Табиғат-тал бесігің,аялай біл!

М. Базарбаев атындағы

№ 138 қазақ гимназиясы

Пән: «Өзін-өзі тану»

Ашық сабақ тақырыбы:

«Табиғат -тал бесігің, аялай біл!»

Пән мұғалімі: Қырғызбаева Л. А.

Алматы 2011-2012 оқу жылы

Сабақ жоспары

Күні: 16. 02. 1012ж. Сынып: 8 «Ә» Пән: «Өзін-өзі тану»

Тақырыбы: Табиғат -тал бесігің, аялай біл!

Мақсаты: оқушыларды табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;
  • Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету;
  • Ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Үнтаспа, кітап-дәптер, жүрекшелер, алма пішініндегі қағаздар.

Шаттық шеңбері: Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, «Мен өзімді сүйем» әнін үнтаспамен қосылып айтады және іс-қимылдармен орындайды. Оқушылар жүрекшелердегі жағымды сөздерді алып оқиды.

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар Қ. Мырза Әлидің «Табиғат тазалығы» атты өлеңін оқи отырып, ондағы айтылған әрбір маңызды идеяға мән береді. Өлеңнің мазмұнын қалай түсінгендерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы жеткізеді.

Таза ауаға кешегі кім шанады?!

Түтін, тұман аспанды тұмшалады. .

Кір шалады қанатын аққулардың,

Соны ойласаң, көілді кір шалады.

Сексеуілдің орнында көмір қалып,

Аман ба өзі тұрғаннан өмір налып?!

Ақ мамықтай ақша қар

Шаһарларға

Енді жауса жауады қоңырланып.

Көлдер қайда жататын сұқсыр қонып?!

Қайда барсаң, бір түтін бықсыр келіп . . .

Ақ көжек боп өкпеңе кірген самал

Шыңарында шығады сұп-сұр болып!

Мұзды мұхит сол, мүмкін, қалпында әлі,

Мән берген жоқ әлі оған жарқын халық.

Мазут жұтып,

Ауырған бидауамен

Көрінбеді бүгінде алтын балық.

Шуда түтін

Шалқыған от төсінде

Шұбап тұрып алады көкке сіңбей.

Айналасы қызарған кейбір бұлттар

Ауру малдың қабарған өкпесіндей.

Бар дейсің бе өмірде азап ондай!

Дүние азса, ол енді азады оңбай!

Адам таза болмайды ешқашанда

Айналайын табиғат таза болмай!

Табиғат тазалығын сақтауда адамның рөлі қандай?

Табиғат тірі жан сияқты, өзіне зәбір шектіргенде қиналуы мүмкін бе?

Тыныштық сәті.

Көздеріңізді жұмыңыздар. Өзіңізге енді атып келе жатқан таңды елестетіңіз. Сіз тау жолымен келе жатырсыз. Таза ауа, сылдырлаған бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл демаласыз, сіз күшке толысыз. Күн шуағы сіздің теріңізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіріп, қуат беріп тұрғанын сезуге тырысыңыз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз, Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.

Оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіру немесе суреттеу.

Жаңа ақпарат.

Оқушылардың мәтінмен жүргізілген жұмыста алған білімдерін бекіту мақсатында жаңа ақпарат ұсынылады.

«Адам баласы жаратылысынан табиғат пен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан алады. Табиғат адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктердің бастауы.

Адамзаттың әлемде алатын орны зор. Сондықтан адамзат ғылым мен техниканы пайдаланудың жаңа стратегиясын жасамай, өзін-өзі құртып алуы мүмкін. «Табиғат тазалығы-адамзат амандығы» екенін естен естен шығармау керек.

Адамзаттың басты міндеті- табиғат қуат көздерін орнымен пайдалану, оның әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу».

Сергіту сәті. « Малекула» ойыны. Малекула ойыны жуптасу арқылы ойналады. Ойынды жүргізуші мына сөзді айту арқылы ойынды қызықтыра алады. Мысалы жүргізуші «Малекула 2» дегенде, оқушылар екі-екіден тұра қалулары қажет. Жупсыз қалған оқушы ойыннан шығады да, әрі қарай ойын осылай жалғаса береді.

Тапсырма. Оқушылардың сабақта алған білім-біліктерін терңдете түсу үшін тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырма бойынша ұсынылған мәтінімен танысып, «Табиғат-біздің анамыз, Біз- табиғатқа панамыз! деген тақырыпта пікірталас өткізіледі.

Түйіндеме. Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқытып, оларға сөз беріледі.

Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-бі­ріне кез болыпты. Бұлақ тастақ жерден шыққан, суы салқын, шыныдай жарқырайды. Айналасындағы ағаштардың жапырағы мол түскендіктен, бұлақ суы салқын әрі таза екен. Біреу су шыққан жердегі тастың бетіне: -Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол! -деп жазу жазып қойыпты. Жолаушылар бұл сөздің мәнін өздерінше шешеді.

Әңгімені осы жерден тоқтатып, оқушыларға да осы сұрақты қойып, пікірлерін тыңдап, әрі қарай жалғастырылады.

Жолаушылардың бірі саудагер екен. Ол былай дейді:

  • Бұлақ толассыз ағып, алыс жерлерге барады. Сол сияқты сен де тынбай қызмет ет, тоқтап қалма, сонда сен де мұратыңа жетесің.

Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану және физика пәндерінің біріктірілген инновациялық курсы
<<махаббат пен шығармашылық педагогикасы>> онкүндік жоспары
Табиғатымыз - адамға баға жетпес байлық
Сыр мен сымбат
БЛИЦ-ТУРНИР Қазақстанның Қызыл кітабы
“табиғат - алтын бесік” ашық тәрбие сағаты
Өзін-өзі тану "махаббат пен шығармашылық педагогикасы"
Адам - әлем бөлшегі
Ағаштың сыры
Табиғат туралы кітаптарды насихаттау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz