Сабақ жоспарлары: 1-сынып Ана тілі - Кемпірқосақ (сөйлем); 2-сынып Әдебиеттік оқу - Алғыс

Ана тілі, 1- ші сынып.
Тақырып: Кемпірқосақ. Сөйлем.
Мақсаты: Мәтіннің мазмұны арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын
тәрбиелеу, табиғаттың сұлулығын көре білуге, тамашалауға үйрету;
сөздік қорын байыту, анық сөйлеуге төселдіру; сөйлем туралы білімдерін
пысықтап, кеңейте түсу, сызба бойынша сөйлем құрастыруға
жаттықтыру; оқу және жазу дағдыларын арттыру.
Көрнекілік: үлестірмелі қималар, сюжетті сурет, әшекей бұйымдар.
Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, ойын, өздік жұмыс, сұрақ-жауап, сыни тұрғысынан
ойлау.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
(алақанымызды бір-бірінін үстіне қойып,
сәтттілік тілеу)
ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру
- Көркем жазуД-50б - 2-жат
- Талдаулар: дыбыстық, буындық, тасымал
- Сөйлем құрастыру, дәлелдеу (Ереже сұрастыру)
ІІІ. Жаңа сабақ
- Топтарға бөліну, топ басшысын сайлау.
- Жұмыс ережесімен таныстыру.
3. Тапсырмаларды орындау.
№ 1. К аждый О хотник Ж елает З нать,
Г де С идит Ф азан.
(Әрбір сөздің алғашқы дыбысына орыс, қазақ,
ағылшын тілінде түстер келтіру)
Красный - қызыл - red
Оранжевый - қызғылт - oranq
Желтый - сары - elou
Зеленый - жасыл - grin кемпірқосақ
Синий - көк - blu туралы жұмбақ
Голубой - көгілдір -
Фиолетовый - күлгін -
«Болжау» стратегиясы бойынша жұмыс:
- Қандай сурет салар едіңдер?
№ 2. Мәтінмен жұмыс:
а) Мұғалімнің оқуы ( оқу барысында тақтаға суреттер іліп отыру )
ә) Оқушылардың оқуы, сөздік жұмыс жүргізу.
б) Талдау: - Әңгіме ұнады ма?
- Қандай әсер етті?
- Кейіпкерлерін ата.
- Кемпірқосақ туралы не білдіңдер?
Тірек сызба: Жаңбырдан кейін
Күн сәулесі
Кемпірқосақ 7 түсі бар
Түстер ретімен тұрады
Тәжірибе өткізу: Фионит тастары бар әшекей бұйымдарды күннің көзіне
жалтыратып қарастыру.
Қорытынды : ақ түсті тас күн сәулесі тиген кезде әртүрлі түстер береді.
№ 3. Дәптерде өздік жұмыс. Д - 49б - 1жат.
Кемпірқосақ суретіне қарап түстерді көркем жазу. Бағалау.
№ 4. Топтық жұмыс. І-топ: кемпірқосақтың суретін салу;
ІІ-топ: кемпірқосақ туралы өлең құрастыру;
ІІІ-топ: кемпірқосақ туралы 3 сөйлем құрастыру(! ? . )
IV-топ: «кемпірқосақ» сөзінен жаңа сөздер шығару.
№ 5. Тапсырмаларды ортаға салу, мадақтау.
Топ басшылардың жұмыс есебі, сыныптастарын бағалау.
№ 6. Рефлексия
IV. Қорытынды.
- Не білдіңдер?
- Не үйрендіңдер?(оқушылардың жауаптарын қабылдау)
V. Үйге тапсырма: 96-97 беттерді оқу, 153-жаттығу.
Әдебиеттік оқу, 2 сынып
Тақырып: Алғыс. М. Төрежанов.
Мақсаты: мәтіндегі негізгі ойды түсмінуге жағдай жасау;
танымдық, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету;
мейірімділікке, еңбекқорлыққа баулу;
Көрнекілік: жеміс - жидектертердің суреттері, «Күз» тақырыбына
оқушылардың суреттері, мақал - мәтелдер.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері; амандасу.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
1. Жұмбақ: Жиын - терін болатын,
Қамбаға астық толатын,
«Қызыл қырман» ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсын?!
2. Сөз тіркестер: алтын
КҮЗ берекелі
маужыраған
- Қалай түсінесіңдер?
3. Оқушылар үйде дайындаған көкөніс - жемістер туралы
жұмбақтарын айтады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе әңгіме:
Топырақ Ауа
Тұқым Жылу
Еңбек Су
Жарық
2.
АС картасы бойынша жұмыс:
Қан қызыл қызанақ - Пісіп тұрған қызанақ
Майда топырақ - Ұсақ топырақ
Игі еңбек - пайдалы, жақсы еңбек
Жомарт - қолы ашық
Алғыс - ризашылық
3. Мәтінмен танысу.
А) мұғалімнің оқуы Ә) оқушылардың оқуы
4. Мәтінді талдау .
- Әңгіменің кейіпкерлерін атаңдар.
- Әңгіме қалай басталады? Мазмұндап беру.
- Қасым мен Хасен кімдерге алғыс айтты?
Тақтада:
АДАМ
КҮН
ӨСІМДІК
СУ ЖЕР
- Ендеше, нағыз алғыс иесі кім екен?
- Неліктен?
- Дүниетану пәнінен алған білімдеріне сүйене отырып күн, су, жер, ауа
тіршілік үшін қаншалықты қажеттілігін дәлелдеңдер.
IV. Қорытынды.
1. - Әңгіменің негізгі ойы қандай?
- Автор осы ойды не арқылы жеткізді?
- Қандай сөздерде әңгіменің негізгі ойы?
2. Еңбек туралы мақал - мәтелдер келтіргізу, мағынасын ашқызу.
V. Ой толғау.
- Оқулықтағы сурет бойынша әңгімелесу.
- Алғыс алған сәттерін әңгімелеп беру.
VІ. Бағалау. Үйге тапсырма: 43 - 45 беттерді оқу,
диафильм құрастыру.