7-сынып математика пәні: Үшбұрыш және оның түрлері - сабақ жоспары

Күні:

Пәні: Математика

Сыныбы:7 а

Сабақтың тақырыбы :Үшбұрыш және оның түрлері

Сабақтың мақсаты :Үшбұрышпен және оның түрлерімен танысу. Үшбұрыштарға биіктік, биссектриса, медиана жүргізе білуге дағдыландыру, үшбұрыштың түрлерін ажырата білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі :Оқулық, сызғыш, Фигуралар

Сабақтың әдісі :Сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу

Оқушыларды түгендеу

Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу. 1Сүйір бұрыш. 2. Доғал бұрыш. 3. Тік бұрыш. 4. Жазыңқы бұрыш.

Үй тапсырмасын тексеру

Бақылау сұрақтары:

. Қандай бұрыштарды білеміз?/Әр топ өзінің аты берілген бұрыштардың анықтамасын айтып жіберсін/

Жаңа сабақ

Бір түзуде жатпайтын үш нүкте А, В, С берілсін. Осы нүктелер арқылы АВ, ВС, АС кесінділерін жүргізейік. Сонда АВС үшбұрышы пайда болады. ∆АВС 3 қабырғасы, 3төбесі, 3 бұрышы бар. Яғни, АВ, АС, ВС қабырғалары, А, В, С төбелері, <ВАС, <АСВ, <СВА бұрыштары.

А Олардың барлығы

үшбұрыштың элементтері деп

аталады.

В С <А, <В, <С үшбұрыштың ішкі

бұрыштары деп атайды. a c a c a c

h b m b l b

Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарына қарай

Әртүрлі қабырғалы Тең қабырғалы Теңбүйірлі үшбұрыш үшбұрыш үшбұрыш

Үшбұрыштың бұрыштарының шамаларына қарай

Сүйірбұрышты Тікбұрышты Доғалбұрышты

Оқулықпен жұмыс

№133

Топтық жұмыс

Әр топқа 3 түрлі 3 үшбұрыш таратылады. Оқушылар осы үшбұрыштарға биіктік, медиана, биссектриса сызады. Топтың әр мүшесі қай үшбұрышқа не сызғандарын айтып өтеді.

Оқулықпен жұмыс №134

Топтық жұмыс

Әр топқа әр түрлі фигуралар таратылады. Сол фигуралардан қабырғаларына, бұрыштарына қарай әртүрлі үшбұрыштар қиып көрсетеді. Әр топ мұшелері қандай үшбұрыш қиғанын айтып өтеді.

Сонда әр топ мүшелерінде бір-бір үшбұрыш қолдарында болады. Енді

Жеке жұмыс

Барлық оқушы қолдарындағы үшбұрыштардың периметрін табады.

Сергіту сәті

1. Тақ сан

2. Ұзындықты өлшейтін құрал

3. Бұрышты қақ бөлетін сәуле

4. Бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыштың қабырғаларының созындысы болатын екі бұрыш

5. Бұрышты өлшейтін құрал

6. Бір қабырғасы ортақ, қалған екеуі толықтауыш болатын екі бұрыш

« Адасқан әріптер»

1. ЬЛАКИТРЕВ 2. АМЕРОЕТ 3. РАДМЫҒҰ 4. РТЕМИРЕП

САЛЙАБЫС АМАТҚЫНА ҚЫТҚЫЗАЖ ШЫРҰБШҮ

Қорытындылау. Кез келген үшбұрыштың әрбір қабырғасы басқа қабырғаларының қосындысынан кем болады.

Үйге тапсырма :№141, 146

Бағалау.

№3 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТА МЕКТЕБІ

Үшбұрыш

және

оның түрлері

Пәң мұғалімі:Нұрбатырова Мейрамгүл

2013оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
Үшбұрыш және оның түрлері: 7-сынып геометрия сабақ жоспары
7-сынып геометриясы: Үшбұрыш және оның түрлері - сабақ жоспары
7-сынып математика сабақ жоспары: Теңбүйірлі үшбұрыш - қасиеттері және белгілері
Ашық сабақ: Үшбұрыш және оның түрлері бойынша есептер шығару
Үшбұрыш және оның түрлері: периметр формулалары мен анықтамаларды меңгеруге арналған сабақ жоспары
Логарифм және оның қасиеттері: математика пәні бойынша сабақ жоспары
Компьютерлік графика және оның түрлері: информатика пәні бойынша сабақ жоспары
7-сынып геометриясының сабақ жоспары: Тікбұрышты үшбұрыш - теоремалар, қасиеттер және есептер
Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері және графигі: математика пәні ашық сабақ жоспары
7-сынып: Етістік және оның түрлері, жасалуы мен қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz