Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Міржақып дулатұлы "шешенің балаларын сүюі" 8 сынып


Тақырыбы: М.Дулатов << Шешенің балаларын сүюі >>

Мақсаты: 1) білімділік: ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекі өкілі М.Дулатов өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып, << Шешенің балаларын сүюі >> өлеңімен таныстыру.
2) тәрбиелік: оқушылардың өмірдегі ең ардақты жан - ананы сүюге,қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
3) дамытушылық:берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсіл : оқыту, сұрақ - жауап, талдау, СТО әдістері, шығарм.жұмыс.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақстан тарихы, музыка
Сабақтың көрнекілігі: М.Дулатовтың портреті, слайд - суреттер, интербелсенді тақта.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Сынып журналына тіркеу.
3. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
ІІ. "Ұтқыр ойдан- ұтымды жауап" /үй тапсырмасын сұрау/
1. Мағжан Жұмабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
2. Ақын қандай жерлерде білім алды?
3. М.Жұмабаевтың алғашқы жыр жинағы қашан, қандай атпен жарық көрді?
4. Мағжан Орынбор қаласында қандай қызмет атқарды?
5. Ақын оқып жүргенде қандай әдеби ұйым құрды?
6. "Түркістан" өлеңінде аталатын жер-су атаулары қандай?
7. "Мағжанды сүйемін. Еуропалылығын, жарқыраған әшекейін сүйемін......." деп ақынға баға берген кім?

Интерактивті тақтадан ана туралы видеоролик көрсетіледі. Осыдан кейін ролик бойынша оқушылардан ана туралы пікірлері, ойлары сұралады.
Мұғалім: біздің қазақ әдебиетінде ана тақырыбына қалам тартпаған жазушы кемде- кем. Ана бізге жарық сыйлаушы, өмірдің тірегі, отбасының ұйытқысы. Ендеше біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз осыған арналмақ.
М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы туралы видеоролик көрсетіледі.
М.Дулатов - Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ ақыны, жазушы, драматург, публицист,ағартушы - педагог, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі. Негізгі мамандығы ұстаз болғандықтан, ол балаларға арнап табиғат, адамгершілік тәрбиесі тақырыбында шағын әңгімелер, өлеңдер жазған. Соның бірі - << Шешенің балаларын сүю >> өлеңі. /Осыдан кейін өлеңді 2 оқушыға оқытқызамын. /

№1 тапсырма
тіршіліктің тірегі отбасының ұйытқысы жарық дүние сыйлаушы

Ана

өмірдің шуағы әлемді тербетуші

мейірімді жан ұрпақ жалғастырушы тәрбие көзі

№2 тапсырма. Оқулықпен жұмыс / сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру/
1. Ақын осы өлеңі арқылы қандай ой айтпақ болды?
2. Ақын ананың балаға деген махаббатын қалай жеткізеді?
3. Қазіргі қоғамда анаға деген құрмет қандай дәрежеде?
4. Ана туралы халық арасында қандай аңыздар бар?
5. Ана туралы қандай даналық сөздер бар?
№3 тапсырма
Талдау- табыс кілті. /Өлеңге сатылай кешенді талдау./

"Шешенің балаларын сүюі".
Авторы: М.Дулатов
Тақырып: Бұл өлеңнің тақырыбы ананың баласына деген махаббатына арналған
Жанр түрі - поэзия ( өлең) Өлең дегеніміз - белгілі бір өлшеммен
қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып
келетін өрнекті сөз жүйесі
Идеясы - автор тақырып арқылы шындық өмір көрністерін суреттегенде,
оны өз көзқарасы,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Идеясы - ананың бар арманы, өмірінің мәні - бала, соның амандығы
Шумақ - аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.
Тармақ -- өлеңнің әр шумағы
Бунақ - белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақ
Буын саны - сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына
байланысты. ( 8,11 буын)
Ұйқас. Өлең тармақтарының соңғы сөзі біріне - бірі ұқсас дыбыстармен
үйлесе келуін ұйқас дейміз. Қара өлең ұйқасы (а,а,б,а)
Арнау - бір адамға, не көпшілікке, не табиғаттың бір құбылысына
қайрыла арнай сөйлеу.Олар кейде лепті сөйлем, кейде
сұраулы сөйлем, кейде риторикалық сұраулар арқылы құрылады. ( Сұрай арнау)
Тұрақты тіркес - төбесі көкке жету, түн ұйқысын төрт бөлу
Эпитет- қамқор анаң, сорлы ана.
Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні - балаға ана қадірін құтыру, ананы сүюге,қамқор болуға, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу

№4 тапсырма. Шығармашылық шыңы - ізденіс.
"Мен анамды сүйемін" эссе жазу немесе өлең құрастыру.

№5 тапсырма.
"Аналар әлемі" семантикалық кесте толтыру

-----
Менің атым- әйел, мына қыздың анасымын! Бәрін де анадан тудыңдар.
Ана керек! О,адамдар ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Жақсы жігіт ел- жұртының қаласындай, Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай
О, алтын апам, талмайтын асыл анам, жолыңа қызғалдақтың бояуы төгіліп, таңғы арайдың нұры шашылсын!
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,Сағынышым - сары ормандай самсаған.
Ана,Сен бақыттысың,Жыламағын!Жай түсіп жатқанда да құламадың
Мұқағали Мақатаев

+

Сүйінбай Аронұлы

+

Ғабит Мүсірепов
+

Төлеген Айбергенов

+

Қарауылбек Қазиев

+

Мұқағали Мақатаев

+
№6 тапсырма . Тренинг- Эпитет /Әр оқушы өз аналарының есімінің бірінші әрпінен басталатын эпитет сөз тауып жазу.

Ақтолқын /аяулы/ Майра/мейірімді/ Талшын / төзімді

Ана

Сара/ сабырлы Сулухия/ сұлу

Жұпар/ жайдарлы Алтын/ ақылды Қарагөз/ қарапайым

ІҮ. Сабақты бекіту. Тест тапсырмалары арқылы оқушылар жауаптарды белгілеп, парталасымен ауыстырады. Осыдан кейін арнайы шкала бойынша бірін- бірі бағалайды.
1. М.Дулатов қай облыста дүниеге келген?
А) Семей облысы Б) ОҚО
Ә) Талдықорған облысы В)Торғай облысы

2. Міржақып қандай оқу орнында оқыған?
А) Орынбор рабфагінде Б) Петербург артеллерия училищесінде
Ә) Торғайда орыс- қазақ мектебінде В)Ахмет- Риза медресесінде.

3. Сол кезеңдегі қазақ оқығандарының бас қосатын орны қай жер болды?
А) Алматы Б) Омбы
Ә) Торғай В) Орынбор

4. Омбыда ол кіммен танысады?
А) Шәкәрім Б) Ахмет Байтұрсынұлы
Ә) Мағжан Жұмабаев В) Жүсіпбек Аймауытов

5. Міржақыптың "Жастарға" деген өлеңі қай газетте басылды?
А) "Түркістан уалаятының газеті" Б) "Серке " газеті
Ә) "Дала уалаятының газеті" В) "Айқап" журналы

6. 1909 жылы қазақ даласын дүр сілкіндірген үш кітап
А) Терме, Азамат, Жұмбақ. Б) Домбыра, Қорамсақ, Көкпар
Ә) Абайдың өлеңдер жинағы, Қырық мысал, Оян қазақ! В) Алтын құс, Алмас қылыш, Көшпенділер.

7. Ел санасын ояту мақсатында А.Байтұрсыновпен бірігін қандай газет шығарды?
А) "Түркістан уалаятының газеті" Б) "Қазақ " газеті
Ә) "Дала уалаятының газеті" В) "Айқап" журналы

8. Автор проза саласында күшін сынап қандай роман жазды?
А) "Бақытсыз Жамал" Б) "Ақбілек"
Ә) "Қалың мал" В) "Абай жолы"

9. Міржақып қай жерде дүние салды?
А) Петербургте Б) Торғайда
Ә) Сосновец бекетінде В) Уфада

10. Міржақыптың анасы?
А) Дәмеш Б) Айғаным
Ә) Жамал В) Ұлжан

Ү. Қорытынды.
Ислам жолы да Ананы бәрінен артық ардақтауды талап етеді. Әділ патшаның: << Құдайдың көңілінен қалай шығуға болады?>> -- деген сұрағына, дана уәзірі: << Анаңды қуанту арқылы >>, -- деп жауап берген.
Шынында да ана- әлемнің тірегі, қазіргі біздің қоғамда әйел- аналарымыз саясатпен айналысып, мемлекеттің дамуына өзіндік үлестерін қосып жатыр. Тіпті сонау тарихқа көз жүгіртсек, батыр аналарымыздың, ақын аналарымыздың, дана аналарымыздың болғандығына көз жеткіземіз. Олар да ер адамдармен қатар соғыста ерлік көрсетіп, тылда аянбай еңбек етіп, даналықтың үлгісін таныта білді. Ендеше бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар аман болсын!

VІ. Үйге тапсырма
1) М.Дулатов << Шешенің балаларын сүюі >> өлеңін жаттау
2) << Қазақ аналары" тақырыбында альбом жасақтау.
VІI. Бағалау
Сабақ үстінде белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

Махамбет атындағы орта мектеп


Үлгілі сабақ тақырыбы:
Міржақып Дулатұлы
"Шешенің балаларын сүюі"

Пән мұғалімі: М.Махметова
Сынып: 8Ә

2013-2014 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Шешенің балаларын сүюі
Өлеңді құрылысына талдау
Ғабит мүсірепов «ананың анасы»
Аяулы жақаң. а. дулатов
Наурыз мерекесіне өлең құрастыру
Асыл сөз мәңгі жасайды
Аяулы жақан
Ата-ананың парызын, өтеу - сенің қарызың
Сәкен Сейфуллин. Наурыз
Отбасындағы қарым-қатынас
Пәндер