Науқас анасының алғысы: балалар дәрігері Гүлайым Балмұқанқызы Есимованың диагноз қоюы мен оңалтудағы рөлі

Мейірім шапағаты мол жан.

Қызым бала жастан аурушаң болды. Бауыр еті баламның шыбын жанына шипа іздеп, түрлі дәрігер- мамандарға, қала берді емші- балгерлерге апардым. Бірақ балама ешқандай ем қона қоймады.

Міне, осындай баламның ауруына ем іздеп сандалып, қиналып жүрген кезде маған тура жол сілтеп, қызымның дертіне дауа, жанына шипа бола білген жан- Тайпақ ауруханасы директорының орынбасары, балалар дәрігері Гүлайым Балмұқанқызы Есимова болды. Гүлайым Балмүқанқызының арқасында қызыма дұрыс диагноз қойылды. Диогноз кеш қойылды, кеш болса да дөп қойылды. Содан бері қызымның денсаулығы түзеліп келеді . Г. Балмұқанқызының жүзі жылы, жүрегі мейірімге толы, адамгершілігі мол. Әрбір айтқан сөзі, берген ақыл- кеңесі жаныңа шипа. Шынайы құрметке лайық жан. . Г. Балмұқанқызының көмегімен қызым квотамен екі рет Астанаға оңалту орталығына барып ем алып қайтты. Денсаулығы жақсарып, баламның өмірге деген құштарлығы артты, Қызыма қуаныш сыйлаған Гүлайым Балмұқанқызына айтар алғысым шексіз.

Әлі де талай баланың жанына араша болып, ана мен баланың алғысына бөлене беріңіз. Тәңірім сізге ұзақ өмір, мықты денсаулық бергей.

Зор құрметпен : Алтынзердің анасы.

Жанғалиева Қоңырша Амангелдіқызы.

Атамекен ауылы


Ұқсас жұмыстар
Мектепалды даярлық тәрбиешісінің балалар әлемін тәрбиелеудегі рөлі мен міндеттері
Мейірбикелік іс философиясы мен деонтологиясы: науқас құқықтары, қауіпсіздік және кәсіби қарым-қатынас
Отбасындағы балалар: ұл мен қыздың рөлі, тәрбиесі және өзара қарым-қатынасы
Ойынның балалар тәрбиесіндегі рөлі: психологиялық және физиологиялық негіздер
Мектептегі инклюзия және девиантты балалар мен ата-аналармен жұмыс: мектеп психологының рөлі мен тренингтік әдістер
Балалар әдебиеті: мақал-мәтелдердің тәрбиелік және тілдік рөлі - практикалық сабақ жоспары
Балалар ойындарының түрлері мен педагогикалық-дамытушылық ерекшеліктері
Ғабит Мүсіреповтің Ұлпан шығармасы арқылы ұлт анасының бейнесін ашуға арналған қорытынды шығармашылық-ізденіс сабағы
Қуыршақ театрының балалардың жеке тұлғасын дамытудағы рөлі: Талдықорған қаласы Балдәурен балалар шығармашылық орталығы тәжірибесі
Қыз балалар тәрбиесі: отбасы, мектеп және қоғамның рөлі, Тоғжан қыздар клубының жылдық жұмыс жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz