2-сынып математикасы: Қосудың қасиеттері - сабақтың үлгі жоспары

Сабақтың тақырыбы : Қосудың қасиеттері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қосудың қасиеттері туралы мәлімет беру; Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ізденіске дағдыландыру.

Оқушыға жан-жақты, сапалы, терең білім беру, логикалық ойлау қабілетін жан-жақты дамыту; Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі : Түсіндіру, іздендіру, сұрақ- жауап .

Сабақтың түрі : Жаңа білімді меңгеру, саяхат сабағы

Көрнекілік : Интерактив тақта, қима қағаздар, геометриялық фигуралар, шарлар, бағалау парағы, бағдаршам .

Сабақтың барысы .

  1. Ұйымдастыру .
  2. Психологиялық дайындық:

Математикалық әнді хормен айтқызып өту

Саған есеп үйреткен,

Пәнге қара құрметпен.

Санды тура табатын,

Математика болатын.

Математиканы оқимыз,

Миға бәрін тоқимыз.

4- пен 5 -ті аламыз,

Мәз боп үйге қайтамыз.

III. Өткен сабақты қайталау . Оқушылар ақыл тақтадағы (интерактивті тақта) «Мерген атқыштар» атты ойынмен өткен тақырыпты пысықтайды

5+4 2

8-3 7

9-3 9

8-6 5

10-3 6

6+2 8

Жаңа сабаққа дайындық. -Оқушыларды бағалау житондарымен таныстырып өту

Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық

-Сабаққа сандар ханшайымы қонаққа келеді. Сандар ханшайымы өзімен бірге көптеген тапсырмалар әкеледі. Сол тапсырмаларды оқушылар орындаса ханшайымның сыйлықтары бар көрінеді.

IV. Жаңа сабақ . Жаңа сабақты көрнекілікті пайдалану арқылы түсіндіру

  • Азамат 5 жасыл жалауша, ал Болат 3 қызыл және 2 көк жалауша жасады. Азамат пен Болат барлығы неше жалауша жасады?

Суретті пайдаланып, есептерді әр түрлі тәсілдермен шығарту

5+(3+2) =10

(5+3) +2=10

(5+2) +3=10

Оқушыларға теңдіктерді салыстыртып, не байқағандарын сұрап өту.

А) 6+4 және 4+6 70+30 және 30+70

-Қосындыларды бір-бірімен салыстыртып өту. Мұнда қосылғыштардың орындары ауысқан, бірақ қосындының мәні өзгермеегенін түсіндіру. Яғни бұл қосудың ауыстырымдылық қасиеті екенін ұғындыру.

Б) 6+(1+3) (6+3) +1 (6+1) +3 1+(6+3)

-Бұл қосылғыштарды да оқушыларға салыстыртып, не байқағандарын сұрап өту

-Мұнда көршілес қосылғыштар жақшаға алынып, қосынды түрінде жазылған, бірақ қосындының мәні өзгермегендігін көрсетіп, бұл қосудың терімділік қасиеті екенін айтып өту.

V. Оқулықпен жұмыс : а) Оқулықтағы №3- есепті оқушылар ақыл (итерактив) тақтада орындайды .

- Әсем 6 және 4 қиып алды да, олардың 3-еуін бояды. Ол тағы неше фигура бояуы керек?

Есепті әр түрлі тәсілмен шығар және шешуін түсіндір.

(6+4) -3 (6-3) +4 (4-3) +6

-Түрлі тәсілмен шығарған оқушыларға смайликтер таратылады.

VI. Дәптермен жұмыс : а ) 11 санының құрамын дәптерге орындау ; б) «Ия не жоқ ?» ойыны, сандарды дұрыс орналастырып қою;

VII. Сергіту

Шаршадым УҺ дедім,

Ренжідім ТУҺ дедім,

Қорықтым ОЙ дедім,

Өкіндім АҺ дедім,

Шарасыз ЕҺ дедім,

Кейідім И дедім,

Біліп ал Е дедім,

Қуанып, ХА-ХА-ХА дедім.

VIII. Шығармашылық жұмыс

3 топқа үш түрлі тапсырмалар беріп орындатып өту

1топ

2 топ

шаршы үшбұрыш

Көпбұрыш Тіктөртбұрыш

Кесінді

3 топ

XI. Сандар ханшайымы сабақты бекіту мақсатында «Шар жинау » атты ойын ұйымдастырады. Оқушыларға тақтада ілінген шардағы есептерді жылдам шығарта отырып, жинату.

X.

Қорытынды : «Санамақ»

Бір-білім ал,

Екі-ерлік көрсет,

Үш- үлгі тұт,

Төрт-тәртіп керек.

Бес- бестік баға ал

Алты-алғыс ал,

Жеті-жеңіс біздікі,

Сегіз- сенім керек,

Тоғыз- тоқу керек,

Он- оқу керек.

Үй тапсырмасы: №6 есеп (сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, қызыл смайликтер тарату)

Құрметті редакция !

Біз Ы. Алтынсарин атындағы бастауыш сынып ұжымында бәріміз «Бастауыш сынып »журналына жылда жазыламыз.

Біздің әріптесіміз Торғынның сабақ үлгісін сол журналдан көріп, оқысақ сіздерге айтар алғысымыз шексіз .

Ұжым мүшелері


Ұқсас жұмыстар
Тік төртбұрыштың қасиеттері және қосудың ауыстырымдылық пен терімділік қасиеттері
8-сынып географиясы: Сарыарқа туралы ашық сабақтың үлгі жоспары
Ашық сабақ: Қосудың терімділік қасиеті (2 «б» сынып, математика)
1-сынып математикасы: Қосудың шаршы түріндегі кестесін құру және қолдану
Сабақ жоспары: 1-сынып математикасы - 8 санының құрамы және қосудың ауыстырымдылық қасиеті
Тік төртбұрыштың қасиеттері және қосудың қасиеттерін қолдана отырып есептер шығару
6-сынып математикасы: санды теңсіздіктердің қасиеттері
2 сынып математикасы: Алгебра элементтері - сабақ жоспары (16.05.2024)
2-сынып математикасы: Қайталау - теңдеулер, бұрыштар және есептер
2-сынып математикасы: Қосындыдан санды азайтуға арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz