Павлодар облысы Май ауданы Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп 4-сынып оқушыларының шығармашылық жинағы (Жас тілші үйірмесі, 2013)

Павлодар облысы Май ауданы

Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп

Жас тілші үйірмесі

(оқушы жұмыстары)

Жинастырған: Шакиева Алмагүл Бақытбекқызы

Павлодар облысы Май ауданы

Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Көктөбe 2013

Мысығым - ай, мысығым,

Үй жинайды пысығым.

Ақылымды тыңдайды,

Айтқанымнан шықпайды.

Қыста аппақ,

Жазда сұр.

Өзі қорқақ,

Қандай аңға шығармын

мен жұмбақ? ( қоян)

Жүйрік екен жануар,

Құлын деген төлі бар.

Пайдасы мол адамға,

Қымызын ішкен сауығар.

(Жылқы)

Күзетте тұрады,

Ешкімнен қорықпайды.

Түнде де жүреді,

Артымнан ереді.

(ит)

Тазы ит.

Аң аулайтын иттерден,

Жүйрігі де, мықтысы.

Жүгірістен негізі,

Бірінші боп келеді.

Аңға шықсаң онымен,

Олжасыз үйге оралмас.

Қоянды да ұстайды.

Түлкіден де қорықпайды.

Құрастырған: Қадыр Ермұрат

4 «А» гимназия сыныбы

Қоян.

Қоян деген қорқақ қой,

Оны сен де біліп қой.

Көргенде ол қасқырды,

Қырға қарай асырды.

Қоян - ноян.

Қорқақ деген қоян,

Қоян деген ноян.

Қорқада ол бәрінен,

Тіпті де өз - өзінен.

Арыстан.

Орманның ол басшысы,

Жыртқыштардың патшасы.

Өзі үлкен, өзі дәу,

Аң патшасы - арыстан.

Өтірік өлең.

Қоян келіп аюға,

Бұйырды сәбіз жинауға.

Аю қорқып қояннан,

Қашып кетті орманнан.

Арыстан.

Жыртқыштардың үлкені,

Аңдардан да бірінші

Келер бірақ алыстан,

Аң патшасы - арыстан

Өтірік өлең.

Бара жаттым жұмысқа,

Алдымнан шықты құмырсқа.

Мініп алып мен оған,

Асып кеттім машинадан.

Даусы жоқ, тілі бар,

Өзінің де ойы бар.

Ашып қалсаң бір бетін,

Білім саған шашылар.

(Кітап)

Жаңа дос.

Аян базарға барды,

Қоян сатып алды.

Қоян болса қорықты,

Ұайымдады, қамықты.

Жаңылтпаш.

Беті ақ,

Өзі тақ.

Балғамен шеге қақ.

Шашым.

Шашым- ай, шашым,

Тыңдамайсың қырсығым.

Қанша жинасам да,

Қарқап қаласың да.

Дос.

Күні - түні күзетеді,

Ешкімнен де қорықпайды.

Адамның ол және досы,

Мысықты да аяйды.

Қыздар - ай.

Қыздар - ай, қыздар - ай,

Қыздар мойнын бұрады - ай.

Көріп қойса бір жерден,

Аямай бізді ұрады - ай.

Ручка - қалам,

Беру - алам.

Оса - ара,

Смотри - қара.

Окно - әйнек,

Чайник - шәйнек.

Лето - жаз,

Гусь - қаз.

Зайчик - қоян,

Проснись - оян.

Рука - қол,

Дорога - жол.

Ручей - бұлақ,

Уши - құлақ.

Палка - таяқ,

Нога - аяқ.

Транспорт - көлік,

Дневник - күнделік.

Құрастырған: Шаушимов Алдияр

4 «А» сынып

Мініп алдым құртқа,

Өрмеледім аспанға.

Салып айды қалтама,

Сыйлаймын оны анама.

Татулығы табысқан ел.

Тәуелсіз ел - Қазақастан,

Бірлігі де жарасқан.

Тату - тәтті тұрады,

Қуанышта табысқан.

Орыс пенен өзбек те,

Бір көшеде тұрады.

Балалары олардың,

Ағайындай болады.

Бірге үнемі жүрейік,

Бақытты өмір кешейік.

Алға қойған мақсатқа,

Бірге болып жетейік.

Жазған: Шаушимов Алдияр 4 а гимназия сынып оқушысы

Ынтымақты елміз.

Жиырма жылдың ішінде,

Қазақстанды дамытқан.

Жүрсін аман Елбасы,

Татулықты қалаған.

Ынтымақты елміз біз,

Көп ұлтты да елміз біз.

Неміс, орыс, татар да,

Тұрады бірге қатарда.

Тіліміз ғой қуатты,

Сөйлейміз біз сауатты.

Достығымыз жарасты,

Тұрамыз біз бақытты.

Жазған: Аманбол Саясат 4 а гимназия сынып оқушысы

Бір шаңырақта.

Достығымыз жарасқан,

Тәуелсіз Қазақстан.

Тату - тәтті тұрады,

Ағайын боп жарасқан.

Көркейтейік елімізді,

Барлығымыз бір болып.

Шаңырағымыз шайқалмасын,

Көтерейік бір болып.

Жазған: Кәкенов Бексұлтан 4 а гимназия сынып оқушысы

Ұлт достығы.

Екі бала дос болды,

Айырылмас қос қолды.

Орыс, қазақ бір болып,

Табар солай ақ жолды.

Көмектесер әрқашан,

Ренжітпес досын ол қатаң.

Солай бірге жүреді,

Бақытты боп күледі.

Жазған: Қадыр Ермұрат 4 а гимназия сынып оқушысы

Достығымыз жарасқан.

Достығымыз жарасқан,

Елімізде ұлт тасқан.

Өзбек, түрік, татар,

Жүрдік біз де қатар.

Достығымызды сақтайық.

Міндетімізді ақтайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Бейбітшілікті жақтайық.

Жазған: Шарип Лаура 4 а гимназия сынып оқушысы


Ұқсас жұмыстар
5-сыныпқа арналған тарих пәнінің І-ІІІ тоқсандық және жылдық бақылау жұмыстары (Павлодар облысы, Май ауданы, Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебі)
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы үшін авторлық бағдарлама: Журналистика негіздері (9 сынып)
Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныпқа арналған Әлемдік география арнайы курсының 68 сағаттық оқу бағдарламасы
Тіктөртбұрыштың ауданы: қайталау сабақ жоспары (№4 жалпы білім беретін орта мектеп, қала семинарі, Арқалық, 2011)
Жолдаева Жайнагүл Сегізбайқызының бастауыш сынып оқушыларына арналған логикалық есептер жинағы (№8 жалпы орта білім беретін мектеп, Шалқар, Ақтөбе облысы)
Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Отан - отбасынан басталады мерекелік-сайыс жоспары
Ашық сабақ: Синтаксистік қатынастар - А.Ж. Бисембаева, №8 жалпы орта білім беретін мектеп (Шалқар, Ақтөбе облысы)
Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің 1-сынып оқушыларының мінездемелері және отбасылық-әлеуметтік деректері
Л. Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектептің 7-14 жас аралығындағы оқушыларға арналған шахмат факультативінің оқу-тақырыптық жоспары (2012-2013 оқу жылы)
Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің 2012-2013 оқу жылына арналған Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігі жұмыс жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz