Орта топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Геометриялық пішіндердің ғажайып елі

Орта топтағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің т е х н о л о г и я л ы қ к а р т а с ы

Өткізілетін күні: 26. 02. 2013

Білім беру саласы: _ Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: ҚМТҚ

Тақырыбы:_ Геометриялық пішіндердің ғажайып елі

Мақсаты:_ Геометриялық денелерді (текше, шар) және пішіндер (төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек) атап және айыра білу. Геометриялық пішіндерді үлгі бойынша дене мен атау саны бойынша санап үйрет

Әрекет көздері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Әрекет көздері: Дәлелдеу-ояту
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Шаттық шеңбері

Армысың, алтын Күн!

Армысың, асыл Жер!

Армысың, көк Аспан!

Армысың, жан достар!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым бос!

Балалар, далада қандай мезгіл? Қыста неше ай бар? Қазір қай ай?

Жарайсыңдар, біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше болады. Сендер саяхатты ұнатасыңдар ма? Олай болса, бүгін геометриялық пішіндердің ғажайып еліне саяхат жасаймыз.

Балалардың іс-әрекеті:

Шеңберде тұрып, қайталайды. Бір-біріне жалуын сыйлайды.

Қыс. 3 ай - желтоқсан, қаңтар, ақпан. Ақпан айы

Иә.

Қуана келіседі

Әрекет көздері: Ұйымдастыру-іздену
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Қандай көлікпен баратынымызды суреттен қарайық. Көлік оталу үшін, ондағы пішіндерді атау керек. (машинаның оталған дауысы шығады)

Балалар, міне пішіндер қалашығына келдік, пішіндерден құралған үйлер көп екен, оның ауласына кіру үшін тапсырмаларын орындау керек.

1. Суретте неше үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек? Қай пішін көп?

Жарайсыңдар, балалар, ауласына кірдік, бірақ, қаланың тұрғындары көрінбейді, іздеп тауып алайық, ол үшін:

  1. Пішіндерден адам құрастыру керек

Балалар, бұл қалашық адамдары көңілсіз екен, себебі, олардың уақыт көрсететін сағаттары бұзылып қалыпты, жөндеуге көмектесеміз бе?

Ол үшін әуелі сандарды қайталайық.

  1. Сағаттың түсіп қалған 5-ке дейінгі

цифрларын орнына қояды.

Балалардың іс-әрекеті:

Пішіндерді атайды

Санап, айтады

Әртүрлі пішіндерден адам бейнесін құрастырады.

Иә

1-10 ға дейін тура және кері санайды.

5-ке дейінгі сандардың орнын, көршісін анықтайды

Әрекет көздері:
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Сергіту сәті

Балалар, қала тұрғындары сендерге рахметін айтып, сендерге мынадай текшелер сыйлады, олармен ойын ойнайық.

  1. «Қандай текше жоқ?»

Текше мен төртбұрыштың қандай айырмашылығы, ұқсастығы бар?

Балалар, пішіндер қалашығына барып, пішіндер туралы біраз білім алдық, енді тобымызға қайтайық.

Балалардың іс-әрекеті:

1, 2, 3, Қарлығаш боп ұш,

4, 5, 6, Аспанда ұшып қалқы.

7, 8, 9, 10, Орныңа кеп қон.

Төртбұрышты, біреуі пішін, біреуі фигура

Әрекет көздері:

Рефлексивті

түзету

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балалар, енді көлікті қайда қою керек?

Олай болса «Гараж» ойынын ойнайық

Балалардың іс-әрекеті:

Гаражға

Пішіндерді өз ұясына кіргізіп ойнайды

Күтілетін нәтиже

Білді___ Геометриялық пішіндер, фигураларды ажыратуды, атауды, оларды пайдаланып түрлі бейнелер құрастыруды

Игерді__ Шапшыңдықты, бірлесіп жұмыс жасауды _

Меңгерді Пішіндерді түсі, көлемі бойынша анықтауды


Ұқсас жұмыстар
Геометриялық пішіндер мен Күзгі ағаш бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ортаңғы топқа арналған Көктем келді тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Шағын топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Көктем келді - қоршаған ортамен танысу
Көгалда серуендеген балапандар тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары
Алтын күз: тіл дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Жабайы аңдар тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Балабақшаға арналған Бауырсақ ертегісіне негізделген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мектепалды даярлық тобына арналған Пішіндер әлеміне саяхат ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәуелсіз елдің көшбасшысы: Тұңғыш президент күніне арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz