Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Г дыбысы және әрпі
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Г дыбысы және әрпімен таныстыру, сөздегі, буындағы
г дыбысының орнын аңғарту.
2. Сөздік қорын молайту, сөйлемді толық дұрыс айтуға
машықтандыру, өз ойын дұрыс жеткізуге, әңгімелеуге үйрету.
3. Әдемі, таза жазуға баулу, табиғатты сүюге үйрету,
шығармашылық ойын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге баулу,
мәтінді мәнерлеп, жүргізіп оқуға жаттықтырып, өнерге деген
сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Г әрпі, мазмұнды сурет, буындар, гүлдер, касса,
көгершін суреті, т.б.
Сабақтың әдісі:
Сұрақ – жауап әдісі, проблемалық ситуациядан шығу
арқылы жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Десант сабақ
Қолданылған технологиялар:
СТО әдісі, дамыта оқыту, дәстүрлі педтехнология,
ұжымдық жұмыс, топтық технология, жеке жұмыс, т.б.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру жұмыстары
Шаттық шеңберін құру
- Қане, балалар, күнге қолымызды созайық. Күннің жомарт сәулесі ананың
алақанындай аялайды, сипайды, жылытады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді
Болып кетер сонда менің жан – жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен «Барымды ортаға саламын» - деп
сабағымызды бастаймыз.
-
ІІ. Ойын: «Гүл толтыр».
Ортада бос құмыра тұр, сол құмыраға гүл толтырамыз. Ол үшін мына
сұрақтарға жауап беру керек:
А) Ү қандай дыбыс?
Ә) Ү дыбысы бар сөз ойла?
Б) «Кім кінәлі?» - рөлге бөліп орындаты. – Кім сызды мына партаны? –
деп ұстаз бізден сұрады.
Үсенбек айтты:
- Мен емес.
Үміт айтты:
- Мен емес.
Күміс айтты:
- Мен емес.
Жалғыз бұған кінәлі
Елемес үнсіз тұр әлі.
В) Гүл қандай табиғатқа жатады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Г дыбысы және әрпі. Гүл сөзін буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау, гүл
туралы қысқаша мағлұмат беру. Г дауыссыз дыбыс екенін айту. Г дыбысы бар
сөздер: гүл, гармон, гитар, газет, галош, т.б.
ІV. Кітаппен жұмыс:
Бағандағы сөздерді оқу, түсіндіру.
егін, егеу, егіз, сегіз, кереге, бетеге, шеңгел, мезгіл.
«Ақ көгершін» өлеңін оқып түсіндіру.
Ақ көгершін, көгершін,
Қол қанат құс сен едің.
Бар кезіп қайт елімнің
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп
Сенен көзін алмайды
Бақыт құсы болсын деп
Ұшырамын қолымнан.
Авторы жөнінде сөзі: Н. Баймұханов. әні А. Жұбанов.
V. Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынай көп екен.
Теріп – теріп алайық
Қалтамызға салайық.
VІ. Оқушыларға бағандағы сөздерді, мәтінді іштей оқытып алып, тізбектетіп
дауыстап оқыту.
VІІ. Кітаптағы жазу жолындағы сөздерді тақтаға әдемілеп жаздыру.
Г Гүлжан гүл терді.
г гүл егін сегіз кереге
VІІІ. Дәптермен жұмыс.
Г г әрпін әдемілеп жаздыру (ауаға, тақтаға жазып көрсету)
ІХ. Қорытынды : Ойын «Гүл құрастырайық»
(гүл күлтелері мен жапырақтарынан тақтаға гүл құрастыру. Ол үшін
сұрақтарға жауап беру керек.)
Сұрақтар:
1. Тақтаға жазылған сөздерді оқу: егін, егеу, егіз, сегіз, кереге,
бетеге, шеңгел, мезгіл.
2. Білетін жұмбағыңды айт.
3. Қандай мамандықты білесің?
4. Итмұрынның пайдасын айт.
5. Қандай мақал білесің?
6. Г дыбысы бар сөздерді айт.
Х. Қонақ кәде:
МАД тобының оқушысы Аймекен сіздерге қонаққа келіп отыр. Ол «Ақ
көгершін» әнін орындайды.
Оқушылар әнді Аймекенмен қосылып орындады.
ІХ. Жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау. Қонақтарға гүл сыйлау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz