5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған білім сапасы және бастауыштан орта буынға өтуге қатысты сауалнама

5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған САУАЛНАМА

Құрметті ата-ана, Сізден сауалнама сұрақтарына ойланып, өз ойыңызды шынайы, ашық көрсетіп жауап беруіңіз сұралады.

1. Сіздің ойыңызша мектепте оқушылардың сапалы білім алуы неге көбірек байланысты?

А. Ата-аналардың баласының сабағын үнемі қадағалауына

В. Мұғалімнің берген біліміне, қойған талабына

С. Оқушының өзіне байланысты.

2. Сіз балаңыздың жақсы оқи алатынына сенесіз бе?

  1. Иә
  2. Жоқ
  3. Кейде.

3. Мұғалімдердің балаңызбен қарым-қатынасы қандай болғанын қалайсыз?

А. Достық деңгейде

В. Мұғалімнің талабы жоғары, қатал

С. Жұмсақ, жайлы қарым-қатынаста.

4. Бастауыш сыныптағы сынып жетекшімен, мұғалімдермен қандай қарым-қатынаста болдыңыз?

А. Бала туралы жиі пікір алмасу

В. Тек ата-аналар жиналысында

С. Сирек.

5. Бастауыш сыныпта балаңыздың алған біліміне көңіліңіз тола ма?

А. Өте жақсы

В. Жақсы

С. Қанағаттанарлық.

6. Баланың бастауыш сыныпта алған білімін дамыту кімге, неге байланысты?

А. Жоғары сынып мұғалімдерінің біліктілігі мен біліміне

В. Мұғалімнің балалармен тіл табысуына

С. Ата-аналар мен мұғалімдердің тығыз қарым-қатынаста болуына

7. Балам 5-сыныпқа көшкен соң сабақ үлгерімі төмендейді», - деген ой сізді толғандыра ма?

А. Иә, қалыпты, жиі кездесетін жағдай деп ойлаймын

В. Жоқ, мен баламның біліміне сенемін

С. Балалардың білімін арттыруға мұғалімдер бар күшін жұмсайды, деп ойлаймын.

8. Оқушылардың бастауыштан орта буынға өткен соң, білім сапасының төмендеуінің себебін қалай жорамалдайсыз?

А. Жоғары сынып мұғалімдерінің балалармен тіл табыса алмауынан

В. Оқу материалдарының күрделенуінен

С. Мұғалімнің білім мен біліктілігінің аздығы.

Д. Ата-аналардың қадағалауының аздығы

9. Сіз балаңыздың жақсы білім алуы үшін не істейсіз?

А. Барлық құрал-жабдықтарын алып беремін, мұғалімге тапсырамын.

В. Мұғалімдермен тығыз қарым-қатынаста болып, сабағын қадағалаймын

С. Мен баламның жоғары білім алатынына сенемін, анда-санда қадағалап отырамын

10. Сіз балаңыз жақсы білім алуы үшін, мектепте қандай өзгерістер болғанын қалайсыз?

А. Мектептегі мұғалімдер өзгеруі

В. Ата-аналар мен мұғалімдердің дұрыс қарым-қатынастар орнату жұмыстарын енгізу

С. Мұғалімдер мен оқушылардың достық, түсіністік қарым-қатынастарта болуы.


Ұқсас жұмыстар
5 сынып оқушыларының пәнге деген көзқарасы және орта буынға бейімделуінің психологиялық-педагогикалық диагностикасы
Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін қолдауға арналған психологиялық тренинг
Отбасы - алтын бесік: бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына арналған отбасылық сайыс жоспары
Мен және жанұям: ортаңғы буын оқушыларының ата-аналарына арналған тренинг - ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту
5-сынып оқушыларына арналған орта буынға бейімделу тренингінің сабақ жоспары
№21 орта мектептің 1б сыныбына арналған Әліппе ертеңгілігінің сценарийі және 5-сыныптың орта буынға бейімделу есебі
Менің отбасым және математика: 5-6 сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған сыныптан тыс интеллектуалдық ойын
Ата-аналарға арналған мектеп оқушысы туралы сауалнама
5-9 сыныптарға арналған қазақ әдебиеті сауалнама жинағы
Мен таңдаған жол: 9-11 сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған кәсіптік бағдар психологиялық тренингі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz