Ерлік сабағы «өшпес ерлікке мәңгі тағзым»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНІСТРЛІГІ

ШҚО білім департаменті

Ұлан ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі

«Бозанбай орта мектебі» КММ

АӘД пәні мұғалімі: Журкабаев М. Х

с. Бозанбай

2013 ж

«Өшпес ерлікке мәңгі тағзым».

Жүйенің негізі: ҚЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА -

24 ЖЫЛ.

Іске асырушылар:

Мектеп әкімшілігі, АӘД оқытушы-ұйымдастырушы, 9-11 сынып оқушылары және сынып жетекшілері.

Маңыздылығы:

Оқушылардың рухани - адамгершілігін дамыту.

Идеясы:

«Қоғамның топтасыуның бағыттарының бірі - қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу идеясы болуы тиіс. »

Мақсаты:

Оқушы бойындағы патриоттық сезімін жоғарылату, Отанына деген намысшылдығын, сүйіспеншілігін арттыру. Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілетін жоғары ұстауға тәрбиелеу. Қазақстан Республика Қарулы Күштері қатарына әскери борышын өтеуге міндетті екендігін сезіндіру.

Міндеттері:

  • Қазақстандық патриоттық тәрбие беру іс - шараларында мектеп, сынып, мектептен тыс мекемелердің бірлігін қалыптастыру;
  • Біздің заман қаһарманы бейнесінің үлгісін жетекші патриоттық тәрбие беруші құралдары көмегімен жасау.

Күтілетін нәтижесі:

  • Оқушы бойындағы азаматтық қасиеттерінің дәрежесін арттыру;
  • Патриоттық қозғалыстарға қатысуға ұмтылыстарын күшейту;
  • Оқудың І-ші баспалдағында (бастауыш мектепте) мемлекеттік нышандар туралы түсінікті нығайту;

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылғы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15. 00-де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға қеңес әскерлерін енгізу басталды. Командирлер: «Бұл қысқа мерзімдік акция, тапсырманы орындаймыз да кетеміз», деді. Ал бірақ «акция» тоғыз жылдан астам уақытқа созылды.

1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 15 ақпаны аралығында болып өткен Ауған соғысына КСРО аумағынан 620 мыңнан астам жауынгер мен офицер қатысты. Осы соғыста Кеңес Одағынан 15 мың 51 адам оққа ұшып, 118 ұшақ, 800 танк және 11 мың 369 әртүрлі әскери техникалар жойылып кетті. Ал Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны - 22 мың 269 жауынгер. Соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айрылды. Жар құшып, бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек болып оралса, 21 солдат іс-түзсіз кетті. Ауған соғысының жауынгерлері Жезқазған қаласында да аз емес. Қазір қаламызда 125 жауынгер-интернационалист есепте тұр. Соғыстың аяқталғанына 15 ақпанда 20 жыл толады.

«Ауған соғысының 110 айға созылған қанды қырғынынан аман-есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мың 360 қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Жандары жаралы дейтініміз, олар өліммен тікелей кездесті. Соғыстың небір ауыртпалығын көтеріп, қабырғалары қайысты. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласындағы жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған қазақстандық орден-медальдармен марапатталды. Бүгін қазақстандық Отан қорғаушылар солардан үлгі алып, соларға қарап сап түзейді», - деді Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев.

Арада 24 жыл өтсе де ауған соғысы өзінің ізін әлі жасырып болған жоқ. Бұл қанды іздің жасырылуы, ұмытылуы мүмкін де емес. Өйткені, ол адамзат тарихында өшпестей із қалдырды.

Ерлік сабағына Ауған соғысының ардагері Мукашев Тыныштык қатысып, жас ұрпаққа өздерінің басынан кешкен оқиғалары туралы айтып ой бөлісті. Қан майданда, ұрыс даласында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіз тұрып еске алды.


Ұқсас жұмыстар
Қанжардан құтқарған қазақ тілі
Соғысқа қарсы балалар
Ұлы жеңіс
Күркіреп күндей, өтті ғой соғыс
Жеңіс келді далама
Әлияның жүрегі
Туған өлкем-неткен көркем
Қанды қырғын аждаһа
Жеңіс келді қалама, Жеңіс келді далама
Аңызға айналған қаһарман
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz