Информатика пәнінен 4 класқа арналған іі тоқсандық қысқа мерзімді жоспарлары

1. Оқушыларға Сызықтық алгоритм тақырыбын түсіндіру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
(сәлемдесу, топтастыру, сабақ тақырыбына көшу) : Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру үшін: барлық оқушылар бірге бір-біріне 3 шапалақ соғады.
Топпен бағалау үшін әр топ бір-бірінің орындаған жұмыстарын, тексереді, қадағалайды, бір-бірін бағалайды.
Мұғаліммен амандасады.
Барлық оқушылар бірге бір-біріне 3 шапалақ соғады. оқушылардың белсенділігі артады.
Топқа бөлінеді, оқушылар қызығушылықтарын көрсетеді, бір-бірін бағалап үйренеді.
Кіріспе:
(жаңа сабақты игеруге бағытталған, үй тапсырмасын тексеру, тарауды қайталау, т. б. ) :
Тұлға аралық байланысты орнату
Сыныптың білім деңгейін анықтау
Алдыңғы сабақты қысқаша қайталау
Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау
Тұсаукесер:
Қызығушылық пен назарға қол жеткізу барысында оқушыларды топқа бөлу.
Пайымдауға және логикалық ойлауға себепші болу арқылы, топқа бөлудің себептерін оқушылардан сұрау, сол арқылы
оқушылар болып жатқан оқиғаларды түсінгендерін анықтау.
Негізгі бөлім: (жаңа тақырып түсіндіру)
Алгоритмдермен жұмыс істеу жалғастырылады. Сызықтық алгоритм ұғымы енгiзiледi. Командалары бiрiнiң соңынан бiрi тiзбектелiп орындалатын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады. Мысалы, досыңның туған күнiне бару үшiн мынадай әрекеттердi орындайсың: сыйлық дайындау, құттықтау хатын жазу, әдемi киiм кию. Көшет отырғызу үшiн де, әрекеттер тiзбегiн - алгоритм орындау керек. Балалардың өздері алгоритмге бірнеше мысалдар келтiрулері тиіс.
11-сабаққа арналған тапсырма.
Тiзбектi толтыр:
2 ∙ 2 + 10 ∙ 2 : 4 = 7 3 ∙ 4 : 6 ∙ 9 : 3 = 6
Арифметикалық амалдар таңбаларын қой:
4 + 6 + 10 + 26 - 1 = 45
Әлiмге “есiктi ашу” алгоритмiн жазуға көмектес.
1. Кiлттi алу. 2. Кiлттi құлыпқа салу. 3. Кiлттi бұрау.
4. Есiктi ашу.
Сызықтық алгоритмдi орындап, ҚОЛА сөзiнен ЖҰРТ сөзiн ал. «Л»ны «Р»-ға ауыстыр «О»-ны «Ұ»-ға ауыстыр «А»-ны «Т»-ға ауыстыр “Қ”-ны “Ж”-ға ауыстыр
ҚҰЛАН сөзiн ҚҰРАҚ сөзіне айналдыру алгоритмiн жаз. ҚҰЛАН/ҚҰЛАҚ/ҚҰРАҚ
Арунаға жармадан ботқа пiсiру алгоритмiн жазуға көмектес. 1) Қазанды алу. 2) Сүт құю.
Жауабы: 1. Қазанды алу. 2. Сүт құю. 3. От(газ) жағу.
4. Қазанды отқа қою 5. Сүт қайнағанда, оған жарма салу.
6. 5 минут араластыра отырып, пiсiру.
7. Газды өшiру.
Алгоритмдi атқарушы - Аруна
12-сабаққа арналған тапсырмалар:
1. Анаңа “жұмыртқа қуыру” алгоритмiн жазуға көмектес.
Жұмыртқаны жар.
Пешке табаны қой.
Пештi сөндiр.
Жұмыртқа мен майды дайында.
Жұмыртқаның қабықтарын таста.
Пешке от жақ.
Жұмыртқаны 5 минут қуыр.
Табаға майды ерiт.
Тоқта.
Алгоритмдi атқарушы - анаң.
Жауабы:
1. Пештi iске қос.
2. Пешке табаны қой.
3. Жұмыртқа мен майды дайында.
4. Табаға майды ерiт.
5. Жұмыртқаны жарып сал.
6. Аршылған жұмыртқаның қабықтарын таста
7. Жұмыртқаны 5 минут қуыр.
8. Пештi өшiр.
Алгоритмдi орындаушы - бота.
2. Ботаға “су iшу” алгоритмiн жазуға көмектес.
↓ ↓ ↓ ← ← ↓ ↓ ↓ ← ← ↓ ↓ ↓ ↓ → → → → → → ↑ ↑ ↑ ↑ → → ↑ ↑ ↑ → → → →
3. Компьютер бөлiктерiнiң атауын алфавит бойынша орналастыр.
Дискi Жад Жүйелiк блок Монитор Тышқан
Пернетақта Процессор
4. Тiзбектi толтыр.
5. Заңдылықтарын анықтап, бос торларды толтыр. Бос торларды, алдымен, диагоналы бойынша, содан кейiн бағаналары бойынша толтыру керек Жауабы:
Сабақ басында үй тапсырмасы қайталанып, жаңа тақырып оқушыларға түсіндіріледі.
Жаңа тақырып түсіндіріледі, оқушылар қызығушылықпен тыңдайды, сұрақтар қояды.
Оқушылар үй тапсырмасын қалай меңгергендіктерін көрсетеді, өткен тараулар бойынша 5 сұраққа топ болып жауап береді:
Бағалау.
Өзара жұппен бағалау.
Қосымша тапсырма:
Ү/т § Сызықтық алгоритм
«___» 2013ж
Тексерілді:
1. Оқушыларға тармақталу алгоритмі тақырыбын түсіндіру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
(сәлемдесу, топтастыру, сабақ тақырыбына көшу) : Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру үшін: барлық оқушылар бірге бір-біріне 3 шапалақ соғады.
Топпен бағалау үшін әр топ бір-бірінің орындаған жұмыстарын, тексереді, қадағалайды, бір-бірін бағалайды.
Мұғаліммен амандасады.
Барлық оқушылар бірге бір-біріне 3 шапалақ соғады. оқушылардың белсенділігі артады.
Топқа бөлінеді, оқушылар қызығушылықтарын көрсетеді, бір-бірін бағалап үйренеді.
Кіріспе:
(жаңа сабақты игеруге бағытталған, үй тапсырмасын тексеру, тарауды қайталау, т. б. ) :
Тұлға аралық байланысты орнату
Сыныптың білім деңгейін анықтау
Алдыңғы сабақты қысқаша қайталау
Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау
Тұсаукесер:
Қызығушылық пен назарға қол жеткізу барысында оқушыларды топқа бөлу.
Пайымдауға және логикалық ойлауға себепші болу арқылы, топқа бөлудің себептерін оқушылардан сұрау, сол арқылы
оқушылар болып жатқан оқиғаларды түсінгендерін анықтау.
Негізгі бөлім: (жаңа тақырып түсіндіру)
Жаңа тармақталу алгоритмi ұғымы енгiзiледi. Әрекеттердiң атқарылу реттілігі белгiлi бiр шарттарға байланысты түрде өзгеріске ұшырай отырып орындалатын алгоритм тармақталу алгоритмi деп аталады. Алгоритмді атқару барысында шарт орындалса, бiр әрекет, әйтпесе басқа әрекет атқарылатынын оқушыларға дұрыстап түсiндiру қажет. Мысалы, жолаушы көшеден өтер кезде бағдаршамның қандай сигналы жанып тұрғаны туралы шартты тексередi. Егер жасыл жанып тұрса, онда жолдан өтуге болады. Ал егер ол түс болмаса, онда жасыл жанғанша күтедi, содан кейiн ғана көшеден өтедi. Көктемде және күзде көшеге шығар алдында далада жаңбыр жауып тұр ма деп тексерiп аламыз. Егер жаңбыр жауып тұрса, онда қолшатыр аламыз. Оқушылардың тармақталу алгоритмiне бірнеше мысалдар келтiрулері тиіс.
Егер шарлардағы сандардың қосындысы 12-ден артық болса, оларды қызылмен, ал 12-ден кем болса, көкпен боя
2. Алгоритмдi орында
- «А» санын ойла.
- Оны блок-сызбаға жаз.
- Егер А>5 болса, қызыл қарындаш ал, керiсiнше болса, көк қарындаш ал.
- Таңдап алынған қарындашпен келесi блокты боя.
- Соңы.
3. Блок-сызба бойынша тармақталу алгоритмiн орындай отырып, кестенi толтыр.
Сабақ басында үй тапсырмасы қайталанып, жаңа тақырып оқушыларға түсіндіріледі.
Жаңа тақырып түсіндіріледі, оқушылар қызығушылықпен тыңдайды, сұрақтар қояды.
Оқушылар үй тапсырмасын қалай меңгергендіктерін көрсетеді, өткен тараулар бойынша 5 сұраққа топ болып жауап береді:
Бағалау.
Өзара жұппен бағалау.
Қосымша тапсырма:
Ү/т § Тармақталу алгоритмі
«___» 2013ж
Тексерілді:
1. Оқушыларға тармақталу алгоритмі тақырыбын түсіндіру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
(сәлемдесу, топтастыру, сабақ тақырыбына көшу) : Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру үшін: барлық оқушылар бірге бір-біріне 3 шапалақ соғады.
Топпен бағалау үшін әр топ бір-бірінің орындаған жұмыстарын, тексереді, қадағалайды, бір-бірін бағалайды.
Мұғаліммен амандасады.
Барлық оқушылар бірге бір-біріне 3 шапалақ соғады. оқушылардың белсенділігі артады.
Топқа бөлінеді, оқушылар қызығушылықтарын көрсетеді, бір-бірін бағалап үйренеді.
Кіріспе:
(жаңа сабақты игеруге бағытталған, үй тапсырмасын тексеру, тарауды қайталау, т. б. ) :
Тұлға аралық байланысты орнату
Сыныптың білім деңгейін анықтау
Алдыңғы сабақты қысқаша қайталау
Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау
Тұсаукесер:
Қызығушылық пен назарға қол жеткізу барысында оқушыларды топқа бөлу.
Пайымдауға және логикалық ойлауға себепші болу арқылы, топқа бөлудің себептерін оқушылардан сұрау, сол арқылы
оқушылар болып жатқан оқиғаларды түсінгендерін анықтау.
Негізгі бөлім: (жаңа тақырып түсіндіру)
Сабақ барысында алгоритмдi орындау дағдысы мен шартты тұжырымдар құру дағдылары қалыптасады. Шарттың жауабы ИӘ немесе ЖОҚ сөзі болатындай етiп құрастыру керек.
Тапсырма .
- Сен қай әрекеттердi не үшiн орындадың?.
- Алгоритмдi орында.
- Алгоритмдi орындап, нәтижесiн кестеге жаз.
Жауабы :
- “ИӘ” немесе “ЖОҚ” деп жауап беруге болатын сұрақтар келтiрiп, соларға жауап бер.
- Сенiң атың кiм?
- Сен жасың 10-да ма?
- Бiздiң сабақ саған ұнай ма?
- Мұғалiмнiң аты кiм?
- Сенiң досың кiм?
- Сенде компьютер бар?
Сабақ басында үй тапсырмасы қайталанып, жаңа тақырып оқушыларға түсіндіріледі.
Жаңа тақырып түсіндіріледі, оқушылар қызығушылықпен тыңдайды, сұрақтар қояды.
Оқушылар үй тапсырмасын қалай меңгергендіктерін көрсетеді, өткен тараулар бойынша 5 сұраққа топ болып жауап береді:
Бағалау.
Өзара жұппен бағалау.
Қосымша тапсырма:
Ү/т § Тармақталу алгоритмі
«___» 2013ж
Тексерілді:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz