Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Дауылды жылдар жыршысы


Сартаева Ж.Ш.
Шымкент қаласы №50 А.Байтұрсынов атындағы
көпсалалы мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Дауылды жылдар жыршысы»
Сабақтың мақсаты: 1. Махамбет пен Исатай бастаған көтеріліс кезеңдерінен
мағлұмат беру.
2. Көтеріліс кезеңіндегі ақын өлеңдерінің идеялық тақырыбын меңгерту.
3. Ғазиз ақын, айбарлы батырдың жау қолынан қапыда қаза болуын ұғындыру.
Сабақтың түрі: сот сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Махамбет Өтемісұлының шығармалар жинағы дәйек-теме
сөздер, күйтабақ, буклет, диафильм. Махамбет туралы жазылған шығар-малардан
шағын көрме ұйымдастыру.
Сабақ барысында оқушылардың назарын өзіме аударып, сабақты ашамын.
Біз өткен сабақтарда Махамбет Өтемісұлының көтерілісті ұйымдастырудағы
басты мақсатын, өмірін және шығармаларымен толық таныстық. Сол туралы алған
білімімізді қорытындылау мақсатында бүгін сот сабақ етіп өткізгелі отыр-
мыз. Класс бөлмесіндегі орындықтар мен парталарды мүмкіндігінше сот залын-
дай етіп орналастырамын.
Хатшы – Тұрыңыздар сот келеді! (Сырттан сот өзінің құралымен кіріп,
орындарына жайғасады).
Хатшы: Сотқа қатысуға тиісті кісілердің барлығы келіп отыр.
Сот: Сот – сабаққа қатысып отырған бәріңізге де оқиға барысы жақсы
таныс. Қазақ халқы талай қиын кезеңдерді басынан кешірді. Айталық ХVІІІ
ғасырда қазақ жоңғар қалмақтарының шапқыншылығының салдарынан «Ақтабан
шұбырынды, алқа көл сұлама» аталған ұлы қырғынға ұшыраса, ХІХ ғасырдың
бірінші жартысындағы елеулі оқиғаның бірі шаруалар көтерілісі еді.
Енді осы шаруалар көтерілісінің тууына не себеп болды, соған келейік.
Бұл жөнінде бізге істі тергеуші түсіндіреді.
Тергеуші: ХІХ ғасырдың І-жартысында Ішкі Бөкей ордасында болған оқиға
былай. Ханы мен сұлтаны, төресі мен өлеңгіті Еділ мен Жайықтағы «Оза шауып
кең жайлаған» шаруалардың құнарлы жерін тартып, сұлтан – билерге Жәңгір хан
тартып алып беріп отырды. Оның үстіне алым-салықтың түрін көбейтіп, халықты
күйзелген үстіне күйзелте берді. Бұл озбырлықты жасаушы – Жәңгір хан. Оның
арқа сүйері патша үкіметі екені тергеу барысында анықталды. Жерінен,
малынан, еркінен айырылған халық қолына қару алып, хан сұлтандарға қарсы
аттануға мәжбүр болды. Бұл көтерілісті Исатай Тайманұлы мен Махамбет
Өтемісұлы басқарды.
Сот төрағасы: - жәбірленуші Махамбет Өтемісұлы кім? Мұны бізге хатшы
баяндайды.
Хатшы: - Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда
ауданында, Нарындағы Бекетай құмында дүниеге келді. Өтемістің 10 баласы
болған.
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде.
Жер қайысқан қол едік, - дейді Махамбеттің атасы Құлмәлі би,
батыр шешен адам болған деседі. Өтеміс, Айшуақ, Бөкей дәуіріндегі беделді
билердің бірі болған. Махамбет жас кезінен бастап ақын, шешен, мерген,
домбырашы болып өседі. Ол хан ордасында болып арабша да, орысша да хат тани
білген.
Бірінші айыптаушы: - Оқиғаның тура ортасында жәбірленушілер Махамбет
Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы жүреді. Олар халықтың ежелден кеткен кегі
үшін қолдарына қару алып, атқа қонады.
Көптің жинап мал күшін
Дұшпанда кеткен сол кектің
Ежелден бергі кегі үшін, - дейді ақын.
Махамбет жырлары арқылы халықты ереулі атқа ер салдырып, күреске
шақырған ақын. Ол «Ереулі атқа ер салмай» деген өлеңінде: ежелден бергі
кекті алу үшін қанша қиыншылық болса да шыдау керек екенін, күресте
қажымауға, тарықпауға, табанды болуға шақырады.
Екінші айыптаушы: - жоғарыдағы айтылғандардың барлығы да шындық. Исатай
мен Махамбеттің көтерілісті ұйымдастырудағы мақсаты жеке бастарының қамы
емес,көп қамы, қалың ел қамы. Ақынның «қара қазан,сары бала қамы үшін қылыш
сермедік» деп айтуы бұған дәлел бола алады.
Үшінші айыптаушы: - Махамбет ханмен сұлтандардың зұлымдық істері мен
жауыздықтарын әшкерлей білген патриот, реалист ақын.
Өйткені ол тек шындықты сүйеді. Ақын Орда маңында болған кезінде Жәңгір
ханға жауыздығын бетке айтады.
Хан емессің қасқырсың,
.... .....
Бұл өлеңінде ақын «Хан емессің» деп елді қасқырдай талағанын бетіне
әшкерлей айтып, патриоттық танытады. Тағы бір ашынған сәтте Махамбет:
Он екі төбет, шұнақ хан,
Шабатының ел екен,
Күндейтінің мен екен,
Хан ұлына қас болу,
Қара ұлына бас болу
Мендей ерге жан екен! – деп, тайсалмай айта білген.
Төртінші айыптаушы: - және бір айта кететін жай, Махамбеттің әш-
кереленген жауларының бірі – Жайықтың сол жағалауын билеуші, Баймағанбет
сұлтан еді. Көтерілісшілер жеңіліп, ақын жалғыз қалған соң, оның соңына
Баймағанбет сұлтанның қол астына қарайтын қазіргі Батыс Қазақстан, Атырау
облыстарын паналайды. Сұлтанның аңдуына түсетін кезі – осы тұс. Бірде
Махамбет Баймағанбетпен бетпе-бет кездесіп қалады. Ақынның «Махамбеттің
Баймағанбет сұлтанға айтқаны» дейтін өлеңі осы кезде туған.
Махамбет:
Еділдің бойы – ел тоғай,
... .... – деп, сұлтанның жер жебіріне жетеді.
Бесінші айыптаушы: - Исатай басшы мен қосшы деп жырлауынан халықты
көтеріліске ұйымдастырушылар Исатай мен Махамбет екені бізге белгілі болды.
Айлалы хан батырдың айласын ойлайды. Ол Махамбетті старшын етіп тағайын-
дайды. Ал Махамбет ханның ішкі залымдығын түсініп, одан бас тартпайды. Ол
әкімдікті өз мақсатына пайдалануды көздейді.
Алтыншы айыптаушы: - Үлкен айқас1836 ж 14 сәуірде Қиялымола деген жерде
болады. Хан жасағы Қарауылқожа ауыл ханның биі Талқы Құдайбергенов-тің
ауылын ойрандайды.
1937 ж 2 қараша күні Исатай мен Махамбет бастаған 3 мыңдай қол хан
ордасына 2 рет аттанады. Исатай күші жеткілікті хан сөзіне сеніп, қан
төкпей мақсатына жетпек болып, алданып қалады. Мұны ақынның «Әй, Махамбет,
жолда» деген өлеңінен байқаймыз. Мұнда ханның опасыздығын нанымды
суреттеген.
Жетінші айыптаушы: - Ақын «Соғыс» атты өлеңінде Гекке әскерімен айқасқан
шешуші соғысты бейнелейді. Соғыс Бекетай құмында болған. Гекке әскері сол
кездегі ұрыс құралымен қаруланған. 1838 жылы шілденің 12-сі күні осы ұрыста
Исатай Тайманұлы қаза тауып, Махамбет бірнеше жолдастарымен құтылып кетеді.
Исатай қазасынан кейін аз уақыт ақын жалғыздыққа, түңілушілікке бой
алдырады. Елде үрей пайда болады. Мұны «Қайда бар» деген өлеңінен
көруімізге болады.
Асыра келіп ойласам,
Бұл фәнидің жүзінде
Махамбеттей зарығып,
Мұңды болған қайда бар? – дейді ақын.
Бірақ Махамбет бұл дерттен тез айығады.
Сегізінші айыптаушы: - Ақын көп қуғын-сүргінге ұшырайды. Жәңгір де
Орынбор генерал – губернаторы да оның соңына қуғыншылар қойды. Оның көзін
құртқысы келеді.
Есіл ердің соңына түскендердің бірі Баймағамбет сұлтан еді. Ол
Махамбетті ұстап берген жанға он мың сом беремін деп жар салады. Ықылас
Төлеев деген опасыз, қанішер Ғазиз ақынды, қаһарлы батырды зұлымдықпен
өлтірген. Ашық айқаста емес, адал дастархан үстінде басын шауып алады.
Басын Баймағамбетке сыйға тартады.
Сот төрағасы: Сөйтіп, қорлықта жүрген халқына бостандық алып берем деп,
дұшпанмен кескілескен, халқын сүйген есіл ер, халық мұңын жырлаған
патриот ақын, реалист ақын, «Асыл ердің баласы тауды көрсе шыдамай,
көзінсалар қияға» деп бүкіл ғұмыр бойы поэзиясында ерлікті ту еткен
Махамбет осылайша жау қолынан қапыда қаза болғаны түсінікті болды.
Сот төрағасы сөзді (ақтаушыға береді).
І-ақтаушы: - Қазір айтылғандардың қай-қайсысына да таласу қиын. Бәрі де
шындық екені әңгіме барысында дәлелденді. Бірақ біз бір нәрсені ескермей
отырмыз. Абай атамыз: «Адамды заман билейді, кімде-кім жаман болса,
замандасының бәрі кінәлі», - деген ғой. Бір сәт біз де осы тұрғыдан ойланып
көрейік. Жәңгірдің Орда қазақтарына жасаған ең үлкен ізгілігі – мектеп
ұйымдастыруда. Мектепте араб тілі, орыс тілі, арифметика, жаграфия, физика
пәндері өтілген. Білім алған шәкірттері Петербор, Москва, Қазан, Уфа, Омбы,
Саратов қаласындағы жоғарғы оқу орнын бітіріп келіп, туған жеріне қызмет
еткен. Шынында да, Жәңгір ханның бойында қаталдық пен қайраттылық, өктем-
дік пен ерлік, мансапқорлық ұштасып жатыр. Сондықтан оның өзі ескіліктің
құрбаны. Заман ағынымен жүрмесе оның да көрер күні белгілі.
Сот шешімі: - Махамбет пен Исатай езілуші халықтың мұңын жоқтап, мұңын
жырлайтын өз ісінің адал ұлдары. Өз халқының бақыты үшін қандай қиыншылық
болса да төзе білудің үлгісін көрсеткен аяулы жандар. Олар жауына бас
имеді. Ақыры елі, халқы үшін, өздерінің мақсаты үшін ерлікпен өле білді.
Енді осы Исатай мен Махамбеттің өліміне себепкер болған Жәңгір ханды
соттаймыз деп сол заман ағымын соттағалы отырмыз. Өйткені кейіпкерлерді
күнәға итермелеп, мәжбүр ететін де сол заман. Бірақ Жәңгір бойындағы кемші-
ліктерді заман кінәлі деп тапсақ, адам жаны төзгісіз жан түршігерлік опасыз-
дыққа барғаны үшін Баймағамбет сұлтан мен оның жақтасы Ықыласқа халық
атынан, оқырман қауымы атынан қарғыс айтамыз.
Махамбет – ұлы тұлға. Ол қан майданының ақыны. Оның жайғасып отырып
бабымен жырлауға уақыты да, жайлы орны да болған жоқ. Махамбеттің ақындық
ерекшелігі де осында. Оның поэзиясы ереуілге шыққан халықтың құдыретті
үніне айналды. 1916 жылы ұлт азаттық көтеріліс жылдары «Ереуіл атқа ер
салмай» өлеңінің маңызы жөнінде Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» романында Тұрар
Рысқұловтың көтерілісшілерге қолбасшылық жасағаны жөнінде айтады.
Тұрар: - О, ағайын, араларыңызда ұста бар ма, ақын бар ма? – дейді.
Сілтідей тынып қалған халық не айтарын білмей, ақыны, несі,ақын не жейді
бұл жерден деп дағдарып қалады. Жұрттың шуы тиыла бергенде Махамбеттің
«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін тақпақтап жөнеледі. Осы кезде сарбаздар
үзіңгіге аяқтарын тіреп, ұшатын құстай қомданып, көздері от шаша бастағанын
байқайды.
- Апырай, кеудесінде жаны бар адамды атқа қондырмай қоймайтын жігерлі
жыр ғой мынау!
- Егеулі найза, ереуіл ат! А, құдай, қолда деп шуласқан екен, - дейді.
«Ер қаруы – бес қару»
Суретін іліп қоямын.
(Қане, кім айтады Махамбеттің қай өлеңінде осы сөздер кездеседі).
Орай да борай қар жауса.

Беркініп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге оқ салмай,
Қорамсаққа қол салмай.
Атқан оғы жоғалмай.

Көнерген сөздер.

Садақ – ертедегі әскери қару
«Соғыс» өлеңінен
Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында
Дуылға - әскери батырлардың бас киімі
Қазір қалай аталады. (каска)
Сауыт – батырдың киімі (броножилет)
Сот сабағынан соң оқушылардың білімін пысықтау үшін Махамбет
Өтемісұлының өмірі мен шығармасына арналған диафильмді көрсетем.
Ақынның күйшілік өнері жөнінде де тоқталамын.
Күйтабақ тыңдау.
Ұрпағымызға ақын бейнесін танытып бірнеше қаламгерлеріміздің шығарма-
ларын атауға болады:
1. Ә.Әлімжанов «Махамбеттің жебесі» романы.
2. Б.Аманшин «Махамбеттің тағыдыры» романы.
3. І.Жансүгіров «Исатай-Махамбет» 1936 ж. трагедиясы.
4. М.Шаханов «Нарынқұм зауалы» дастаны.
5. Б.Аманшин құрастыруымен «Жыр семсер»
6. Зерттеу еңбектері туралы.
«Әке үкімі» дастанынан көрініс.
«Ер қаруы – бес қару»
1. Садақ, 2. Қылыш, 3. Найза, 4. Айбалта, 5. Шоқпар.
Батыр дегеніміз – халық мүддесін көздеген халықтың адал туған ер жүрек
ұлы.
Ерлік туралы мақал-мәтелдер:
1. «Еліңді сүйсең, ерлік істейсің»
2. «Ер есімі – ел есінде»
3. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі»
Жорға
1. Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрді?
2. Жәңгірдің сарай ақындарының аты кім? (Байтақ, Жанұзақ)
3. Зұлқарнайын деген кім?
4. Үлкен айқас қай жылы болды? (1836)
5. М.Шаханов Махамбет туралы қандай дастан жазды?
6. Елді ерлік күреске үндеген өлеңдерін ата. «Бекініп садақ асынбай»,
«Ереуіл атқа ер салмай»)
7. Махамбет туралы кімдер зерттеу еңбектерін жазды?
8. Қандай күйлері бар? («Қайран, Нарын», «Баймағамбетке»)

1. «Махамбеттің жебесін» кім жазды?
2. Хан Жәңгірдің 12 биінің бірі болған ағасының аты кім?
3. Махамбет туралы жазылған драмалық шығарманы кім жазды?
4. Хан жасағын кім басқарды? (Қараулық ата Бабатанұлы)
5. Исатайға арнаған өлеңдерін ата.
6. Махамбетті өлтірткені үшін Баймағанбет қандай патшадан сый-сияпат
көрді? (генерал шенін алды)
7. Философиялық лирикаға жазған өлеңдерін ата. («Аспандағы боз торғай»,
«Арғымақтың баласы», «Толғау»)
8. Махамбет ақындықтан басқа қандай өнерді игерген?

Үйге тапсырма: Махамбет өлеңдерінен метофора, эпитет, гипербола, рито-
рикалық сұрақтарды тауып, дәптерлеріңе жазып келіңдер.
Қазіргі педагог ғалымдар оқыту әдістерін былай жүйелейді:
1. Түсіндірмелі иллюстративтік
2. Программалық
3. Проблемалық
4. Модельдік
5. Дамыту оқыту технологиясы
6. Деңгейлеп оқыту технологиясы.
Модельдік әдістерге іскерлік ойындары, сабақ түрлері (баспасөз сабағы,
сот сабағы) жатады.
Модельдік әдіс оқушылардың өз бетінше ізденуіне жол ашады. Қиялын, ойын
ұштайды.
Нені дамыту керек?
1. Сезімін, түйсігін
2. Қабылдауын, ынтасын
3. Зейінін, есте ұстауын
4. Ұғынуын
5. Ойлау, қиялдау, болжау қабілетін
6. Жауапкершілігін
7. Өз бетінше ізденісін
Оқушы белсенді субъекті, ал мұғалім көмекші.


Ұқсас жұмыстар
Ерлік пен елдік - махамбет ұраны
Жамбыл жабаев "менің өмірім"
Жүз жыл жырлаған жүрек (әдеби кеш)
Қайық сурет
Мәншүк туған облыс
«қайдасың, қасқа құлыным» атты оқырмандар конференциясы
Бөкей хандығындағы Исатай - Махамбет бастаған қозғалыс
Туған жерді сүю парыз, Туған жерді күту - парыз
Қасым Аманжоловтың портреті, интерактивті тақта
Сәбит Дөнентаев Уақ - Түйек өлеңдер жинағы
Пәндер