Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

1 сынып математика сабақтары

lefttop
Әдістемелік әзірмелер кезеңіне аңдатпа:

- Касимова Райхан Баймырзақызы, бастауыш сынып мұғалімі;

- Бидайық орта мектебі;

- Уәлихан ауданы; СҚО

- Назарларыңызға 1-ші сыныпта <<Математика>> пәнінен геометриялық фигуралар жайында білім беру барысында келесі тақырыптар бойынша сабақтардың әдістемелік әзірмелерін ұсынып отырмын:

- Сызықтардың түрлері;
- Нүкте. Кесінді;
- Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру;
- Пысықтау;

Бірінші сабақ барысында оқушыларға түсінік бере отырып, келесіде білімдерін кеңейтіп, практикалық жұмыс үстінде ары қарай дамытып, соңғы сабақта білім деңгейлерін анықтау үшін <<Жаттықтыру парағын>> қолданғанымды көрсеттім.

* <<Көктем аруы>> атты сыныптан тыс іс-шара жалпы бастауыш сынып оқушылардың арасында 8 Наурыз мереке қарсанында өткізілген. Ол арқылы
қыз балаларды ұлттық, халықтық тәрбие рухында тірбиелейміз, ана өнегесінен үлгі алуға үйретеміз, салт-дәстүрлерді бойына сіңіруге жағдай жасаймыз да эстетикалық тәрбие бере отырып, сұлулыққа тәрбиелейміз, тазалыққа үйретеміз.
.


Тақырып: Сызықтардың түрлері.
Білімділік мақсаты: сызықтардың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық мақсаты:фигураларды салыстыруды жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа,
ауызбіршілікке баулу.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы.
Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, жіп орамы.
Қолданылатын әдіс: ойын, өздік жұмыс, жүппен, топтық жұмыс.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.
2. <<Жұмылған көзбен тап>> ойын арқылы құрал-жабдықтарын тексеру.
3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Қызығушылығын ояту.
-Бүгін біз <<Геометрия>> еліне саяхат жасаймыз. Мұнда ерекше тұрғындар өмір сүреді.
Кейбіреулерімен сендер даярлық топта оқығанда таныстыңдар.
361823037985701.Логикалық тапсырма <<Қандай фигура артық?>>
Қорытынды: пішіні бойынша - дөңгелек артық, себебі қалғандары - үшбұрыш;
түстері бойынша - жасыл үшбұрыш, себебі қалғаны - сары түсті.
2.Ойын <<Сөйлемді аяқта!>> Тақтада:
Сары шаршы үлкен, ал .........
* Қызыл шаршы кішкентай, ал .......
3. Қорытынды: Сонымен, <<Геометрия>> елінің тұрғындары кім екен?
Фигураларды атап беріңдерші.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- Бүгін біз осы елдің жаңа тұрғындарымен танысамыз, оларды салыстырамыз да
ажыратуға үйренеміз.
2. Практикалық жұмыс. Жіппен жұмыс :
- Қатты тартсақ - жіп қандай болады? - түзу сызық
- Жіпті бос ұстасақ - жіп не істейді? - қисық сызық
- Екі шетін байласақ - жіп неге ұқсайды? - тұйықталған сызық
- Байлағанды шешсек - жіппен не болады? - тұйықталмаған сызық
Тақтада жұмыс: түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтарды оқушылардың
өздеріне салғызу.
3. Қорытынды: <<Геометрия>> елінің маңызды тұрғындар - сызықтармен таныстық.
- Сызықтар қандай болады?
- Қалай ойлайсыңдар, олардың керегі неде?
- Олардың көмегімен не сызуға болады?
Маркерлік тақтаға фигураларды салғызу: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша.

ІҮ. Білімді тиянақтау.
3268980-1085851.Оқулық бойынша жұмыс.
* № 2 - өздік жұмыс; ойлау, дәлелдеу.

* Топпен жұмыс:
1топ - № 1 2 топ - № 3
39338251670685273051670685

2. Дәптерде жұмыс.
* 37503103266440№1 - Диктант түрінде :

түзу сызықтарды - қызыл қарындашпен,
тұйықталған - сары түспен,
20218404629785 тұйықталмаған - жасыл қарындашпен бастыр.

* № 2 - өздік жұмыс.



Ү. Рефлексия.
<<Шаршы>> әдісі.
Шарты: қатырма қағаздан жасалған шаршының әр жағына тапсырма жазылған. Оқушылар шаршыны лақтырып, түскен сұраққа жауап беруге тырысады.
Қандай фигура?
Ол туралы не білесің?
<<Дұрыс әлде бұрыс>>?
Мынау - шаршы.

Шаршы
туралы не
білесің?

Сызықтардың
түрлерін атап
бер.

<<Геометрия>> елінің қандай тұрғындарын білесің?

ҮІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Тақырып: Нүкте. Кесінді.
Білімділік мақсаты: нүкте, кесінді туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Жолда абай болу, ЖЖЕ сақтау.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: үлестірмелі қималар, геометриялық фигуралар, жіп, ребус,
Қолданылатын әдіс: ойын, сұрақ-жауап, проблема туғызу, практикалық жұмыс.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.
2. Құрал-жабдықтарын тексеру.
3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
1. <<Домино>> ойыны.
Мақсаты: оқушылар заттарды сандармен сәйкестендіруді қаншалықты менгергендерін айқындау.
Шарты: әр балаға екіге бөлінген карточкалар үлестіріледі, бір бөлігінде дөңгелектер, екінші
жағында сандар. Шыққан оқушының карточкасындағы жазылған сан алдындағы
оқушының қағазындағы дөңгелектердің санына сәйкес келуге тиіс.
2. <<Қателеспе!>> ойыны.
Мақсаты: оқушылардың қаншалықты геометриялық фигураларды білетіндерін, зат пен санды
сәйкестендірулері, зейінді болғандарын көруге болады.
Шарты: мұғалім көрсеткен цифрға оқушылар алдарындағы жатқан фигуралардың соншасын
көрсетеді.
3. <<Не жылдам жүреді? Не баяу жүреді?>>
Мақсаты: өмірмен байланыстыру, ЖЖЕ қайталау, өз ойын жеткілікті жеткізе білу дағдыларын
жетілдіру, тіл дамыту.
8280406142990

ІІІ. Жаңа сабақ.
242824077654151 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1. Ребус: ,,, ,,,

Шешуі: СЫЗЫҚ
2.Қайталау: - сызықтың қандай түрлерін білесіңдер?
- сызықтарды маркерлік тақтаға салғызу.
3. Практикалық жұмыс: жіппен
* Түзу сызық - қисық сызық - тұйықталған - тұйықталмаған
ә) Түзу жіптің екі жағынан қайшымен қиып алу
* Мен не істедім? (қайшымен кесіп алдым)
* Қиып алған бөліктің аты - КЕСІНДІ. Ендеше бүгін сабақ үстінде немен танысамыз?
* Дұрыс, бүгінгі сабақта біз <<Геометрия>> елінің жаңа тұрғындарымен танысамыз,
олар - КЕСІНДІЛЕР және НҮКТЕЛЕР.
4. Салыстыру: сызық - кесінді.
- Жіп арқылы сызықтарды көрсеткенде, жіпті не істеуге болады? (созуға)
- Ендеше, сызықтардың шеті бар ма? (жоқ)
- Ал жіптен кесіп алған кесіндіні созуға бола ма? (жоқ)
- Неге? (себебі, оның екі жағынан қиылған)
- Ендеше, кесіндінің несі бар?(басы мен ұшы бар)
5. Қорытынды: сызықтың шеті жоқ,
кесіндінің екі шеті бар.
Үлгі көрсету:

ІҮ. Білімді тиянақтау.
1.Оқулық бойынша жұмыс.
* 24422103105785№1 - нүктелер жайлы
түсінік беру.


* Сызық неше нүкте арқылы салынған? (екі)
* Қалай ойлайсыңдар, үш нүкте арқылы сызық өткізуге бола ма? (болады)
* Ол сызықтың аты қандай болады? (қисық сызық)
* № 2 - кесіндіні әртүрлі өлшеммен салыстыру.
9588505054600

Қорытынды: бір кесіндіні әртүрлі өлшеммен өлшеген кезде әртүрлі шама шығады.
* 25590506610985№3 - кесінділерді салыстыру.
* Көзбен өлшеу арқылы
* Берілген өлшем арқылы.

2. Дәптерде жұмыс.

15030457960995 №

183197546990Математикалық диктант:

Өздік жұмыс:

Ү. Рефлексия.
- Сабақ үстінде не білдіңдер?
- Сызық пен кесіндінің қандай айырмашылығы бар?
- Қалай ойлайсыңдар, қайсын өлшеуге болады, ал қайсын өлше алмаймыз? Неге?

ҮІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Тақырып: Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру.
Білімділік мақсаты: фигураларды бөліктерге бөлу және бөліктерден құрастыруға үйрету;
заттарды түрі, түсі, пішіні бойынша салыстыруға үйрету, ұқсастықтары мен
ерекшеліктерін ажырата білуге төселдіру.
Дамытушылық мақсаты: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту ойын толық жеткізуге
дамыту оқушылардың бойында салыстыру, көздеп ажырату
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: тез ойланып, қорытынды жасауға, байқағыштыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: суреттер,геометриялық фигуралар..
Қолданылатын әдіс: әңгімелеу, көрнекілік, бекіту,ойын, өздік жұмыс.

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.
2. Құрал-жабдықтарын тексеру.
3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
1.Сандар қатарын 1-10 дейін тура және кері атап шығу.
2.Ойын <<Мен саған, сен маған>>
Мақсаты: оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, өз ойын жеткілікті жеткізе білу
дағдыларын жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты: тақтаның алдына шыққан 2 оқушы бір-біріне сұрақтар қояды. Мысалы: - сыныпта неше
қыз бар? Сне нешінші партада отырсың? Т.с.с.
Орындарында жұппен де жұмыс ұйымдастыруға да болады.
Соңында: қандай қызықты сұрақтар қойылды, деп тексеріп шығуға болады.
3.<<Мен не туралы айттым?>> ойыны.
Мақсаты: оқушылар геометриялық фигуралардың сипаттамасын қаншалықты білетіңдерін,
мұғалім сөздерін мұқият тыңдағандарын, ойлау қабілеттері дамыту, шапшаң болуға
жетелеу.
Шарты: Көрнекілік плакатта көрсетілген фигуралардың біреуін мұғалім сипаттайды, оқушылар
тану тиіс.


ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Практикалық кезең: а) оқушылар алдарында жатқан шаршы фигураны талдайды:
- түсі қандай?
- түрі қандай?
- пішіні қандай?
Мұғалімнің нұсқауы бойынша фигураны бүктейді.
- қандай фигура пайда болды?
- неше үшбұрыш пайда болды?

ә) Дәл осындай жұмысты алдарында жатқан үшбұрышпен өткізеді.
Бүктегеннен кейін: - неше және қандай фигуралар пайда болды?
2.Жұппен жұмыс: а) екі үшбұрыштан төртбұрыш құрастыру;
ә) бір үшбұрыш пен бір төртбұрыштан үй салғызу;
б) бір дөңгелек пен бір үшбұрыштан қыз баланы мүсіндеу;
в) бір дөңгелек пен бір төртбұрыштан робот құрастыру;
3. Шығарашылық жұмыс: геометриялық фигуралардан өздері қалаған затты құрастыру.
Тексеру: - қандай затты құрастырдыңдар?
- Ол үшін қандай және қанша фигуралар керек болды?

ІҮ. Білімді тиянақтау.
309245026054051. Оқулықпен жұмыс.
Топпен жұмыс: І топ- адам бейнесі
ІІ топ- зымыран
ІІІ топ- кран

2. Дәптерде жұмыс.
6354140200 Графикалық диктант:
* Дөңгелектің оң жағына үшбұрыш сал;
* Үшбұрыштың оң жағына шаршыны сал;

Ү. Рефлексия.
1078865189230
1.

* Суреттен қандай геометриялық фигураларды көріп тұрсыңдар?
3408045527052. Қазір үй оң жаққа "қарап" түр.
Бір сіріңкенің орнын ауыстырып,
үйді басқа жаққа "қаратып" қой.

3. - Сабақ үстінде немен айналыстық?
- Қандай жұмыс түрі сендер үшін қызықты болды?
ҮІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Тақырып: Пысықтау.
Білімділік мақсаты: алған білімдерін пысықтауға арналған арнайы жұмыстарын жүргізу.
Дамытушылық мақсаты: Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білулерін дамыту. Білімге
деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ойлампаздыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Көрнекілігі: жаттықтыру парағы
Қолданылатын әдіс:ойын, анаграмма, өздік жұмыс.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.
2. Құрал-жабдықтарын тексеру.
3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
1. <<Жасырылған сан>> ойыны
Мақсаты: оқушылардың сан қатарында сандардың орнын қаншалықты білгендерін тексеру,
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, белсенділікке жетелеу.
Шарты: бос торкөздерге жоқ сандарды қою.
1 3 5 10 8 6 0
2. <<Мақалды тап>> ойыны
Мақсаты: пәнге қызығушылықтарын ояту, тілдерін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Шарты: сандардың орнына керек әріптерді қоя отырып, мақалды алып шығу.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
А н ы ң б л с т ү і

1
2
1
2
3
4

7
9
8
10

5
1
6

ІҮ. Жаңа сабақ.
1. Анаграмма: П С Ы Ы Қ А У Т (пысықтау)
- Ендеше, бүгінгі сабақта біз сендермен алдынғы күндері алған білімдерімізді еске
түсіреміз де, не үйренгендеріңді көрсетесіңдер.
2. <<Жаттықтыру парағы>> бойынша жұмыс.
Әр оқушының алдына <<Жаттықтыру парағы>> беріледі.
(Оның басында әр оқушының аты-жөні жазылған, бүгінгі күн көрсетілген және 5 тапсырма берілген. Тапсырмалар оқулықта және <<Жұмыс дәптерінде>> осы сабаққа ұсынған тапсырмаларға ұқсас. Бірақта оқушылар оларды жеке <<жаттықтыру>> парағында орындайды да сабақ соңында мұғалімге тексеруге тапсырады.)
Мақсаты: сабаққа қызығушылығын арттыру, өздігінен жұмыс жүргізе алу қабілеттерін дамыту,
білім деңгейлерін анықтау.
Ү. Қорытынды.
ҮІ. Бағалау.
Жаттықтыру парағы
Аты - жөні:
Жазған күні:

№1

Тең және тең емес кесінділерді тауып белгіле.

№ 2
Үй неше үшбұрыштан құрастырылған?




№ 3
Қызыл жолақты түгелдей жабу үшін ақ жолақтардың нешеуін алу керек?
Ал көк жолақтан қанша алу керек?



№ 4
Қиықтардың қайсысымен сурет жамалады?

№ 5
Суреттегі үшбұрышқа 3 үшбұрыш шығатындай етіп, 1 кесіндіні қалай жүргізуге болады? әр түрлі тәсілмен орында.



Касимова Райхан Баймырзақызы
бастауыш сынып мұғалімі
Бидайық орта мектебі
Уалиханов ауданы
СҚО
Тақырып:<<Көктем аруы>>
Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық, халықтық тәрбие рухында тірбиелеу, ана өнегесінен үлгі алу,
салт-дәстүрлерді бойына сіңіру.
Эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа тәрбиелеу, тазалыққа үйрету.
Көрнекіліктер: шарлар, гүлдер, сыйлықтар, сұрақтар жазылған карточкалар.

Сабақ барысы

Бастау: 8- наурыз - Халықаралық әйелдер күні!
Мереке құтты болсын, қымбатты аналар!
Бүгінгі <<Көктем Аруы>> аты сайысымыз сіздерге арналады!
(Музыка орындалады)
Армысыздар, әлеумет, кеш қонағы,
Бүгін бізде мереке аса мәнді.
Қуанып зер салайық, ей халайық!
Аруларды қошеметтеп қарсы алайық!
(Музыка орындалады)
Аруларды ортаға шақырып отырып, тақпақтар оқу:

Аруларға: 1..Мінезі ашық, жарқын, жүзі жылы,
Түрінен көрінеді ішкі сыры.
.......................... да келді міне өнерлі қыз
Аспаннан шашылғандай күннің нұры!
(Музыка орындалады)

2 .Жас ботаның көзіндей мөлдіреген,
Қызғалдақтай құлпырған кезі ме екен?
Ортаға шықты міне ................. де,
Көктемдегі бәйшешектей уілдеген.
(Музыка орындалады)

3. Қандай әсем көрікті үлбіреген,
Билейді ән әуенімен тебіренткен.
..................... атты аруым шықты ортаға,
Дайындықпен сайысқа бүгін келген!
(Музыка орындалады)

4. Даусы әсем, нәзік әнші .................дай,
Сүйкімді қыз үріп ауызға салғандай.
Өлеңменен алға тартып өз сыныбын,
Қараңдаршы, ................ атты қыз қандай!
(Музыка орындалады)

5. Оқуда алда жүрген бір тұлпары,
Болашақтың басылар бір құмары.
Бүгінгі күн қуантады ұстазын,
Шықты ортаға ................... қыз гүл жұпары!
(Музыка орындалады)

6. Келді міне ................тың,
Өскенінде қуантады ел-жұртын.
Сүйкімді кішіпейіл, қарапайым
Белсенділікпен білімге құштар әрдайым!
(Музыка орындалады)
7. Атына ақылы сай аруым бар,
Қарасаң, қанша үзіліп қанбас құмар,
............... ару, көрсетші өнеріңді,
Тамашалап көңілденіп отырғандар!
(Музыка орындалады)

8. Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты,
Алдымызға келді ару .................. атты.
Парасатты бойжеткен аталамын,
Деп өзінің сыныбын алға тартты!
(Музыка орындалады)

Әділ қазыларға: Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділ қазы алқасын!
(Әділқазаларды таныстыру)

І сайыс: Танысу ( арулардың әрқайсысы алдын
ала дайындалған)

ІІ сайыс: Өнер көрсету ( Қалтадан кез келген
өнерді көрсетеді: өлең айту, би
билеу, ою қию, шаш өру, картоп аршу)

ІІІ сайыс: Сұрақ - жауап
* <<Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба>> кімнің сөздері? Абай
* Ы. Алтынсаринның қай өлеңін білесін? Кел, балалар, оқылық
* Қазақ әліпбиінде неше әріп, неше дыбыс бар? 42 - 40
* Дыбыстардың неше түрі бар? 2
* Өрнек түрлерін ата? Әріпті - санды
* Ойын-есеп: Дүкеннен кеп сабын алдым, оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш, тіс іысқышты тағы да алдым.
Есептеші, сонда бәрі қанша болды қолда бәрі? 6 зат
* Тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков
* Елтаңбаның авторларын ата? Жандарбек Мәлібеков, Шота Аман Уалиханов
* Гимннің авторлврын ата? Ш.Қалдаяков, Жүмекен Нәжімеденов, Н. Назарб.
* Апта күндерін ата. Дүйс, сейс, сәрс, бейс, жұм, сенб, жекс.
* Айларды атап бер. Қаңт, ақп, наур, сәу, мамыр, маус, шіл, там,
қырк, қаз, қар, желт
* Қазақша жыл атаулары. Тышқан, сиыр, барыс,
қоян,ұлу, жылан жылқы,
қой,мешін, тауық ит, доңыз
* 7 қазынаға не жатады? Сұлу әйел, ер жігіт берен мылтық, жүйрік ат, тазы ит, қыран бүркіт, ақыл-білім,.
* Ана туралы мақал-мәтел. Ата көрген оқ ....,Әке
асқар тау, ана- шалқар көл,
ананың ойы ұяда, баланың ойы далада,
Баланың бас ұстазы-ата-ана,
* Жұмбақ ? Маған да, саған да Жақын туыс 5 адам.
3 әріптен тұратын, оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан. Бәрі де өз жұратың
Айтады кәне, кім атын? Ата, ана, аға, апа, іні.
* Батыр қыздарды ата? Мәншүк, Алия.

IV сайыс: Сән үлгісін көрсету. Алдын ала үйге берілген тапсырма.

Соңы: <<Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады>> демекші
Сайысымыз да өз мәресіне жетті.
Сіздер бүгін қыздарымыздың
жан-жақтылығын байқадыңыздар.
Енді қазылар алқасына кезек береміз.

Әділ қазылар есеп бере отырып,
<<Көктем аруы>> атаққа кім ие болғанын айтады,
марапаттау,
құттықтау сөздер.


Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс сабақтар
Сүйікті мұғалім
Дәстүрлі емес сабақтар
Бастауыш сынып оқушыларын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы математика пәніне бейіндеу
Оқушыларды математика пәнінен ұбт-ға дайындаудың тиімді жолдары
Мектеп координаталары
Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі
Өсімдіктердің қандай түрлері болады
Ортақ ұпайы
Жылдық жұмыс
Пәндер