10 санының құрамы 1 сынып

Пәні: Математика
Сыныбы: 1 сынып
Тақырыбы: 10 санының құрамы
Мақсаты: 10 санының құрамымен таныстыру.
Міндеттері: 1. Білімділік: 10 санының құрамымен таныстыра отырып, оқушылардың білімдерін кеңейту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін, байқағыштық қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелілік: Білімге деген құштарлыққа, жылдамдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: шаблондар, геометриялық фигуралар, машина суреттері, аралар.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік
Сабақтың құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру
- Білімдерін жан-жақты тексеру
- Жаңа сабаққа мақсат қою
- Жаңа сабақ
- Жаңа сабақты меңгергенін тексеру
- Сабақты бекіту
- Үйге тапсырма
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) амандасу
ә) түгендеу
б) сабаққа даярлану
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-Балалар, мен сендерге үйден 10 санын жазып келуге бергенмін. Қане, бәріміз дәптерімізді ашып қояйық.
Оқушылардың дәптерлерін тексеру, бағалау.
ІІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру.
Геометриялық фигуралардың артындағы жұмбақ есептерді шешу арқылы оқуға керекті құрал-жабдықтарды сатып алу.
- 5 алманың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? 5-3= 2
- Табақта 5 өрік,
Қолымда 4 өрік.
Қосқанда барлығын,
Болады неше өрік? 5+4= 9
- Мұратта бар бес іні,
Маратта бар екі іні,
Қоссақ бес пен екіні,
Неше болады шешуі? 5+2=7
- Аулада жүр 4 үйрек,
Қорада жүр 1 үйрек.
Ал қанекей санайық,
Барлығы неше үйрек? 4+1=5
- Бес үйректің біреуін,
Қамап қойдым қораға
Қалды сонда неше үйрек,
Мынау тұрған далада? 5-1=4
-Балалар жұмбақтарды шешіп өзімізге керекті құрал-жабдықтарды сатып алдық.
ІҮ. Жаңа сабаққа мақсат қою.
-Мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын шешіп көріңдер.
Алмаға кеп күн ара
Қонушы еді бір ара
Бүгін тоғыз туысын
Ертіп келді бұл ара,
Сонда бүгін алмаға
Келіп қонды қанша ара? 1+9=10
-Дұрыс айтасыңдар, балалар!
-Біз 10 санымен таныстық. Бүгін 10 санының құрамымен танысатын боламыз.
Ү. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс. 1. Теңдіктер құру.
9+1=10 8+2=10 7+3=10 6+4=10 5+5=10
10-1=9 10-2=8 10-3=7 10-4=6 10-5=5
ҮІ. Жаңа білімді меңгергенін тексеру.
2. Салыстыр.
10 см *9 см 9 см * 10 см
Өрнектерді салыстыр.
10-1 *3+4 10-3*6+1 10-5*3+1
8+2*4+2 6+4*10-0 10-8*7-5
ҮІІ. Сабақты бекіту.
«Қақпадан өтуге көмектес» ойыны.
-Сонымен, бүгін қандай санның құрамымен таныстық?
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
75 бет 3 тапсырманы орындау.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz