7-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Абай Құнанбаевтың Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңі

Сыныбы 7 «в»
Күні 17. 10. 2012.
Сыныбы 7 «в»: Сабақтың тақырыбы
Күні 17. 10. 2012.: Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»өлеңі
Сыныбы 7 «в»: Мақсаты
Күні 17. 10. 2012.: Абай Құнанбаев туралы мәліметті кеңейту, берілген жаңа ақпаратты оқу, мәліметті саралау, «Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңінің мазмұнын түсіну, идеясын ұғыну, өз ойын еркін қорғауға, пікірін дәлелдеуге үйрену, бір-бірін бағалай білу.
Сыныбы 7 «в»: Күтілетін нәтижелер
Күні 17. 10. 2012.: Абай Құнанбаев туралы мәліметі кеңейеді, «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің мазмұнын меңгереді, өлеңнің композициялық жоспарын құрастыра алады, өз ойын еркін айтуға үйренеді, өз бетінше сұрақтар құрастыра алады
Сыныбы 7 «в»: Керекті жабдықтар
Күні 17. 10. 2012.: Оқулық, интерактивтік тақта, бейнеролик, флипчарт, стикер
Сыныбы 7 «в»: Сабақ барысы:
Сыныбы 7 «в»: Сабақ кезеңдері
Күні 17. 10. 2012.: Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Сыныбы 7 «в»:

Кіріспе

1 мин.

3 мин.

Күні 17. 10. 2012.:

-Оқушылармен амандасу

- кезекшімен сұхбат

Оқушыларды сабақтың мақсаты, жоспарымен таныстыру. Бағалау критерийімен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Ыстық орындық » әдісі арқылы тексеремін.

-Ортаға қалауы бойынша 1 оқушыны шығарамын, ыстық орындыққа отырғызамын.

-Көрермендер ретінде

оқушыларға сұрақтар қоюға нұсқау беремін.

Оқушылар топқа бөлінеді, тыңдайды, дайындалады.

Кезекші 3 топқа бөліп, оқушыларды отырғызады.

Оқушылар 3топқа бөлініп отырады:«Абай ауылы», «Шәкәрім

ауылы», «Жамбыл ауылы».

Ортаға калауы бойынша 1 оқушы шығады, Махамбет рөлінде ыстық орындыққа отырады.

Махамбет Өтемісұлы туралы сұрақтар қойылады, жауап алынады

  • Қандай тілдерді еркін меңгердіңіз?
  • Орыс, татар, араб тілдерін
  • Исатай -көптеген өлеңдеріңіздің басты қаһарманы. Оған арналған «Исатай деген аңам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым»өлеңдерінің ұқсастығы қандай?
  • Барлығында да Исатайдың адамгершілігі, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.
  • Сіздің өміріңізден келешек ұрпаққа үлгі алуына бола ма?
  • Әрине, болады.
Сыныбы 7 «в»:

Тұсаукесер

5 мин

Күні 17. 10. 2012.:

«Кансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңіне байланысты видеоролик көрсетемін.

-Оқушылар бұл бейнероликтен не байқадындар?

- Қазақтын кандай салт-дәстүрін аңғардыңдар?

- Сонда бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ?

  • Оқушылар видеороликті көреді, ойланады.
  • Сұрақтарға жауап береді

- Саятшылыктың бір көрінісін.

-

- Бүркітпен аң аулау т. б

-Абай Құнанбаев « Кансонарда бүркітші шығады аңға »

Сыныбы 7 «в»:

Негізгі бөлім

5 мин

10 мин

10 мин

Күні 17. 10. 2012.:

1. Жеке жұмыс - жаңа тақырыпты өз бетінше оқу.

2. Әр топқа қосымша ақпараттар үлестіремін . ( жеке жұмыс- өз бетінше оқу)

3. Топтық талқылау.

Оқушыларға флипчарттар үйлестіріледі. Тапсырма беріледі.

1 топқа - Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын топтастыру.

ІІ топқа - «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің композициялық жоспарын құрастыру

ІІІ топқа - Бүркіттің қасиеттерін топтастыру.

Постер құрастыруға нұсқау беремін.

Оқиды, өлең мазмұнын меңгереді.

Әр топ берілген ақпараттарды оқи отырып, керекті мәліметтердісараптап, жазып алады.

Ой бөліседі, пікір алмасады.

Абай туралы берілген ақпараттан өмірі мен шыгармашылыгын зерделейді.

«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің композициялық жоспарын құрастырады.

Бүркіттің қасиеттерін топтастырады.

Постер құрастырады, оны қорғайды.

Екі жұлдыз, бір ұсыныс айтады.

Сыныбы 7 «в»:

Қорытынды

2 мин

3 мин

3 мин

2 мин

1 мин

Күні 17. 10. 2012.:

Бүркіт туралы видеоролик көрсетемін. 3 топқа тапсырма беремін.

Әр топ 2 төменгі, 2 жоғарғы деңгейлі сұрақтар құрастыру.

Бағалау. ( өзін-өзі бағалау, топтық бағалау)

Рефлексия

Уй тапсырмасын беру. «Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңін өз қалаулары бойынша үй тапсырмасын орындау

Оқушылар ойланады, сұрақтар құрастырады, жауап береді.

Критерийлер арқылы бағалайды.

Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабақ бойынша өз ойын жазып, жабыстырады.

Үзінді жаттау, сурет салу, мәнерлеп оқу


Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаевтың Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңі бойынша оқыту-әдістемелік сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған Абай Құнанбайұлының Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңіне сабақ жоспары
Абай Құнанбаевтың Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңін оқыту жоспары мен әдеби-суреттеу талдауы
Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңіне арналған композициялық талдау және мәнерлеп оқу сабағы
7-сыныпқа арналған Абай Құнанбаевтың Қараңғы түнде тау қалғып өлеңі бойынша сабақ жоспары
Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңі бойынша 3-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңі бойынша оқу-әдістемелік жоспар
5-сыныпқа арналған Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңі бойынша қысқа мерзімді мастер-класс сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған Абай Құнанбаевтың Қараңғы түнде тау қалғып өлеңін талдау сабақ жоспары
Ашық сабақ: Абай Құнанбаевтың Жазғытұры өлеңі мен өмірбаяны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz