Компьютердің негізгі құрылғылары мен пернетақта: міндеттері мен мүмкіндіктері

Жүсіпова Мирамкүл
Қызылорда қаласы
№140 қазақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері. Пернетақта
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың компьютердің негізгі құрылғылары жөнінде білімін қалыптастыру
Дамытушылық: Тақырып бойынша бекіту тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін меңгерту, дамыту.
Тәрбиелік: Компьютер құрылысын білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Әдіс-тәсілдері: жұппен жұмыс, сұрақ-жауап
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы
Қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер : компьютер, электрондық оқулық, таратпа,
интерактивті тақта, Power Point- та жасалған слайдтар.
Пәнаралық байланыс: математика
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) ұжымдық әрекет;
б) техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Ой қозғау сұрақтары : а) Информатика деген не ? ә) Компьютер деген не?;
Үй тапсырмасын сұрақтар түрінде шолу :
- ХV ғ. Пайда болған санау құралы? (Есепшот (абак) )
- ХVІІ ғ. басында Дж. Непердің есептеу таяқшалары? (логарифм )
- Алғашқы арифмометрді құрастырушы? (1673ж. Г. В. Лейбниц)
- ЭЕМ-нің даму кезеңдері (буындары) нешеге бөлінеді? (5 буынға бөлінеді)
- Компьютердің барлық жұмысын басқаратын құрылғы қалай аталады?
- Жедел жад қандай қызмет атқарады?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Электронды оқулық пайдаланады.
Компьютер - есептеуіш. Дербес компьютер - бір-ақ адам жұмыс жасауға арналған. Компьютердің ең негізгі құрылғысы: жүйелік блок, монитор, пернетақта. Блок ішінде барлық ақпараттарды еске сақтап тұратын құрылғы - процессор орналасқан. Ол - «компьютердің миы» ең көп тараған процессордың түрі ПЕНТИУМ деп аталады.
Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған, олар деректерді өңдеуді, электр тогының қосылуын қамтамасыз етеді.
Жүйелік блок- алдыңғы тақтасында: компьютерді қосу/өшіру батырмасы, компакт-дискіден CD-ROM оқитын орналастырылған.
Монитор
- ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы.
Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер пиксельдер деп аталады.
Пернетақта - компьютерге әріптік және сандық ақпаратты енгізетін құрылғы Тышқан - ақпаратты енгізу құрылғысының бірі. Қос батырмалы. Сол жақ батырма - негізгі,
оң жақ батырма- қосымша батырмалар деп аталады.
Колонка - дыбыс шығару құрылғысы.
Сканер - қағаздағы кескіннің немесе мәтіннің көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы. Текстік және бейнелік ақпараттарды компьютерге енгізетін құрылғы.
Принтер -ақпаратты қағаз бетіне басып шығаратын құрылғы. Түрлері: матрицалық, түрлі-түсті, лазерлік.
Енгізу құрылғылары : пернетақта, тышқан, сканер
Шығару құрылғылары : монитор, принтер, колонка
Сергіту. Көз жаттығулары
ІV. Тапсырмалар. 1. Техникалық диктант Әрбір дұрыс жауапқа (+) қойылады.
- Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы . . . деп аталады.
- Компьютердің сыртқы жадына . . . , . . . , . . . жатады.
- Қағаздағы кескінді дисплей экранына шығаратын құрылғы . . . деп аталады.
- Компьютердің негізі құрамына кіретін құрылғылар . . .
- Қазіргі кезде ең көп тараған процессор . . . деп аталады.
- Басу сапасы мен конструкциясы бойынша ең қарапайым басып шығарғыш . . . деп атайды.
( сканер, дискеттер, пентиум, басып шығарғыш, матрицалық, жүйелік блок, пернетақта, манитор, маус, флеш диск, дискет )
2-тапсырма Компьютер құрылғыларына ертегі құрастыру.
3-тапсырма Жұмбақ шешу
1. Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп / компьютер /
2. Әдетте үнсіз тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын / принтер /
3. Компьютердің айнасы
Бағдарыңды таңдашы
Сурет, сөзін көрсетіп
Тиер саған пайдасы / монитор /
4. Жануарға ұқсас атым бар
Бағдар көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын
Ең қажетті құралмын
Білсеңдер қане айтыңдар / тышқан/
5. Саусақтарды билететін,
экранға мәтінді сый ететін,
жоқ деп мүлде айта алмайтын,
иә-ні қолдап қайталайтын береген / пернетақта/
4-тапсырма Процессорға қатысты «ДҰРЫС» тұжырымдамасы
V. Сәйкестендіру Сәйкестендіру арқылы сабақты бекіту