8-сынып биологиясы: Адам ағзасындағы мүшелер жүйесінің үйлесімділігі мен ішкі және сыртқы секреция бездерін пысықтау

Сабақ жоспары
Адам ағзасындағы жеке мүшелер жүйесі қызметінің үйлесімділігі мен реттелуі
Ішкі және сыртқы секреция бездері тарауын пысықтау
«Ішкі секреция бездері»барельфті модель
«Адамның ішкі құрылысы» муляж
Постер құруға керек құрал-жабдықтар
Тест жұмысы
Сабақтың жүру барысы
Тапсырмалар
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу,
Оқушыларды түгендеу,
Топқа бөлу (әртүрлі түстер арқылы)
2) Үй тапсырмасын сұрау
Еске түсіру мақсатында жұмыстар жүргізу
А) Терминдер арқылы голосарий жүргізу (2-4 минут)
Ә) Постер құрғызып қорғату
- Ішкі секреция бездерінің қызметінің ауытқуынан туындайтын аурулар
- Бездердің орналасуы, гормондар
(15-20 минут) 4-топқа 4 тұрлі гормондардың әсерінен болатын аурулардың суреттері беріледі. Сол суреттегі аурулардың атын, белгісін, себебін анықтап планшетке түсіріп, бір оқушы қорғайды. Қалған топтағы оқушылар қатесін түзеп, жетіспеген жерін толықтырады.
Аса көңіл бөлу керек !
Бездердің орыны, гормоны, қызметі, туғызатын аурулары
4) Пысықтауға арналған тапсырмалар
20 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы
Тест тапсырмасын орындап болған соң интерактив тақтада сұрақтардың жауабы және баға қою тәртібі беріледі. Оқушылар бірінікін- бірі алмастырып тексеріп бағасын қойып, кері беріліп қатемен жұмыс жасалады. Мұғалім партасының шетідегі «5», «4», «3», «2» деген бағалардың тұсына алған бағалары бойынша қояды. Сол жерден қанша бала неше алды, саналып, бірден білім сапасы шығарылады.
- Білім беру
- Сыни ойлау
- АКТ
- Жас ерекшелік
- Оқуды бағалау
- Талантты және дарынды оқушы
- көшбасшы
Бағыт бере отырып, оқушылардың жұмыс істеуіне жағдай жасау
Сабақ соңындағы нәтиже Тақырыпқа байланысты негізгі ұғымды қалыптастыру
Терминдерді түсіну
«Тексерілді»
Оқу-ісінің меңгерушісі:
С. С. Ахметжанова