<<Біздің Елбасы>>

Қызылтау орта мектебі

Ашық сабақ .

«Біздің Елбасы»

// 1-желтоқсан - Елбасы күніне арналған сабақ //

Өткізген : Қайырбеков Т. К

тарих пәні мұғалімі

2012-2013 оқу жылы

Сабақ тақырыбы : Біздің Елбасы .

Сабақ мақсаты :

Білімдік : Оқушыларға Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә . Назарбаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық : Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында сабақ мазмұнын дамыта отырып, тарихи оқиғаларды, фактілерді салыстырып, талдауға үйрету, білім алуға құштарлығын арттыру . Оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту .

Тәрбиелік : . Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына демократиялық құндылықтарды

сіңіріп, толерантылыққа бейімдеу. Туған жерге, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

А) ұлттық тәрбие беру

Ә) саяси тәрбие беру

Б ) патриотизмге тәрбиелеу

Сабақ түрі : . Конференция сабақ

Сабақ әдісі : Дөңгелек - үстел түрінде . Ауызша баяндау, сұрақ - жауап

әдісі, топпен жұмыс, диаграмалармен, кестелермен, тірек -сызбалармен жұмыс, топтастыру стратегиясы .

Сабақ көрнекіліктері : Елбасының суреті, карта, тірек - сызбалар, кесте .

Пәнаралық байланыс : . Жалпы тарих, Қазақ әдебиеті . География . Адам және қоғам .

Қосымша материалдар мен пайдаланылған әдебиеттер :

1. Жалпы тарих және Қазақстан тарихы - әдістемелік журналдары

2. «Қазақстан » энциклопедиясы

3 . «Қазақстан - 2030» - стратегиялық бағдарламасы

4. Н. Ә . Назарбаев «Тарих толқынында»

5 . Н. Ә . Назарбаев «Әділеттің ақ жолы »

6 . Махмұт Қасымбеков, «Елін сүйген, елі сүйген елбасы»

7. Ольга Видова «Нурсултан Назарбаев - портрет человека и политика»

8. Егеменді Қазақстан - газетінің материалдары .

9 . Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»

Сабақ барысы :

І-Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, конференцияға дайындығын тексеру . Оқушыларды дөңгелек үстелге төрт топқа бөліп отырғызу .

1. Тарихшылар тобы

2. Экономистер тобы

3. Саясатшылар тобы

4. Мәдениеттанушылар тобы .

ІІ - Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін сұрақтар қою .

ІІІ - Конференция сабақты өткізу .

ІҮ - Бекіту сұрақтары .

Ү - Сабақты қорыту.

ҮІ - Үйге тапсырма .

ІІ - Сабаққа қызығушылығын оятатын сұрақтар беру .

1 . Қазақстан қай құрлықта орналасқан .

2 . Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орнында .

3 . Орта ғасырда Қазақ хандығының астанасы қай қала болды .

4. Қазақтар қай тілдес халық ?

5. Қазақстанда неше облыс бар ?

6. Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаев қай жерде туды .

7 . Қазақстанның мемлекеттік тілі ?

8 . Ұлттық валюта қай жылы енгізілді ?

9 . Н. Ә. Назарбаев қай жылы дүниеге келді ?

10. Астана қаласы қай жылы Қазақстанның астанасы болды ?

11 . Қазақ елімен көршілес елдерді ата ?

12 . Түркияның алғашқы президенті ?

13. Қазақстан қай жылы БҰҰ - ның мүшесі болды ?

14 . Конституциямыз қай жылы, қай айда қабылданды ?

15 . Қазақстандағы саны жағынан ең үлкен партия ?

ІІІ - Конфенция сабақты өткізу

1 . Ой шақыру стратегиясы .

Мұғалім : Қазақстан Республикасының алғашқы және қазіргі президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тек қана біздің ел ғана емес, әлем таныған саяси тұлға . Елбасының саясаты арқасында қазіргі кезде елімізде тыныштық пен татулық орнап отыр . Бүгінгі конференциямызда елбасы туралы жан - жақты танысатын боламыз .

2 . Ой қозғау стратегиясы .

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі, саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі атқарған істерін талдау үшін конференцияға қатысушыларға сөз береміз .

Тарихшылар :

Мемлекетіміздің басшысы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

1940 жылы Жетісу жерінде, яғни Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында туған . Елбасының атасы Назарбай өз аймағында билік жжүргізген, қолында мөрі болған, ел басқарған адам екен . Шамалған, Қаскелең, Үшқоңыр жайлауы деген жерлерді қоныс қылып мекендеген . Назарбай ақсақал - елді отырықшылыққа икемдеп, жерге тұрақтандыруға көп көңіл аударған адам екен. Елбасының әкесі Әбіш - Назарбай ақсақалдың кенжесі болған . Назарбайұлы Әбіш, қазақ халқының атақты батыры Қарасайдың жетінші ұрпағы . Болашақ мемлекет басшысының атын Нұрсұлтан деп, әжесі Тәтебала, қасиетті Құраннан алып қойыпты . Қасиетті Құран - Кәрімде Нұр деген сөз Құдайдың 99 атының бірі екен, ал сұлтан дегеніміз Шығыстың ел басқарған адамдары.

Орта мектеп бітіргеннен кейін, 1958жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді . Қарағанды политехникалық институтын бітіргеннен кейін 1970 жылы Теміртау қаласының партия комитетінде басшылық қызмет атқарды . Теміртау қаласындағы металлургия комбинатында қарапайым жұмыскер болып, одан кейін, Қарағанды облысының комсомол және партия салаларының басшылығында жұмыс атқарған кезде, болашақ елбасы арқашанда адал, қажырлы, еңбекқұмар, жан-жақты білімді азамат болған . Өндірістік, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды жетік білуі, халықпен тіл табыса алуы өз көзқарасын қорғай білуі, Н. Ә Назарбаевтың қызметінің өсуін тездетті

Н. Ә. Назарбаев 1979 жылы Қазақстан Компартиясының хатшысы, ал 1984 жылдан еліміздің Министрлер кеңесінің төрағасы болды . Қазақстан Республикасының үкіметін басқарған кезде, көптеген өнеркәсіп орындарының іске қосылуын және ауылды дамыту үшін көптеген іс - шаралар жүргізді . 1989 жылы Қазақстан Компартиясының

1- хатшылығына сайланып, елді басқара бастады . 1990 жылы Қазақ КСР - інің президенті болып сайланды . Сол кезеңде елімізде өте қиын жағдай қалыптаса бастады . Қазақ елі бағынып тұрған КСРО мемлекеті құлдырап,

күйрей бастады . 1991 жылы 1- желтоқсанда Н. Ә . Назарбаев бүкіл халықтың дауыс беруі нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды . Еліміздің өтпелі де, ауыр кезеңінде Елбасы көптеген әлеуметтік, экономикалық және саяси реформалар жүргізіп қоғамызды тығырықтан алып шыға білді . 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет басшысы тынымсыз еңбек етіп, қаншама жұмыс істеді . Тұтас мемлекетті қалыптастырды, басқару жүйесін реттеді, шекарамызды нығайтты, халықтың жағдайын түзеді .

1997 жыл «Қазақстан - 2030 » стратегиялық бағдарламасын

қабылдап, қоғам мен мемлекеттің ұзақ жылдық дамуын айқындап берді .

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1999 жылы және

2005 жылғы президент сайлауына түсіп, көп дауыспен жеңіске жетіп

отырды . Халқымыз елбасыны айрықша жақсы көріп құрмет тұттады .

Тарихшылар тобына сұрақтар :

  1. Елбасының «Қазақстан - 2030» стратегиясы неше басымдықтан тұрады
  2. КСРО мемлекеті қай жылы құлап, ТМД ұйымы қай жылы құрылды ?
  3. Семей ядролық полигоны жабылған жыл ? .
  4. Қазақтың алғашқы хандары ?
  5. Астанадағы президент резиденциясы қалай аталады ?

6 . КСРО елін басқарған партия

7 . Парламент неше палатадан тұрады ?

8 . Қазақстанда қандай үлкен өзендер бар ?

Тарихшылар тобы жасаған хроногиялық кесте

1940 жылы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә . Назарбаев дүниеге келді
1940 жылы: 1958 жылы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә . Назарбаев дүниеге келді: Н. Ә. Назарбаев орта мектепті бітіріп, Теміртау қаласына Қарағанды металлургия комбинатында жұмысқа тұрды
1940 жылы: 1958 жылы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә . Назарбаев дүниеге келді: Украйнада Днепродзержинск қаласында техникалық училищеге оқуға түсті
1940 жылы: 1962-1965 жылдары
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә . Назарбаев дүниеге келді: Қарағанды политехникалық институтын оқыды .
1940 жылы: 1971-1984 жылдары
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә . Назарбаев дүниеге келді: Қарағанда облысында партия және комсомол ұйымдарының хатшысы болып істеді .
1940 жылы: 1984-1989 жылдары
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә . Назарбаев дүниеге келді: Н. Ә. Назарбаев Қазақ КСР - нің үкіметінің төрағасы болды
1940 жылы: 1989-1990 жылдары
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә . Назарбаев дүниеге келді: Қазақстан Коммунистік партиясының 1- хатшысы болды
1940 жылы: 1990 жылы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә . Назарбаев дүниеге келді:

Қазақ КСР - нің Жоғары Кеңесінің сайлауымен

Н. Ә. Назарбаев Қазақ КСР - нің президенті болды .

1940 жылы: 1991 жылы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә . Назарбаев дүниеге келді: Бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болды
1940 жылы: 1997 жылы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә . Назарбаев дүниеге келді: Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасын қабылдайды
1940 жылы: 1999 жылы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә . Назарбаев дүниеге келді:

Бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев тағы да

мемлекет басшылығына сайланды

1940 жылы: 2005 жылы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә . Назарбаев дүниеге келді: Бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Елбасына халық тағы сенім көрсетіп, Н. Ә : Назарбаев Президент болып сайланды

Экономистер :

Мемлекетіміздің соңғы жылдардағы экономикасының шапшаң дамуына елбасының еңбегі айрықша зор . Себебі, өткен ғасырдың 90 жылдары Кеңес Одағы құлап, еліміз орасан зор экономикалық қиындыққа ұшыраған кезде мемлекет басшысы, ештеңеден қорықпай тәуекелге бел байлап экономикалық реформалар жүргізе білді . Қазақстан сол кездері КСРО - ның қол астындағы шикізат беруші артта қалған ел болған еді . Барлығы мемлекет қолында болған әміршіл - әкімшіл жүйеге сүйенген жабық қоғам болды . Елбасының тікелей инциативасымен, әкімшіл - әміршілдік экономикадан - нарықтық экономикаға, жабық елден ашық қоғам құруға кірісті. 1995 жылдың қаңтардан 1995 жылғы қарашаға дейін тікелей президенттің қатысуымен 147 нарықтық заңдар шығарылды . Сол заңдардың арқасында ел экономикасы жекшелендірілді, елге шетел инвестициясы кеңінен тартылды . Өтпелі 90 жылдары төмендегідей заңдар қабылданды «Жекешелендіру туралы », «Салық кодексі», «Орташа кәсіпорындар», «Жер туралы», «Шетел инвестициясы туралы»,

«Меншік туралы» т. б экономикалық және әлеуметтік заңдар қабылданды .

Елбасы Қазақстанның экономикасымен, бірге халықтың әлеуметтік жағдайынада көп көңіл бөліп отырды . Зейнетақы, жалақы және жәрдемақы уақытында беріліп отырды және жылдан - жылға өсуде . Қазақ елінің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы «Қазақстан - 2030» бағдарламасында кең орын алған . Президентіміз өз бағдарламасында экономикаға үшінші басымдық бере отырып, экономиканы дамытуға және реттеп отыруға мемлекеттің белсенді рөл атқаруын қолдай отырып, бірақ мемлекет органдарының, ел экономикасына жөнсіз араласқанын қолдамайтынын атап көрсетті . «Қазақстан - 2030» - стратегиялық бағдарламасында - нарықтық экономиканы тұрақтандырып дамыта беру, кәсіпкерлерге несие беру, теңгені тұрақты ұстап тұру, озық технологияны тарту, инфляциямен күрес, шетел капиталын тарту мәселелері жан- жақты атап көрсетілді . Мысал ретінде Президентіміздің экономикалық және әлеуметтік реформаларының нәтижесінде, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы жақсы дамыған нарықтық экономикасы бар елге айналып келеді . Өте қуатты кәсіпкерлер мен фермерлер табы қалыптасты . Шетелден елімізге, әлемге танымал корпорациялар мен фирмалар келіп жұмыс істеуде . Қазақстан кәсіпкерлеріде басқа елдерге инвестиция салып жұмыс істеуде .

Соңғы жылдары әлемді экономикалық дағдарыс жайлады .

Бірақта Қазақстан үкіметі дағдарыстың алдын алу үшін, елбасы

Н. Ә . Назарбаевтың басшылығымен тынымсыз жұмыс жүргізді . Осының арқасында ел экономикасына әлемдік дағдарыс онша қауіп төндірмей отыр .

Экономистер тобына сұрақтар беру :

1 . Қазақстан КСРО тұсында экономикасы қандай түрде болды ?

2 . Елімізде экономикалық реформалар қай жылы басталды ?

3 . Қазақстанда шетелдің қандай компаниялары жұмыс істеуде :

4 . Импорт - экспорт дегеніміз не ?

5 . Ата заңымыз бойынша елімізде меншіктің қандай түрлері рұқсат етілген ?

6 . Инвестиция, капитал дегеніміз не ?

7 . Қазақстанда экономиканың қай саласы күшті дамыған ?

8 . Еліміздің қандай банкілерін білесіңдер ?

Экономистер тобы жасаған диаграмма .

Саясатшылар :

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев сыртқы және ішкі саясатта данышпан да, алғыр саясатшы ретінде әлемге кеңінен танымал адам . Президентіміздің жүргізіп отырған сараптал саясатының арқасында еліміз тыныш жағдайда өмір сүріп жатыр . Ұлттық қауіпсіздік, ішкі және сыртқы саяси тұрақтылық - мемлекетіміздің және елбасының ең басты саясаты болып отыр . «Қазақстан - 2030 » - стратегиялық бағдарламысында, мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев - ұлттық қауіпсіздік мәселесіне бірінші басымдық беріп отыр . Себебі адамзат баласында мемлекет алға басу үшін ең бірінші соғыс болмау керек, елде тыныштық болуы шарт . Елде тыныштық болу үшін Нұрсұлтан Әбішұлы сыртқы және ішкі саясаты өте дұрыс жүргізіп отыр .

Қазақстан сыртқы саясатта барлық елдермен тату - тәтті саясаты жүргізіп отыр . Қазақстан тәуелсіздікті бейбіт жолмен алғаннан кейін, әлем елдерімен көпвекторлы саясат ұстанды . 1993 жылы Қазақстан елі, Лиссабон хаттамасына қол қойып ядролық қарудан бас тартып, әлемге үлгі көрсетті . Барлық әлем елдеріне президентіміз өзара достық қарым - қатынас жасауға, бейбітшілік саясат жүргізуге шақыруда . Қазақстан сыртқы саясатта бірнеше елдермен көпвекторлы татулық саясат ұстанып отыр . Бұл елдер :

  1. Ресей бастаған ТМД елдері
  2. Түркия, Иран, араб елдері
  3. АҚШ, Еуропадағы Батыс елдері
  4. Қытай, Жапония, Корея бастаған Шығыс Азия елдері

Мемлекет басшысы ішкі саясатқада көп көңіл бөлуде . Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан, елбасы ұлттар арасындағы татулықты қолдап отыр . Қазақстандағы барлық ұлттар Ата заңымыз бойынша тең құқықты, өз тілдерінде сөйлеуге, өз діндерін ұстауға, өз мәдениеттерін дамытуға барлық рұқсат берілген . Елімізде Қазақстан халықтар ассамблеясы жұмыс істеуде, көптеген ұлттық - мәдени орталықтар еркін жұмыс істеп тұр . Қазақстан мемлекетінің негізін құраушы халық ретінде қазақ халқының тілі, діні, мәдениетінің дамуына елбасы зор көңіл бөлуде.

Н. Ә. Назарбаевтың тікелей ықпалымен отаршылдық саясаттың кесірінен

жойылып кете жаздаған қазақ тіліне мемлекеттік тіл статусы беріліп,

қазақ тілінде көптеген мектептер ашылды . Қазақ тілі қоғамы жұмыс істеп,

басқа ұлттың өкілдері қазақ тілін үйренуде . Мемлекет басшысы дінаралық

татулыққада барынша қолдауда . Елімізде мешіттер, шіркеулер ашылып

жұмыс істеуде . Қазақ халқы мұсылман дінін ұстанғандықтан, ислам

дінінің қазақ елінде жан - жақты дамуына, халқымыздың имандылыққа

беттеуіне көп көңіл бөлінуде . Елбасы мемлекетімізді және қоғамызды

біртіндеп демократияландырып келе жатыр . Бұған дәлел Парламенттің

билігі мен саяси маңызы күшеюде, елімізде көптеген саяси және қоғамдық

ұйымдар еркін жұмыс істеп жатыр .

Саясатшылар тобына сұрақтар :

1 . Қазақстанда қандай халықтар тұрады және олар қандай діндерді ұстайды ?

2 . Орташа тап деген не ?

3 . Қоғамызда жиі айтылатын толеранттық, көпвекторлы саясат, демократия деген сөздердің мағынасын түсіндіру .

4 . Қазақстан әлемдік қандай ұйымдарға толыққанды мүше болып отыр ?

5 . Қазақстанның тәуелсіздігін ең бірінші қай ел таныды ?

6 . Әлемде қандай діндер бар ?

7 . Түркі тілдес елдерді атаңдар ?

8 . ХХ ғасырдағы Қазақ елінің астаналары ?

Саясатшылар жасаған кесте

Елбасының сыртқы және ішкі саясаты .


Ұқсас жұмыстар
Гүлдене бер, жайнай бер Қазақстан
Елін сүйген елбасы 2 сынып
Елін сүйген- Елбасы Елбасы туралы
Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы
Тәрбие сағатының көрнекілігі
Оқушыларға Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мәлімет беру, ұлы тұлға екенін таныту
Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жайлы ақпарат
Бір ел, бір халық, бір тағдыр
«мен патриотпын»атты үгіт-насихат топтарының байқау-сайысы
Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz