Дін -тәрбие діңгегі

Дін -тәрбие діңгегі
Кіріспе:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар 25 қазаннан-5 қараша аралығында «Дініңді сақта, салтыңды сатпа, сенімді ақта, ел болашағы - жастар!» атты онкүндік аясында 8-9 сынып оқушыларымыздың қатысуымен «Дін -тәрбие діңгегі» атты кездесуімізге қош келдіңіздер .
Кездесуіміздің мақсаты:
- Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;
- Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарға ой салу;
- Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;
- Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт-дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу.
Қонақтармен таныстыру: Бүгінгі кездесуімізге келіп отырған қонақтармен таныстырып кететін болсам
Балмағанбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің бас имамы
Ішкі саясат бөлімінің бас маманы
Мұғалімнің сөзі;
Бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді қарым-қатынас жасауы үшін елімізде қолайлы жағдайлар жасалған.
Сонымен қатар, Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар басқа елдер үшін үлгі болып табылады.
Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмнің қауіпті формаларына бой алдырып, азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіруде.
Соңғы кездері экстремисттер бейбітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.
Шындығында, дін зайырлы қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан құзырлы мемлекеттік мекемелер еліміздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделік танытады
Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса өзекті болып отыр. Терроризм - бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.
Осы жерде сіздерге мына бір бейне баянды ұсынғым келіп тұр, назар аударайық.
(Бейне ролик кетеді. )
Енді біздің мақсатымызда осы жастарды осындай жат діни ағымдардан аулақ болуға шақыру. Олай болса біздің мына отырған жастарымызға өз ақыл кеңесіңізді айта отырсаң деп сөз кезегін Балмағанбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің имамы береміз,
Оқушылардың сізге қояр сұрақтары бар екен, ендеше кезекті оқушыларға берсек.
Мұғалімнің сөзі:
Қазіргі кезде ҚР көптеген діни экстремистік ұйымдарға тиым салды.
Слайд №1
Сонымен қатар оқушылардың есінде сақтап жүру үшін мына ережені ұсынғым кеп отыр.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz