Сауысқан мен көкек

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Сауысқан мен көкек»

1«б» сыныбы

Өткізген: Шалхар Рухия

2010жыл

Сабақтың тақырыбы : Заттың атын білдіретін сөздер /3 сағ /
Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушыларды заттың атын білдіретін сөздер туралы
білімдерін тиянақтау. Ертегін мазмұнымен
таныстыру. Мәнерлеп оқуға үйрету.

Дамытушылық : Оқушылардың сөйлеу тілін, ой-өрісін, сөздік
қорын молайту, танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік : Оқушыларды қамқорлыққа, ұйымшылдыққа,
табиғатты қорғауға, құстарға қамқор болу баулу.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, слайдтар, гүлдер
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды сабаққа дайындау.
Оқушыларды түгендеу.

Оқушылар бүгінгі біздің сабағымыз 4 бөлімнен тұрады. Бүл бөлімдерде берілген тапсырмаларды орындау арқылы сабағымыздың мақсатына жетеміз.

I «Ой ашар» бөлімі

II «Ой дамыту» бөлімі

III «Ой жинақтау» бөлімі

IV «Қорытынды» бөлімі

Ой ашар бөлімі:

-Оқушылар жылдың неше мезгілі бар ?

- Қазір жылдың қай мезгілі ?

- Көктем айларын атайықшы

- Наурыз, сәуір, мамыр айында қандай мерекелер бар ?

/ 8-наурыз, 14 -наурыз, 22-наурыз, 1-сәуір, 12 сәуір, 1-мамыр, 9-мамыр 65-жылдық/
-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады ?

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\asa\IMG_2644.jpg

Ой дамыту : Жаңа сабақ

-Бүгінгі жаңа сабағымыз «Сауысқан мен көкек » ертегісімен танысамыз.
Ертегі жөнінде мағлұмат беру.

Ертегі - халық ауыз әдебиетінде көбінісе қара сөз түрінде айтылатын
халық шығармасы.

Шыншыл ертегілер

Хайуанаттар ертегілер

Қиял-ғажайып ертеглілер

Жұмбақ шешу:
Қайталап атымды Құйрығы ұзын, өзі ала,
Ән салып аламын Шықылықтап тұрмайды
Кез келген ұяға Құйрығы ұзын, өзі ала,
Жұмыртқа саламын. (көкек) Бұл қандай құс? (Сауысқан)

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\images.jpg C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\images (2).jpg

Сауысқан мен көкек ертегісін оқу, мазмұнын түсіндіру.

Ертегі соңындағы тапсырмаларды орындау.

Оқушыларға шынжырлап оқыту.

Сергіту сәті:

Ой жинақтау бөлімі

Дәптермен жұмыс

Күннің жады, көркем жазу жазу.

Көркемжазу : Құстар -табиғат көркі.

87- жаттығу. Терме диктант. Диктант ішінен кім ? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу.

88- жаттығу. Қатар бойынша орындау.

I- қатар: Бағбан, омарташы, сауысқан сөздерін буынға бөлу.

II- қатар: Не ? сұрағына жауап беретін сөздерді жазу.

III- қатар : Егінші, бұлт, тырма сөздеріне сөйлемдер құрау.

Шығармашылық тапсырма:

I -нұсқа : Кімдер? Сұрағына жауап беретін сөздер жазу, Аналар сөзіне сөйлем кұрау.
ІІ-нұсқа : Нелер ? сұрағына жауап беретін сөздер жазу, құстар сөзіне сөйлем құрау.
Аналар, Құстар сөздеріндегі дауысты дыбыстарды табу.
Қорытынды бөлім :

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\kak-sohranit-rozy-v-vaze.jpg

Оқушылар біз берілген барлық тапсырмаларды орындап, сабақта мақсатымызға жеттік. Мақсатымызды орындағанымыз үшін бізге апайлардан сыйлық келіпті.

Қандай сыйлық екен көрейікші.

-Балалар біз гүлді қай жерде, кімдерге тарту етеміз ?

-Алдымызда қандай мереке келе жатыр ?

-Олай болса, осы гүлді үйге барып аналарымызға тарту етейік .
Оқушыларды гүлдермен бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Заттың атын білдіретін сөздер
Құстар- біздің досымыз. Балаларды табиғаттағы құстарды баптап, күтуге үйрету
Құстардың алуан түрлілігі
Бәйшешек. Жауқазын
Құстар біздің досымыз
Қанатты достар
Құстар. 4 сынып. бегежанова г.х
Құстардың көктемгі тіршілігі. дүниетану - ашық сабақ
Қарлығаш пен Дәуіт ертегісін балаларға оқып таныстыру
Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz