Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Өсімдік - өмір сәні, өмір нәрі. 6 сынып
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы Қоғалытүбек ауылы
Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебі
Султашова Жанар Касымовна
Сабақтың тақырыбы: «Өсімдік - өмір сәні, өмір
нәрі»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын оята отырып,
білімдерін тиянақтау
Сабақтың міндеті: а) биология пәнінен алған білімдерін нақтылау,еске
түсіру, естерінде қалдыру;
ә) экологиялық және эстетикалық тәрбие беру;
б) күнделікті өмірде өсімдіктің алар орны мен маңызын
терең түсіндіру
Сабақтың түрі: Сайыс
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер
«Бір тал кессең, он тал ек»
«Дала көктен шығады, дәрі шөптен шығады»
«Өсімдік - өмір кілті»
«Сенің денеңнің қуаты, өсімдіктің шырынында»
Барысы. Балалар біз бүгін сіздермен «Өсімдік - өмір сәні, өмір нәрі» атты
сайыс сабағымызды түрінде өткізгелі отырмыз. Биология пәнінен алған
білімдеріңді, қосымша өздерің оқыған материалдардан білгендеріңізді бүгін
ортаға салмақпыз. Сәттілік тілеймін.
Бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен танысып өтсек:
I. Таныстыру
II. Бәйге
III. «Кім білгір»
IV. Ғажайып биология
V. Полиглот
VI. Мен қай өсімдікпін?
VII. Қиял ғажайыптар әлемінде
Алдымен ортаға бүгінгі сайысымызға қатысушыларды ортаға шақырайық:
І топ: «Жауқазын»
ІІ топ: «Қызғалдақ»
Көңілді тапқыштар, білімділер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен танысайық:
Жаны жайсаң, жүрегі толған нұрға,
Шәкірт үшін биік тұлға , зор тұлға.
Асқақтатқан абыройын мектептің,
Ризамыз Айгүл Оразайқызына.
Мектептің ыстығына күйетін,
Шәкірттері қадірлейтін сүйетін.
Райхан Қайратқызы сынды, ұстазымыз,
Жүрекке жыр , көңілге сыр түйетін.
Бүгінгі күн үш тілді де меңгерген,
Өгейсітпей үшеуінде тең көрген.
Эльмира ұстаз шәкірттерге ұқтырар,
Кедергі жоқ үш тілдіде кем көрген
I. Таныстыру
«Сәлем сөздің анасы»
Дейтін қазақ данасы.
Сәлемдесіп, танысып,
Сайысымызды бастайық.
Екі топтың топбасшылары топтарын таныстырады.
ІІ тур: «БӘЙГЕ»
(Тез жауап беріліуі керек . Әр дұрыс жауап 1 баллмен есептеледі)
Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,
Қосатұғын күрең атын, боз атын.
Басталады «Бәйге» атты жарысың,
Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын.
1 Өсімдіктерді зерттейтін ғылым.\Ботаника\
2 Қазақстанның қызыл кітабы қашан шықты? . \ 1981 жылы\
3. Қазақстанда қанша қорық бар? . \1 0 \
4 Өсімдіктің өсім мүшелерін ата.\ тамыр, сабақ, жапырақ\
5 Өсімдіктің көбею мүшелері . \ гүл, жеміс, ұлпа\
6 Жасушаны ашқан ғылым . \ Роберт Гук \
7 Тек өсімдік жасушасына тән денешік . \ пластик \
8 Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы \ ұлпа\
9 Қарашірік, шымтезек қандай тыңайтқыштарға жатады \органикалық\
10 Тамыр шығу тегіне байланысты нешеге бөлінеді, оларды ата
\
3- ке негізгі, жарнама ,қосалқы \
11 Бір жыл ішінде пайда болған сүрек қабаты \жылдық сақина \
12 Күн гүлі деп аталатын өсімдік \ күнбағыс \
13 Ең ірі жеміс \ асқабақ \
14 Фотосинтез процесін ашқан ғылым \ Тимирязов \
15 Жапырақтары түгелдей тікенге айналған өсімдік \ кактус \
16 Жарықта өсімдік жапырағынада жүретін проссесс \ фотосинтез\
17 Түрі өзгерген жер асты өркендері \ тамырсабақ , түйнек , пиязшық \
18 Түйнекте жетілмеген жапырақтың құрап түсіп қалған ізі \көзше\
19 Бидайдың жемісі не деп аталады \ дәнек \
20 Бір гүлде аталық пен аналықтың болуы \ қос жынысты
ІІІ тур «Кім білгір? » (1 балл)
(тест жұмысы )
1. Өсімдіктің көбею мүшелері
а) тамыр ә) жапырақ б) сабақ
в) гүл, жеміс
2.Тұқымның ішіндегі қор заты:
а) ұрық ә) тамырша б)
эндосперм в) тұқым жарнағы
3. Фотосинтездің негізін салған:
а) Ван Гельмонт ә) Тимирьязов б)
Р. Гук в) Мичурин
4. Өсімдіктерді зерттейтін ғылым
а) Зоология ә) Ботаника
б) Биология в) Цитология
5. Дүние жүзінде ағаштардың ең көп түрі өсетін аймақ
а) Солтүстік Америка ә) Оңтүстік Америка б) Евразия
в) Австралия
6. Өсімдіктерде қоректік заттың қозғалатын бөлігі
а) Камбий ә) сүрек
б) өзек в) тоз
7.Ең ұзақ жасайтын ағаш?
а) Қайың б) Қарағай
ә) Емен в) Шырша
8.Күн баласы атанған өсімдік
а) күн бағыс б) күріш
ә) мақта в) тары
9. Ең жылдам өсетін өсімдік?
а) бамбук б) лиана
ә) эвкалипт в) баобаб
10.Өсімдіктің қай мүшесі « Жасыл асхана» деп аталады?
а) сабақ б) жапырақ
ә) жеміс в) тамыр
ІV тур «Ғажайып биология»
Биологиялық диктант
1. Өсімдікке жасыл түс беріп, фотосинтез процесіне қатысатын жасыл
пигмент - ..... бар.
2. Цитоплазма ішіндегі шырынға толы, сыртында қабықшасы бар қуысты .....
дейді.
3. Жасуша .....,......,....... .
4. Қабықшасы қалың, қатты, ыстық суда, қышқыл мен сілтіде ерімейтін .....
тұрады.
5. Цитоплазма ішінде ерекше оқшауланып тұратын тығыз дене - ...... .
6. .......жапырақтан сабақ бойымен қозғалып келген органикалық заттардың
тамыр, түйнек, тамырсабақтарда қорға жиналуына қатысады.
7. ....... жасуша ішінде болатын жұмыртқа ақуызына ұқсас мөлдір, желім
тәрізді созылмалы, қоймалжың тірі зат.
8. Хромопласт пластидтер дамуының ...... .
9. ....... ...... жасушалары мен өсімдіктердің шырынды мүшелерінде
жасуша шырыны өте көп.
10. Пластидтер гүл күлтелеріне, піскен жемістерге, жемтамырларға .....,
...... түс береді.
( 1. Целлюлозадан 2 . Цитоплама 3 . Ядро 4 . Хлорофилл
5.Лейкопластар
6. Вакуоль 7 .Піскен жемістердің 8. Тыныс алады,
қоректенеді, өседі
9. Қызыл,сары 10Ақырғы кезеңі)
V тур «Полиглот»
Ұлылардың ұрпағымыз кешегі,
Ой қалдырған, сөз қалдырған
еселі.
«Полигот» сайысына қатысып ,
Жұмбақтарды үш тілде кім
шешеді?
1 Өсімдіктің жер асты мүшесі \ тамыр - корень – root \
2 Ең ірі жеміс \ асқабақ - тыква - pumpkin \
3 Өсімдіктің қай мүшесі ( жасыл асхана ) деп аталады?
( жапырақ – лист - letter)
4. Өсімдіктің бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінетін бөлімі
(сабақ-стебель- stalk)
5. Көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген,
қысқарған өркен (гүл-цветок- flower)
6. Мәңгі жасыл ағаш (шырша - ель- spruce)
VI. Мен қай өсімдікпін?
• Мен Жорарта теңізінде дүниеге келдім. Мен әртүрлі боламын. Көбінесе
Иранда, Жерорта теңізі, Каспий теңізінде жағалауында, Индия мен
Қытайда кездесемін. Жемтамырымда өте көп қант бар, оны ешкім білген
жоқ. 1747 жылы неміс химигі Маркграф менің құрамымда қант барын тапты,
ал 1799 жылы Франц Ахард бірінші рет бірнеше кг қант алды. Одан әрі
Ресейге өткізді. Мен қазіргі уақытта сұранысы жағынан үшінші
орындамын. Тыныштандыратын дәрі ретінде балалардың жүйке жүйесіне
пайдаланыламын (Қызылша)
• Менің Отаным Индия. Арабша бадиншаш, баданжан деп атайды. Ерте кезде
өте ащы болғанмын. Мені ешкім жей алмады. Пісірілген күйімде арабтар
тіс ауырғанда емдеу кезінде пайдаланды. Еуропаға УІ ғасырдың аяғында
келдім. Мені бағалау үшін 300 жыл керек болды. . (Баклажан)
• Мен Азияда тудым, бірақ Еуропа мен Африкада тұрамын. Орта ғасырларда
мен ібатырлар кеуделеріне тұмар ғып жүрген, өйткені мен әр түрлі
оқтан, садақтың оғынан қорғап жүргенмін. Тіс ауырғанда пайдаланады
мені.Өзіме тән исім бар. С дәруменінің көзімін, сондықтан тұмаумен
ауырған кезде пайдаланасын мені. (Сарымсақ)
• Еуропалықтар Оңтүстік Американы ашқан кезде мені «маис» деп атаған
және мен осы кезге дейін сол қалпымды сақтадым. Менің алғашқы өкілімді
Еуропаға Х.Колумб әкелген болатын. Бұл данамды Х. Колумб корольге
сыйға тартқан болатын. Мен біржылдық, астық тұқымдасына жататын, жылу
сүйгіш , дара жынысты, бір үйлі өсімдікпін.
VII. Қиял ғажайыптар әлемінде
Жоспар бойынша 5 минутта бір жеміс немесе көкөніс туралы қияли шытырман
оқиға құрастыру керек Жоспары:
1. Аты.
2. Суреті (Параққа салынады)
3. Қайда өседі.
4. Несімен пайдалы.
Қорытынды: Әділқазыларға сөз беріп, марапаттау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz