Үйшік ертегісін балабақшада сахналау: сөздік қор, сөйлеу және әлеуметтік дағдыларды дамыту

« Үйшік» орыс халық ертегісі .
Мақсаты: Балаларды «Үйшік» ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Сахналау барысында жағымды- жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез- құлқын келтіру. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үйшік үйі, аңдар.
Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде орманда кіп- кішкентай ескі үйшік тұрған.
Бірде оны қасынан өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:
Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Жүргізуші: - деп сұрайды. Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
Бақа: - Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан : - Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын.
-Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші: - Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады. Енді үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді.
Қоян: - Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Жүргізуші: -деп сұрайды.
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
Қоян: - Мен қорқақ қоянмын!
Екеуі: - Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші: - Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүріпті. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезені қағады.
Түлкі: - Сүп-сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар ?
Жүргізуші: - деп сұрайды.
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: - Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?
Түлкі: - Мен қу түлкімін.
Үшеуі: - Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші: - Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады. Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ- жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған даусымен:
Бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: -Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: - Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: - Мен қу тү лкімін!Ал сен кімсің?
Қасқыр: -Мен сұр қасқырмын!
Бәрі: - Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші: -Қасқыр қысыла- қымтырыла ішке кіреді. Әйтседе кіп - кішкентай үйшікке бесеуіде сыйып кетеді. Барлығы қосылып ән айтады. Тату -тәтті өмір сүреді. Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар даусымен:
Сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?!
Жүргізуші: - деп ақырады.
Тышқан: -Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа : - Мен бақылдауық бақамын!
Қоян : - Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі : - Мен қу түлкімін!
Қасқыр : - Мен сұр қасқырмын!Ал сен кімсің?
Аю: - Мен қорбаңбай аюмын!
Бәрі: - Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші: - Аю ары- бер тырбаңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:
-Ендеше, мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын.
Жүргізуші: - дейді.
Бәрі: - Жоқ қара қандай дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой.
Жүргізуші: - деп шырылдайды іштегілер.
Аю: - Қорықпаңдар түкте болмайды.
Жүргізуші: - деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол- ақ екен, ескі үйшік сықырлап шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр барлығы аман - есен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта, барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша, достар өздеріне әп - әдемі, жаңа үйшік тұрғызып алады.
Ертегіні көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!
«Боранқұл балабақшасы» МКҚК
«Қарақұм» бөлімшесі
Өткізген: Ақмоншақ Смайлова