5-сынып қазақ тілі сабағы: Мақал-мәтелдер туралы аралас сабақ жоспары

Қазақ тілі 5-сынып

Салпанбаева Ақерке

Ә. Ниязбеков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

.

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

  1. Мақал-мәтелдер туралы түсіндіру, мағыналарын ашу, ұғындыру.
  2. Сауатты жазуға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, сөз арасында мақалдарды орынды қолдана білуге үйрету.
  3. Ана тіліне қызығушылығын арттыру. Ұжымдық жұмыс жасауда белсенділіктерін арттыру.

Көрнекілігі: Мақал мәтелдер жазылған қағаздар, «Мақал-мәтелдер» кітабы, қима қағаздар, суреттер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ұжымдық жұмыс

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.
  2. Үй тапсырмасын тексеру. 121-жаттығу. Өз досына немесе әдеби шығармадағы бір кейіпкерге фразеологиялық тіркестерді пайдалана отырып мінездеме жазу.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тұрақты тіркестер сияқты мақал-мәтелдер де әбден қалыптасқан, орныққан сөздер тобы. Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Мысалы: Кең болсаң, кем болмайсың.

Мәтелдерде ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.

Мәтелдердің мақалдан айырмашылығы мағынасы ашық болмай, ишарамен, тұспалмен айтылады. Мысалы: Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.

  1. Жатығулар орындату.

123-жаттығу. Қима қағаздарға әр түрлі тақырыпта мақалдар жазып, тақырыптық ауыл-ауылға бөліп орналастырып, әр ауылға ат қою.

Мысалы:1. Туған жер, Отан туралы. 2. Еңбек туралы. 3. Өнер-білім туралы. 4. Достық туралы. Балалар өздері осы тақырыптар бойынша білетін мақал-мәтелдерін әр қима қағаздарға жазады. Оларды аталған тақырыптар бойынша бөліп, ауыл-ауылға орналастырады.

124-жаттығу. Мақал-мәтелдердің екіші сыңарларын жасыратын ойын ойнату. Екі топқа бөліп, бірінші топ-жоғалтушы, екінші топ-табушы.

127-жаттығу. Адамның қасиеті туралы мақалдар тауып жазу. мысалы: « Жақсы адам-ел ырысы, Жақсы жер-жанның тынысы». «Қарау адам күншіл, Мекер адам міншіл».

129-жаттығу. Мақал-мәтелдерге құралған ребустарды шешкізу.

130-жаттығу. Ең қысқа мақал-мәтелдерді тауып жазу. Мысалы: «Күш-білімде». «Үміт өлмейді», т. б.

131-жаттығу. Өздері қалаған мақал мазмұнына сурат салдыру.

132-жаттығу. Ең қызық та күлкілі мақалдар тауып айту. Жарыс ұйымдастыру. . Мысалы: «Таз таранғанша той тарқапты».

Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма. 134-жаттығу. Суреттер топтамасындағы 23-суретке әңгіме құрау. Құраған әңгімелерінде мақалдың болуын ескеру.

Алматы облысы

Райымбек ауданы

Күрметі ауылы.


Ұқсас жұмыстар
5-сынып қазақ тілі сабағы: Мақал-мәтелдер - сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Мақал-мәтелдер және олардың ғибраттық мәні
5-сынып қазақ тілі: Мақал-мәтелдер тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер тақырыбындағы қазақ тілі сабағының әдістемелік жоспары
Мақал-мәтелдер - халық даналығы: 6-сынып қазақ әдебиеті сабағы
5-сынып: Мақал-мәтелдер тақырыбына арналған сабақ жоспары мен әдістемелік тапсырмалары
5-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Мақал-мәтелдер мен олардың айырмашылықтары
Ана тілі сабағы: Сөйлем, ән сабағы және мақал-мәтелдер (153-154 жаттығу)
5-сынып қазақ тілі: мақал-мәтелдердегі антонимдердің қолданылуы
Ағылшын-қазақ мақал-мәтелдерінің салыстырмалы талдауы және Алматы туралы ағылшын тілі сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz