Бастауыш сыныпта оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, ҚРсы Үкіметінің 2012ж. 25 маусымдағы №832 қаулысымен «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді. Бұл Ұлттық жоспар - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары. Жоспарда мақсат, міндеттер нақты қойылған, ағымдағы жағдайды талдау, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері, білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту, оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту, мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту, ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету, қосымша білім беруді дамыту, күтілетін нәтиже қажетті ресурс нақты көрсетілген. Осы ұлттық жоспарды іске асыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Функционалдық сауаттылық» - ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық - мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады.

Функционалдық сауаттылықтың факторлары:

  • Ғылыми зерттеуді қамтамассыз етіледі;
  • Білім беру жаңартылады;
  • Маниторинг, бағалау өзгереді;
  • Техникалық база жаңартылады.

ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда . Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзіреттіліктің сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген. Тұлға құзіреттілігін дамыту - ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы - оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім - бағыт беруші, ұйымдастырушы. Осы мақсатта мен өз сабағымды Блум таксаномиясы негізінде құрастырамын. Себебі Блум таксаномиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады.

Мақсаттар жүйесі
Оқушылардың когнитивтік іс - әрекеті
Мақсаттар жүйесі: Білу
Оқушылардың когнитивтік іс - әрекеті: Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері
Мақсаттар жүйесі: Түсіну
Оқушылардың когнитивтік іс - әрекеті: Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді.
Мақсаттар жүйесі: Қолдану
Оқушылардың когнитивтік іс - әрекеті: Алған білімді қолданады
Мақсаттар жүйесі: Талдау
Оқушылардың когнитивтік іс - әрекеті: Білімді жай қабылдамайды, талдайды, саралайды, салыстырады
Мақсаттар жүйесі: Жинақтау
Оқушылардың когнитивтік іс - әрекеті: Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады.
Мақсаттар жүйесі: Бағалау(сыни өзіндік пікір)
Оқушылардың когнитивтік іс - әрекеті: Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады, не мақұлдамайды.

С. Торайғыров «Туған еліме»

Біліктілігі
Оқушы іс-әрекеті
Біліктілігі: Білу
Оқушы іс-әрекеті: Зат есім дегеніміз не?
Біліктілігі: Түсіну
Оқушы іс-әрекеті: Жұмбақты оқып шешуін тап. Шешуіне қатысты екі сөйлем құра. Сызбаға зат есім жайлы білгенінді жаз
Біліктілігі: Қолдану
Оқушы іс-әрекеті: Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құра
Біліктілігі: Талдау
Оқушы іс-әрекеті: Мәтінді көшіріп жаз. Зат есімді тап, жалқы, жалпы зат есімдерді ажырат.
Біліктілігі: Жинақтауы
Оқушы іс-әрекеті: Артық сөзді тап. Кітап, дәптер, қайшы, сотка
Біліктілігі: Бағалауы
Оқушы іс-әрекеті:

Шағын эссе жаз

Сенің атын кім? Сенің сүйікті жануарын бар ма? Ол үшін не істей алатындығынды ойландың ба? Жануарларды қорғауға сенің тигізер үлесің қандай?

Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында бес жолды өлең, сурет бойынша әңгіме құрастыру, тақырып төңірегінде өлеңдер құрастыру жұмыстарын жүргіземін.

Мысалы 1 «Бес жолды өлең»

Кім? Әже

Қандай? Қамқоршы, нәзік

Не істейді? Мәпелейді, аялайды, тәрбиелейді

Түйін Мені әжем мәпелеп өсіреді.

Синоним Адам

Мысал 2 «Сөз ойла, көп ойла»

Балықшылар (бал, балық, бақа, лақ, ара, шар т. с. с. )

Мысал 3 «Өлең шығарайық»

Жеріміз . . .

. . . қазақпыз

Еркіндік . . .

. . . жырлаймыз.

Бұл жұмыстардың соңында свот талдау жүргізіп, қорытынды жасаймын.

«Бес жолды өлең» стратегиясы бойынша свот талдау (алғашқы)

Strength (мықты жағы)
Weakness (әлсіздігі)
Strength (мықты жағы): Оқушылар бес жолды өлең құрылымын жақсы түсінді
Weakness (әлсіздігі): Екі сын есім, үш етістік жазуда кейбір оқушыларға қиындық тудыртты
Strength (мықты жағы): Opportunities (шешу жолы)
Weakness (әлсіздігі): Threatening (қауіп)
Strength (мықты жағы): Алынған зат есім бойынша алдын ала сөздік жұмыстар жүргізу.
Weakness (әлсіздігі): Кейбір оқушылардың сөздік қорларының аздығы

Оқушылардың ғылыми ізденушілік жұмыстарын дамыту мақсатында «балық сүйегі», «өрмекші», «әдебиет үйірмесі» әдістерін қолданамын.

Мысалы1: «Әдебиет үйірмесі»

Баяндаушы-әңгімені мазмұндайды

Зерттеуші- әңгімедегі негізгіні анықтайды

Сілтемеші- сөздіктермен жұмыс жүргізеді

Сұрақ құрастырушы- сұрақтар даярлайды

Дәнекер- өмірмен байланыстырады

Бейнелеуші-әңгімедегі негізгі кейіпкерді суреттейді.

Мысал 2: «Балық сүйегі»

Тақырыбы: «Өнер білім бар жұрттар» Ы. Алтынсарин


Ұқсас жұмыстар
Мектеп жуналы
Мектепте тарих сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды қолдану арқылы тарихты меңгерту
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы
Дамыта оқытуды іске асыруда оқушылардың өзін-өзі және өзара бақылай отырып жеке-дара жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жаңа оқыту технологияларын қолдану
Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы
Іштей бағалау - оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау
Инновациялық әдіс - тәсілдерді кеңінен пайдалану
Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары
Piza тапсырмалары кіріктірілген тотығу-тотықсыздану реакциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz