Рационал сандар. қайталау. 6-сынып

Алматы облысы, Балқаш ауданы
Бақанас орта мектебі
Математика пәнінің мұғалімі:
Аргымбай Мадина Бекқызы
2-күн
Оқушылардың ондық бөлшек туралы білімдерін тиянақтау. Оқушының білімге деген қызығушылығын тудыру, қабілетін анықтау, жүйелі білім алудың қажеттілігін ұғындыру.
Өз мүмкіндігіне сенетін жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағыт беру.
Мұғалімнің
іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, сыныптың тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, бірігіп шешетін жағдай тудырып, оны бірлесе шешуді ұйымдастыру мақсатында оқушыларды
4 топқа бөліп, топ мүшелерін міндеттерімен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Бақылаушыға топ мүшелерінің үй тапсырмасын тексеріп шығуын тапсырады.
ІІІ. Өткенді еске түсіру
Топқа тапсырма беріледі. Әр топ мүшелері өздеріне берілген тапсырма бойынша сұрақтар құрып, қалған 3 топ мүшелеріне қою арқылы сабақ тақырыбын ашады. (оқушылардың өздерінің ұсынған идеясы)
І топ
Бөлшек сандардың ондық жазылуы, оларды координаталық сәуледе кескіндеу және салыстыру.
ІІ топ
Ондық бөлшектерді қосу мен азайту.
ІІІ топ
Ондық бөлшектерді өзара және натурал санға көбейту.
ІҮ топ
Ондық бөлшектерді өзара және натурал санға бөлу.
ІҮ. Тақырыпты практикалық бекіту
Әр топқа оқулық бойынша тапсырмалар берілді.
І топ: №1443 (1), №1444(1)
ІІ топ: №1443 (2), №1444(2)
ІІІ топ:№1443 (3), №1444(3)
ІҮ топ:№1443 (4), №1445(1)
Ү. Сабақты қорытындылау
Сабақты сұрақтар арқылы қорыту.
1. Жазылуы
2. Салыстыру
3. Оқылуы
4. Қолданылуы
ҮІ. Үйге тапсырма: №1443 (5, 6) ; №1445 (2) ; №1447
ҮІІ. Бағалау
Топтар өзара бірін-бірі бағалайды. Жеке оқушылардың үлесі әр түсті фишкалар беру арқылы бағаланады.
«5» - қызыл
«4» - көк
«3» - сары
1. Қандай сан ондық бөлшек деп аталады?
2. Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазуға болады ма?
3. Координаталық сәуледе ондық бөлшек қалай кескінделеді?
1. Ондық бөлшектердің қосу ережелерін атаңдар.
2. Егер азайтқыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен үлкен не кем болса, онда қандай амалдар орындалады?
3. Егер азайғыш пен азайтқыштағы ондық таңбалар саны әр түрлі болса не істеу керек?
4. Натурал саннан ондық бөлшекті қалай азайтамыз?
1. Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеді?
2. Ондық бөлшекті разряд бірліктеріне көбейтуді түсіндіріңдер.
1. Ондық бөлшекті натурал санға қалай бөледі?
2. Ондық бөлшекті бөлу барысында қалдық қалса не істеу керек?
3. Ондық бөлшекке бөлу ережесін айтыңдар.
Әр топтан бір-бір баладан шығып интерактивті тақтада ондық бөлшектердің амалдарын қолданып, есеп шығару жолдарын көрсетті.
Әр топтың бағалау парағы:
Мысалы І топтың бағалау парағы
4-күн
Мұғалімнің
іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Үй тапсырмасын орындай алмаған оқушыларды анықтау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
2. Тақырыпқа қатысты ережелерді сұрау.
ІІІ. Негізгі тақырыпты ашу жұмыс жүйесі.
1. Интерактивті технологияны (диалог арқылы оқыту) қолданумен аталған тақырыптың ережелерін оқушылардың естеріне түсіру.
- санды және әріпті өрнектердің анықтамаларын беріңдер;
- бұл өрнектер жалпы түрде қалай деп аталады?
- қосудың, көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерінің тұжырымдамасын айтыңдар;
- тік төртбұрыштың, үшбұрыштың периметрінің, ауданының, параллелепипедтің көлемінің, жүрілген жолдың, заттың құнының формулаларын сұрау.
2. Практикалық жұмыс
- білімі жақсы екі оқушыға тақтада №1424(1) көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып өрнекті ықшамдап мәнін табу және №1425(1) теңдеуді шешу есептерін шығарту.
- №1427 мәтіндік есепті шығарту алдында оқушыларға ой туғыздыру: ситуация арқылы (ағысқа қарсы, ағыстың бойымен жүзу кезіндегі жүзушінің жылдамдығының өзгеруі) оқушыларды әңгімеге тарту. Есептің шартымен танысып, шешу жолдарын талдау (сыни тұрғыдан ойлауға оқыту)
ІҮ. Бекіту (Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту арқылы)
Сыныпты үш топқа бөліп,
шығармашылық жұмыс арқылы тақырып бойынша оқушылардың білімдерін бекіту. Топтық жұмыс мақсатымен таныстыру.
Топтық тапсырма: Мәтіндік есеп құрастырып, оның өрнегін жазу және шешу.
Топтық жұмыс мақсаты: топ мүшелерінің бірігіп ақылдасу нәтижесінде белсенділігі төмен оқушылардың қызығушылығын арттырып, ортаға тарту. Оқушылардың шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Ү. Сабақты қорытындылау
ҮІ. Оқушыларды бағалау
(Бағалау критерийлері арқылы)
ҮІІ. Үйге тапсырма:
№1424 (2, 3, 4) ; №1425 (2-6) ;
№ 1426; №1428.
Сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын дайындау.
Берілген есептерді шығару барысында қолданылған ережелерді айтып беру. Ал мәтіндік есептің мазмұнын түсініп айту және есептеу жолдарын көрсету.
Оқушылар бір-бірінің жауаптарын толықтыру арқылы тақырыпқа қатысты теорияны естеріне түсіріп тұжырымдап береді.
Тақтада түрлі амалдардың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін тұжырымдамасын айтып, әріптік өрнек арқылы жазады.
Оқушылар берілген геометриялық фигуралардың аталуын, олардың анықтамасын және өлшемдерін анықтау формулаларын интерактивті тақта арқылы көрсетеді.
Жүрілген жол формуласын жазып, түрлендіру арқылы уақытты және жылдамдықты анықтау формулаларын жазады.
3(х+5) +7х, х= 4
Өрнектегі жақшаны ашып, ұқсас мүшелерді біріктіру арқылы ықшамдайды да мәнін табады.
7(х+8) -25=66
Теңдеудегі жақшаны ашып, белгілі сандарды теңдіктің оң жағына ауыстырып, белгісіз көбейткішті (х) табу үшін көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткішке бөледі.
Оқушы есептің берілгенін қысқаша түрде тақтада және дәптерлеріне түсіріп, қайықтың қозғалыс сызбасын сызады.
- Қайықтың меншікті жылдамдығын табу үшін ағыспен және ағысқа қарсы қайықтың жылдамдықтарын қосып, екіге бөледі. (10км/сағ+6км/сағ) /2=8км/сағ
- Ағыс жылдамдығын табу үшін қайықтың ағыспен жүзген жылдамдығынан меншікті жылдамдығын азайтады.
10км/сағ - 8км/сағ = 2км/сағ
Оқушылар деңгейлері аралас үш топқа бөлінеді.
Топ жұмысы нәтижелі болу үшін не қажет екендігін оқушылар атап кетеді (достық, ауызбіршілік, жауапкершілік, белсенділік т. б. )
Бірігіп тапсырманы орындап, біреуі интерактивті тақтада шешімін жазады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz