Саған сенемін: сенімге негізделген көп кезеңді сыныптық сайыс

«Саған сенемін. Менің сыныптасым»

(сайыс)

Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Саған сенемін. Менің сыныптасым» атты сайысқа қош келдіңіздер! Оқушыларымыздың сыныптастарына қаншалықты сенетінін анықтау мақсатында, және сыныптастар бір бірінің сенімін қаншалықты ақтайтынын, тапсырмаларды орындау барысында сіздердің жылдамдықтарыңыз, икемділіктеріңізді байқайтын боламыз. Олай болса сәттілік тілейміз барлығыңызға.

Қатысушы бір біріне сенетін сыныптастарды ортаға шақырамыз:

8-сынып оқушылары Жайна мен Нұрхат тобы

9-сынып оқушылары Жаңагүл мен Думан

10-сынып оқушылары Ардақ пен Наурызбек

Және апалы інілі Гүлжанат пен Мейірбек

Бірінші кезең барлығыңызға ортақ тапсырма

Шарты:Ойыншылар бір бірінің алдына тұрады ара қашықтық сақталады. Алдында тұрған ойыншы сол қалпында допты басынан асыра артында тұрған ойыншыға лақтырады 2минут ішінде қанша доп қақса сонша балл қосылады.

Екінші кезеңде қандай тапсырма екенін анықтау үшін суреттерге назар аударсақ.

1-сурет-«шар» 2-сурет-«ауыз»

Шарты:Сіздің сыныптасыңыз 1 минут ішінде неше шар үреді деп сенім білдіресіз? Әр шар 1балл.

Үшінші кезең суреттері назарларыңызда

1-сурет-«тоғызқұмалақ тақтасы» 2-сурет-«қол»

Шарты:Тоғызқұмалақ тақтасындағы ұяшықтарға неше минут ішінде тастарын орналастырады?

Төртінші кезең тапсырмасы

1-сурет-«гир» 2-сурет-«оқушы»

Шарты:Гирді 3минутта неше рет көтереді?Қанша рет көтерсе сонша балл.

Бесінші кезең тапсырмасын да анықтау үшін келесі суреттер

1-сурет-«шеңбер» 2-сурет-«оқушы»

Шарты:Шеңберді(кольцо) неше минут бойы айналдыра алады.

Алтыншы кезеңде

1-сурет-«шахмат тақтасы» 2-сурет-«қол»

Шарты: 1минут ішінде неше шахмат тақтасын құрып үлгереді?

«Саған сенемін. Менің сыныптасым» сайысы жеңімпаздары

м а р а п а т т а л а д ы!


Ұқсас жұмыстар
XXI ғасыр көшбасшысы: мектеп оқушыларына арналған төрт кезеңді интеллектуалдық сайыс
Менің сыныбым - менің ұжымым: бірлік, сыйластық және сенімге тәрбиелеу
Әліппені аяқтау мерекесінің сценарийі: Әліппе саған мың алғыс
Мағжан Жұмабаевтың Мен жастарға сенемін өлеңіндегі азаматтық үн мен ұлтжандылықтың жастар тәрбиесіндегі маңызы
Химия пәні: сыныптан тыс интеллектуалдық сайыс Кім көп біледі? - қысқа мерзімді сабақ жоспары (9-сыныптар)
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ: оқу және тәрбиеге арналған сыныптық сайыс жоспары
1 Ә сынып оқушыларының Рахмет саған Әліппе атты ертеңгілігінің сценарийі
Рахмет саған бастауыш: бастауыш сыныппен қоштасу мерекесінің сценарийі
Әліппе саған мың алғыс: бастауыш сыныпқа арналған ертеңгілік сценарийі
Сыныптық жаңа жылдық мерекелік сабақ сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz