Бастапқы химиялық ұғымдар. 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Бастапқы химиялық ұғымдар» тарауын қайталау

8 сынып

Сабақтың мақсаттары:

а) білімділік - зат, химиялық құбылыстар, атом, молекула, жай және күрделі заттар, валенттілік, химиялық формула, химиялық теңдеулер ұғымдарын қорытындылау.

ә) тәрбиелік - еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

б) дамытушылық - оқушылардың химиялық сауаттылығын, химиялық формулалар мен химиялық теңдеулерді құра білу біліктілігін, сезім эмоциясын, ойлай білу дағдысын дамыту.

Сабақтың типі: қайталау

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық кестесі, үлестірмелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.

1 Сайыс. «Танысайық»

2 Сайыс. «Кім жылдам?»

3 Сайыс. «Химик - эрудит»

4 Сайыс. « Мақал-мәтел сайысы»

ІІІ. Қорытындылау.

1 Сайыс. «Танысайық»

(Әр топқа төмендегідей үлестірмелер таратылады)

Мына заттардың қайсысы химиялық элемент, химиялық қосылыс, қоспа екенін анықтаңыздар. Дұрыс жауабын анықтағанда химиялық элементтің аты шығады.

Атауы
Химиялық элемент

Химиялық

қосылыс

Қоспа
Атауы: Магний
Химиялық элемент: Г
Химиялыққосылыс: Д
Қоспа: Ж
Атауы: Ауа
Химиялық элемент: З
Химиялыққосылыс: К
Қоспа: Е
Атауы: Су
Химиялық элемент: П
Химиялыққосылыс: Р
Қоспа: С
Атауы: Мыс оксиді
Химиялық элемент: Т
Химиялыққосылыс: М
Қоспа: Н
Атауы: Темір
Химиялық элемент: А
Химиялыққосылыс: Б
Қоспа: В
Атауы: Сүт
Химиялық элемент: Г
Химиялыққосылыс: О
Қоспа: Н
Атауы: Сода
Химиялық элемент: Х
Химиялыққосылыс: И
Қоспа: К
Атауы: Оттек
Химиялық элемент: Й
Химиялыққосылыс: Л
Қоспа: М
Атауы
Химиялық элемент
Химиялық қосылыс
Қоспа
Атауы: Кальций
Химиялық элемент: Т
Химиялық қосылыс: Р
Қоспа: Д
Атауы: Құм
Химиялық элемент: А
Химиялық қосылыс: Ы
Қоспа: Е
Атауы: Барий оксиді
Химиялық элемент: Л
Химиялық қосылыс: Х
Қоспа: Ф
Атауы: Күкірт
Химиялық элемент: Н
Химиялық қосылыс: Ж
Қоспа: О
Атауы: Қаймақ
Химиялық элемент: Н
Химиялық қосылыс: Ю
Қоспа: Е
Атауы: Күміс
Химиялық элемент: Ц
Химиялық қосылыс: Ж
Қоспа: В
Атауы: Темір сульфиді
Химиялық элемент: М
Химиялық қосылыс: И
Қоспа: Э
Атауы: Шаң
Химиялық элемент: Ш
Химиялық қосылыс: У
Қоспа: Й

2 Сайыс. «Кім жылдам?»

Бұл сайыста тарау бойынша оқушылардың білімдерін тексеруге арналған сұрақтар қойылады. Бірінші болып дұрыс жауап берген топ әрбір дұрыс жауапқа бір ұпайдан алады.

1. Реттік нөмірі 6 химиялық элемент ( көміртек)

2. Судың салыстырмалы молекулалық массасы ( 18)

3. Біртекті қоспалардың әртекті қоспалардан айырмашылығы қандай ? (Біртекті қоспалардың жеке бөлшектері байқалмайды)

4. Темір мен ағаш үгінділерінің қоспасынан темірді қандай әдіспен бөледі? ( Тұндыру)

5. Авогадро саны нешеге тең? (6, 02•10 23 )

6. Оттектің латынша аты (оксигениум)

7. Қай химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасы 127-ге тең? (Йод)

8. Қосылу реакциясы дегеніміз не? (Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуы)

9. Зат массасының сақталу заңын тәжірибе жүзінде дәлелдеген ғалым ( М. В. Ломоносов)

10. Қалыпты жағдайда 1 моль газ қанша көлем алады? ( 22, 4 л)

11. Химиялық реакция теңдеуі дегеніміз не? ( Химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу)

12. Валенттілік дегеніміз не? ( химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі санын қосып алу қасиеті)

3 Сайыс. «Химик - эрудит»

Бұл сайыста оқушылардың валенттілік ұғымын қалай меңгергендігі, химиялық формулалар құрастыру және химиялық реакция теңдеулерін жаза білу, есеп шығару біліктіліктері мен химиялық реакциялардың типін ажырату деңгейлері тексеріледі. (Әр топқа төмендегідей үлестірмелер таратылады)

Na
Са
Р
Na: S
Са: B
Р: Fe
Na: Mn
Са: Pb
Р: Ni
N
С
Li
N: Sn
С: Ba
Li: Cr
N: Cu
С: Co
Li: Al

Үлестірмелер бойынша оқушылар келесі тапсырмаларды орындайды.

1- тапсырма.

1. Химиялық элементтерді атаңыздар.

2. Валенттілігі тұрақты элементтердің валенттік мәндерін жазыңыздар.

3. Валенттілігі айнымалы элементтердің оттекті қосылыстарының формуласын жазыңыздыр.

4. Валенттілігі тұрақты элементтердің оттекпен қосылу реакция теңдеуін жазыңыздар.

5. 78 г Na 2 О-нің (165 г BaО -нің) молекула санын есептеңіздер.

6. 12 г СаО (45 г AI 2 O 3 ) қанша зат мөлшеріне сәйкес келетінін есептеңіздер.

2- тапсырма.

Реакция теңдеуін аяқтап, коэффициенттерін қойыңыз. Реакция типтерін анықтаңыз. Реакция типтерін дұрыс анықтағанда химиялық элементтің аты шығады.


Ұқсас жұмыстар
Химиялық реакциялар
Кері байланыс, рефлексия
Бастапқы химиялық ұғымдар тарауын қайталау
Химиядан үйірме жоспары.8 сынып
Әртүрлі типтегі есептеу есептерін шығару
Химиялық формулалар бойынша есептеулер. 8 сынып
Химия пәнінен жаңа оқулықтар бойынша есеп шығару
Көшбасшы. 8 класс
Химиялық элемент
Валенттіліктері бойынша мына химиялық элементтерден формулалар құрастыр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz