну, өз ойын дәлелдеу.
№5 тапсырма. Көшіру жұмыстарын топтың түсіндіруі.
Формуланы көшіру арқылы дөңгелектің ауданын есептеу.
№6 тапсырма. Абсолютті сілтемені топтың түсіндіруі.
Абсолют сілтемені және формуланы көшірме жасау арқылы ұшақ билеттерінің бағасын теңге және доллар бағамына айналдыру.